Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Сүйінші! 10484 2 пікір 7 Наурыз, 2018 сағат 08:34

Алматы-Баян Өлгий бағытында ресми автобус қатынайтын болды

Алматы-Баян Өлгий (Моңғолия) бағытында ресми автобус қатынайтын болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Алматы-Баян Өлгий (Моңғолия) бағытына мемлекетаралық деңгейде жолаушы тасмалдайтын 50 орынды автобус айына екі рет тұрақты түрде жолға шықпақ.

Моңғолиядағы қандастарымыз бен Қазақстан арасындағы байланысты күшейтіп, жол шығынын мүмкіндігінше азайтатын, қарапайым халыққа өте тиімді осы жоба наурыздың 28 күні таңертеңгі 10:00-де. Алматы қаласындағы "Барыс" базарының ("Барахолка") алдынан өз жұмысын бастайды.

Жолай Талдықорған, Сарқант, Үшарал, Аягөз, Өскемен елдімекендерінен жолаушылар алатынын ескертеміз.

Толық ақпарат алу үшін 8 775 860 00 05, 8 777 118 55 55 (Алмат) телефонына хабарласуыңызға болады.

Abai.kz 

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1177
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2702
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 824
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 794