Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5048 5 пікір 9 Наурыз, 2018 сағат 11:25

Енді АҚШ пен Ауған арасындағы жүк тасымалы Қазақстан арқылы өтеді

Парламент мәжілісі 7 наурызда Ауғанстанда тұрақтылық орнату және қалпына келтіруге қатысты Қазақстан мен АҚШ үкіметтері арасындағы Қазақстан аумағы арқылы теміржол арқылы коммерциялық транзиттік жүк тасымалдау туралы келісімге өзгерістер енгізу жөніндегі хаттаманы ратификациялады.

Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын мәжілісте Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов таныстырды.

Әбдірахманов Ауғанстанға тасымалданатын транзиттік жүктің тарифі Қазақстан арқылы басқа бағытта тасымалданатын халықаралық жүк транзиті тарифтерімен бірдей екенін айтты. Келісім бойынша, транзиттік жүк Қазақстанның Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданады.

Әбдірахманов заң жобасын таныстыру кезінде Қазақстан Ауғанстанға осы кезге дейін 50 миллион доллардың көмегін көрсеткенін, оның ішінде мектеп, көпір, жол салғанын және Қазақстанда ауғанстандық бір мың студент оқығанын айтты.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394