Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 6601 19 пікір 5 Шілде, 2018 сағат 12:34

Сол «Құдай» қазақ болса, өз ұлтына неге өш?..

 

Байырғы тележурналист ретінде бұрыннан айтып жүрген ойларымды тағы да қайталағым келеді: Жалпы Қазақстандағы барлық телеарналар: «Қазақстан», «Хабар», «Алматы», «Астана», КТК, 31, НТК, т.б. біраз жыл болды бір ғана қазақ ұлтына қарсы жұмыс істеп келе жатыр (ана орыс тілді шалақазақтарымыз жүргізетін хабарлар туралы айтудың өзі масқара). Бұларға «ана қазақтарды ит қылып қорлаңдар!» деп тапсырма берген кім (кім екенін қу ішіміз сезеді...). Сол «Құдай» қазақ болса, өз ұлтына неге өш?.. Өз мемлекетінің негізгі ұлтын қорлап отырған немесе қорлатып отырған мемлекет бар ма екен әлемде?.. Кілең фонограммамен ғана өтірік ән салатындар, қаптаған қисық ауыз сайқымазақ әртіссымақтар әншейін. Қазақстанның Өнер академиясы тек қана қазақты қорлайтын сайқымазақтарды дайындайтын болған ба өзі? Олардың басында «Қазақстан» телеарнасының «Түнгі студиясы» мен ана түкірігі шашырап, аузы-басы қисаңдап, аузына келгенді көки беретін Қабатовтар тұр (қабатовтар жүздеп саналады). Бұларға біздің мемлекетте: «Әй» дейтін – әже, «қой» дейтін – қожаның болмай тұрғаны қалай? Менің «қалың елім, қазағым, қайран жұртым!..(Абай), бұл тексіздердің бірдеңесін өлтірмеген сияқты еді? Неге өш онсыз да маңдайының соры бес елі менің қайран ҚАЗАҒЫМА? Біздің Қазаққа дәл ана тексіздерден телеарналарды тазарту үшін атқа қонатын уақыт жеткен сияқты. Аттан, Қазақ, атқа қон!!! Сіз не ойлайсыз?

Жұмаш Көкбөрі

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364