Сенбі, 23 Қараша 2024
Елім-ай 4659 22 пікір 4 Маусым, 2018 сағат 09:18

Әр қазақ баласын ұлтшыл-әскер етіп тәрбилер кез келді

Жапония түкке тұрмайтын жаман аралдарын келешек ұрпақ, кішкентай балаларына уағыздап дәріптегені сол, сол арал үшін кез-келген Жапондық жанын, қасық қанын қиып, соңғы демі қалғанша қырылып күресіп, сол үшін жан-тәнін қиналмай беретіндей дәрежеде, көзін жұмып алға шабатындай деңгейде санасына құйып жібереді екен. Бізде ондай көкірек көзі ашық ұлтшылдар, мықты бағдарламалар, оны насихаттайтын мектептер, саналы мұғалімдер, ең болмаса ұрпақ қамын ойлар зиялы қауым қалмады. Ең өкініштісі осы!

Мұғалімдердің аузын буып, шұқшиған басын көтертпейтіндей қағазбасты етіп бездіріп жіберді. Санаулы ұлтшылдар мен саясаткерлерді түрмеге тоғытып "кімнің кім екенін" сездіріп жіберді. Бізде шалқар Сары-Арқаны, Жетісуды, Алатау, Алтайдың әсем орманды тауларын, өзен-көлдерімізді, аң-құстарымызды, батысымыздың байлыққа толы кең байтақ жапан даласын, Ақтөбе мен Маңғыстаудың небір құпиясы ашылмаған маңғаз тауларын, т.с.с небір құндылықтарымызды білмейтін қазақтың өзі қаншама? Оны ұрпаққа насихаттап жеткізер ата-әжелеріміздің көзі бітті. Риясыз сенген үкіметіміз география мен тарихтың, жас балдырған, сәби-бүлдіршіннің тілін ашатын әліппесінің көзін құртып тынды. Онымен қоймай нәзік жандылардың орамалымен күресуде, яғни Құдай бұйрығына қарсы шығуда! Ондай 100 мектебі құрысын!

Әрине, билік пен оның сұм саясатына солай ету ұтымды, пайдалы әрі тиімдірек болып отыр. Ол - ұрпаққа арналған мақтамен бауыздар дыбыссыз соғыс! Біз ұрпақтың тамырына өз қолымызбен балта шаптық! Обал жасадық, қастық қылдық! Бұл - Құдай алдында да, Отан алдында да кешірілмес ең үлкен күнә! Біз ең бірінші үш тілділікті бір шетке ығыстырып қойып Отаншылдық, ұлтшылдық, елге, жерге, тіл мен дінге, табиғат пен келер ұрпаққа деген сүйіспеншілікті, ұлттық идеологияны болмасына қарамай, қоярда-қоймай еріксіз жұлқып оятып, келер ұрпақтың миы мен қанына терең сіңіруіміз қажет!

Қазіргі қарусыз майданда тек қана ұрпақтың санасын ғана ояту керек! Әр қазақты өз қоластындағы, өз шаңырағындағы ұл-қыздарын мықты ұлтшыл әскер етіп дайындап тәрбиелеуіне шақырамын! Қазіргі ұрпақ "елім, жерім, тілім, дінім, Отаным" дегенді ой-қалыбынан сылып тастап, керісінше "қай тілді меңгергенім маңыздырақ?" деген көмескі сана, дүбара деңгейде қалып бара жатыр. Сөздің шыны керек пе, біз қазір еліміздің рухани азып бара жатқанын, ұрпақтың мәңгүртке айналып бара жатқанын, ұрпақтың уақтанып, ер балдарымыздың нәзік жандыларға ұқсап бара жатқанын, сансыз байлығымыздың шамадан тыс шетке сатылып отырғанын, елді келімсектер басып, өзге ұлттардың билей бастағанын, еліміз көлденең көк атты, әркім бір саритын қоқыс алаңына, ауаны улайтын сынақ полигонына айналып жатқанын, соңғы құндылығымыз "ЖЕРДІҢ" сатылып бара жатқанын көзіміз көріп отырса да дым көрмегендей зағип күй кешудеміз!

Ақиқатты біліп отырып жырлай алмайтын сақауға айналдық! Өсекті естіп тарататын, ал ақиқатты, ащы шындықты ести алмайтын, оны тарата алмайтын нағыз көрсоқыр кереңге айналдық! Жүректі байлық, сатқындық, менмендік секілді нәрселер жаулап алды! Демек, жүрегіміз мақау, тіліміз сақау ұлтқа, мәңгүрттер мекеніне айналып барамыз! 100 мектеп ұрпақтың санасын құлыптау болса, жасыл ел, 100 аурухана саясаты да тегін белгіленбеген. Аурухананы көбейту, ауруды көбейтеміз деген белгі болмақ! Себебі, экономика деп экологияны бұзып, денсаулықты жоюға ашқан соғысымыз ол өз алдына бөлек жыр! Болашаққа бағдар, 100 нақты қадам деген, аждаһаның аузына еріксіз жұтылуымызға қадам бастырып келеді. Яғни, жұтылуға батыл қадам бас дегені секілді. Дәл осылар салауатты өмір салтының көрінісі ме? Ең жеңілі әлеуметтік желіде, интержелі майданында ой-жүйемізді, жанымызды тілгілеген ащы пікірімізді еркін әрі батыл жазуға жүрегіміз дауаламайтын қорқауға айналдық! Бұл өте қатты ойланатын жағдай!

Бізді алаңдататын қазіргі аждаһа қытай болып отыр. Ата-бабамыз шекарадан сығалатпаған бұл милаттың қай жеріне мұқтаж болып қалдық. Өз байлығымыз өзімізді асырауға жетпей отыр ма, әлде саясаттың төркіні мүлдем бөлек пе? "Қазақты құрту саясатының" жүзеге асқанына біраз жылдар болды. Қытайдың бір айласы болса Құдайдың мың айласы бар. Біз әлімсақтан мұсылманбыз! Құдайдан үмітімізді үзбеген халықпыз! Батырлығымыз да жоқ емес. Мына саясат халықты үрейлендіріп, қатты сақтануына, алдын алуына алып келе жатқан сыңайлы.

Бір шал: «әй осы түсім оңбай жүр» деп қақсап қоймайтын көрінеді, ақыры қара есегі өліп тыныпты. Сол айтқандай, алда-жалда қазақты менсінбеушіліктен соғыс оты тұтана қалса, намысты қазақ халқының жалаң қол болса да қайтпай соғысатын қайсар, ержүрек, қаһарлы да жауынгер халық екенін дұшпанның естеріне бір салып қоймақпын! Ел үшін, жер үшін, ұрпақ үшін жан пида, қазақ халқы!

Жалғасы бар...

 Тұрар Шапқара

Abai.kz

 

22 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371