2023 жылы цифрландыру жобаларынан 380 млрд теңге пайда табамыз
Қазақстан цифрландыру бағдарламасын қолға алғаны айтылып жүр. Соның ішінде транспорт пен логистиканы цифрландыру барысы жайлы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек егжей-тегжейлі баяндап берді. Бұл туралы primeminister.kz жазды.
Сонымен әуелі ақылы жол жайлы айтайық. Биыл жалпы ұзындығы 469 шақырым болатын Астана — Теміртау, Алматы — Қапшағай және Алматы — Қорғас учаскелерінде төлем жүйесін енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ақы төлеу пункттері ақпараттық жүйе негізінде жұмыс жасайды. Яғни, автоматтандыру жүзеге асырылады. Ақы алу және жинау, жолаушыларды жол жағдайы туралы ақпараттандыру жүйесі енгізіліп жатыр.
Сонымен бірге, мобильді қосымшаны әзірлеу, жол жүру кезінде байланыссыз төлем алу үшін RFID белгілерді және де бейне камераларды, метеорологиялық өлшеу құралдарын, жүргізушілерге арналған ақпараттық тақталарды орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын (ААӨҚ) қолданған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, жүйені енгізудің бірінші жылында құқық бұзушылық фактілері 50–80%-ке төмендеген. Биыл осындай 12 жүйені іске қосу және 2020 жылға қарай оның санын 46-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Жол активтерін басқару жүйесін енгізу жолдардың жағдайы туралы егжей-тегжейлі мәліметтер негізінде жолдарды жөндеу және күтіп ұстау жұмыстарын атқаруға бөлінген шығындарды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Қалаларға арналған ЗКЖ негізгі төрт компоненті анықталған. Оның екеуі барлық облыс орталықтарында міндетті түрде енгізілуі тиіс: «Фото мен видео арқылы анықтау жүйесі» және «Жолаушылар көлігіне мониторинг жасау және электронды билеттермен қамтамасыз ету жүйесі».
«Жол қозғалыстарын басқару жүйесі» бағдаршамдардың дыбыстық басқару көмегі арқылы қиылыстардан өту мүмкіндіктерін арттыруға арналған.
«Тұрақтарды басқару жүйесінің» басты функциясы — жалпы жол-көлік жағдайын қалыпқа келтіру үшін үлкен қалалардың тұрақ орындарын пайдалануды оңтайландыру.
Теміржол саласы да автоматтандырылады
«Теміржол көлігі саласында «Қазақстан темір жолы» ҰК 2018–2022 жылдарға арналған «Цифрлық теміржол» бағдарламасын қабылдады. Бағдарлама аясында негізгі 4 бағыт бойынша 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.
ЗКЖ енгізу және көлік салаларын цифрландыру келесі көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеді:
- Жолдағы көлік апаттары санын 8-10%-ке азайту;
- Жолдағы жүру уақытын 20%-ке қысқарту;
- Ақпаратқа қолжетімділікті 70%-ке көтеру;
- Зиянды шығындарды 24%-ке азайту.
2023 жылға қарай жобалардан түсетін жалпы экономикалық тиімділік 380 млрд теңге болады деген жоспарымыз бар. Міне, министр Жеңіс Қасымбектің Үкімет жиынында жасаған баяндамасының қысқашы мазұны осы болды.
Abai.kz