Вашингтонда Қазақстан елшілігінде американдық дінбасылармен кездесу өтті
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Вашингтонда Қазақстан елшілігінде американдық дінбасыларымен дәстүрлі кездесу өтті,
деп хабарлады елшіліктің баспасөз қызметінен.
2 ақпанда өткен кездесуде христиан, ислам, иудаизм діндерінің басшылары халықаралық дінаралық диалогтың өзекті мәселелерін талқылады. Шараға АҚШ Президенті Барак Обама мен Мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтоннің мұсылман әлеміндегі өкілдері - Президенттің Ислам Конференциясы Ұйымы жанындағы арнайы елшісі Рашад Хусейн мен мұсылман қоғамдастықтарындағы АҚШ-тың арнайы өкілі Фара Пандит қатысты. 2011 жылғы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығы аясында атқарып отырған өркениеттерді жақындастыру жөніндегі жұмыстары осынау жарыссөзге арқау болған негізгі тақырыптардың бірі болды.

Жиналған қауымның алдында сөз сөйлеген Елші Ерлан Ыдырысов, Президент Барак Обаманың мұсылман әлеміне қатысты басымдықтарымен сәйкес келетін Қазақстанның өркениетаралық диалог саласындағы жұмысының басымдықтарына тоқталды. 2011 жылы 11 қыркүйектегі лаңкестік оқиға болған жерге ислам мәдени орталығын салу жөніндегі танымал жобаның авторы имам Файзл Абдул Рауф осы тақырыпты өрбітті. Ол, 11 қыркүйектегі оқиға тек Американы ғана емес, бүкіл әлемді екіге бөлгенін және американ-мұсылман қатынасын дамыту тарихындағы шұғыл бетбұрысты нүкте болғанын атап көрсетті. Негізгі проблема - дінде емес, диалогқа қабілеті жоқ радикалды өкілдерде екенін айтты. «Қазіргі АҚШ пен мұсылман әлемінің арасындағы диалогта радикалдар басым болып тұр және біз бірнеше дін мен мәдени өркениеттің қатар өмір сүру мүмкіндігіне сенетін салмақты және сарабдал мұсылман басшылардың даусына мұқтажбыз. Қазақстан жас та болса, қарқынды дамып келе жатқан ел, өзінің оң энергетикасымен маңызды халықаралық үдерістерге серпін беріп отырған осы ел радикалды риториканың өршуін тоқтата алады», деп атап көрсетті имам өз сөзінде.
АҚШ-тың мұсылман әлеміндегі серіктесі ретіндегі Қазақстанның маңыздылығын атап көрсеткен Рашад Хуссейн мен Фара Пандит, Қазақстанды Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалығының барысында мұсылман елдеріндегі білім беру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды дамытуға айрықша назар аударуға шақырды.