Сенбі, 23 Қараша 2024
Жөн-ақ 4748 2 пікір 15 Маусым, 2018 сағат 11:01

Желтоқсандықтар Алматыдағы қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

Кеше ғана менің "смартфоныма" Алматы қаласындағы желтоқсандықтардан сүйіншілеткен хабар мен құжат келіп түсті.

Сүйінші, сүйіншісін сұраған қазақтың көңілін ешкім, ешқашан қайтарып көрген емес! Сүйіншісін немен, қалай берсем екен?!...

Кеше ғана жан баласының көңілін қайтарып көрмеген басым телефон арқылы қуаныштарына ортақтасып, күрестің нәтижелі болуына атсалысқан азаматтарға ақ көңіл, шын пейілімнен алғыс жаудырудан аса алмаған едім.
Міне бүгін сол сүйіншінің қарымын желтоқсандық - замандастарыма шашу қылып қайтаруға ниет етіп отырмын.

"Оңаймен" жүруді оңайлатқан Гүлбақытпен таныстығымыз 2016 жылы желтоқсандықтардың ЖСДП-ны қолдап, менің мәжіліс депутаттығына кандидат ретінде тіркеліп, Қазақстанның біраз жерлерін үгіт-насихат сапарымен аралаған кезімізде басталған болатын. Кішіпейіл, тапсырылған жұмыстарды барынша ыждаһатпен атқаратынын сары келіншек кімнің де болса көңілінен шықпауы мүмкін емес еді...

Сол қыз автобуспен келе жатып түсетін аялдамасына жақындап қалған кезде билетші жігітке:
- Менде куәлік, - деп сөмкесінің қалтасынан көк түсті құжатын көрсетеді. Жақында ғана жұмысқа орналасқан жас жігіт ұсынылған куәлікті қолына алып, бірден, жол ақыңызды төлеңіз, болмаса, "оңай" карточкасын көрсетіңіз, - деп өктем сөйлеп қоя берді.

- Суретіне қараңыз, маған ұқсайды ма?

- Ұқсайды, бірақ менің онымен шатағым аз. Жол ақысын төлеңіз.

- Бауырым, асықпай не жазылғанын оқып шығыңызшы.

- Менің оқып тұруға уақытым жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысып па едіңіз, болмаса, Чернобылда болдыңыз ба, әлде, Ауған соғысына қатысып па едіңіз, көлікте тегін жүретін? Мүгедекке мүлде ұқсамайсыз,-  деп зуылдай жөнелген жас жігітке:

- Желтоқсандықпын, - деп жай ғана жауап берді.

- Куәлікті ұсынушы адамның "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалану құқы бар. Куәлік мерзімсіз және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады деген жерін оқып бітіп, мына жерде желтоқсандық деген сөз жоқ, біздің паркте бұндай нұсқау жоқ деп басын көтерді.

- Айналайын, куәліктің сериясы, нөмірі, анау екі мөрді мен басты деп ойлайсың ба? Жұмыстан кешігіп барамын, сенбесең смартфоныңа суретке түсіріп алшы.

Жоқ, олай болмайды. Мен контролерді шақырамын. Жол ақыңызды төлеңіз, болмаса менімен "конечныйға" бірге барасыз деп кенеше жабыса кеткені.
Құрысын, қойсыншы бәрін деп қолын бір сермеп, сөмкесіндегі әмиянына жүгірте бере, кілт тоқтады. Автобус толы жолаушылар екеуінен көздерін алмай қарап қалған екен. "Бастықтарыңың бәрін шақырт, бәрін-бәрін шақыр соңғы аялдамаларыңа", - деп бір кездегі Алаң - майдан, жан алып жан беріскен төңірегі толы рухты жастар мен қазіргі мына жағдайындағы автобус ішіндегі өзіне қадалған көздерді көріп, баяғы намысы бір сәтте оянып кетпесі бар ма?

Соңғы аялдамаға кешеуілдетіп келген бастықсымақтар мен "оңай" карточкасын ойлап тапқандардың айтар уәжі болмады, қатып қалған қағида, Заңның иісі мұрындарына да жетпейтін өңшең "шолақбастықтардың" заманы-ай. Оларға сөздің өзі шығын. Ақыры аш құлақтан, тыш құлақ, - деп қолдарына жүз елу теңгелерін ұстатып қоя берді.

Әйтпесе, қолындағы құжаттың 1993 жылы ҚР 14 сәуірдегі №2143-12 "Жаппай саяси қуғын-сүргіндерін ақтау туралы" Заңның аясындағы бір форматтағы куәлік екенін, оған желтоқсандықтардың енгенін, мәслихаттың құзырынан жоғары тұратынын білмеу, көршінің тілімен айтқанда: " Закон обратной силы не имееть" екенін аңдамаулары қандай білімсіздік.
Қай жылдары кезекті сайлау алды бағдарламасында "Ақ жол" партиясы жетекшісі Азат Перуашевтың желтоқсандықтарды автобуста тегін жүргіземін деген бастамасы шығып, мәжіліске ілінгеннен кейін қалып та қойған болатын. Нархозда бірге оқыған Нұртай Сәбильяновтың жайы мынау, желтоқсандықтар жайлы жақ ашатын күні болар ма екен, өзінің? Тым болмаса, Заңдағы 22 баптың 2003 жылғы қаңтар айына дейін не себептен уақытша тоқтатылғанын біліп берсе де жеткілікті болар еді ғой?

Мен олардан 28 желтоқсан 1993 жылғы №591-р ҚР Премьер-Министрінің Өкімінде көрсетілген:

- Қазақстан территориясында тұратын, ақталған азаматтарды жеке тәртіппен оларға көрсетілетін Заң аясындағы жеңілдіктер мен артықшылықтары пайдалану құқы, медициналық көмек, баспанамен қамтамассыз ету, бірінші кезекте, мамандықтарына байланысты жұмыспен қамтамассыз ету керектігін айтып, талап қойып отырған жоқпын. Міне, бүгінгі кешіккенім үшін бастығымның басымнан сипамасы анық, - деп терең ойға сүңгіп бара жатты.

Осылар шынымен Елбасымыз - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 12 желтоқсан 1991 жылғы №540 "Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы" Жарлығын біле ме екен?

Болмаса, Желтоқсан қозғалысы, желтоқсандықтар жөнінде Елбасымыз Н. Назарбаев: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып, айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді», - деп дәл бағалағанын барған жерлерімізде естеріне қашанғы сала бермекпіз, айта-айта қасқырдан да ұят екен?!...

Түйін

"Гүлбақыттардың" ақталуына, Алматы қаласы бойынша сиясы әлі де болса кебе қоймаған құжаттың шығуына "барын" салған желтоқсандық - Бейсенбай Сейфоллаға автор мен желтоқсандықтар атынан мың алғыс! Отыз күн тұтқан Оразаңыз бен Айттарыңыз қабыл болсын!

Айттан айтқа аман жетейік, ағайын!

Құрманғазы Рахметов

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397