Сенбі, 23 Қараша 2024
3994 7 пікір 16 Шілде, 2018 сағат 11:29

Қазақтың иманы бүтін бе?

Осы қазақтың иманы бүтін бе? Иманы бүтін десек, зинаны ерлік дейтін, оны қалыпты байланыс дейтін, кеудесі ашық, саны жалтыр жандар құдды долларын көшеде санап кетіп бара жатқан момын бай іспетті... соңында елдің тұтастығына тікелей қатысы бар отбасын ыдырап, жамандықтар теле жәшік бетінде бірінен соң бірі сырғиды... адам өлімі, дүние талас, т.т... Жаратушысы жазған тағдырын адамның қолына, парақор соттардың құзырына берген, зар жылаған қарапайым өз қазағыңды көруге дәтің шыдамай «31 мен КТК»-ны  еріксіз жабасың. «Хабар мен Қазақстанда» ақ жағалы билік пен көк жағалы орта топтың өмірі мамыражай сияқты болғанымен, иманның еш белгілері байқалмайды. Адам жанының инжинері атанған мұғалімдер, қолы қалт етсе ащы суға бас қояды, оның сөзін кім тыңдайды?

Ал иманы жарты дейін десек, ұлттық құндылықтарымыз, салт-дәстүріміз, мақал-мәтелдеріміз, іс-әрекетіміз, дүние танымымыз, өмірге көзқарасымыз ше? Қазіргі «кредитпен өмір сүретін» қазақтарды айтпағанда, оңтүстік өңірде жаназада марқұмның атынан туыстары, ине-жіп сабақтап, теберік етіп таратып, қарызы қалмасын дейді. Күнәсы жуылсын деп сансыз дән шашады. Кедейлерге жанды мал және су жаңа киімдер таратады, жиналған елге еселеп ас береді. Ақыретін ойлаған тақуалық, бұл.

Иә,, біз бүгінде зайырлы мемелекетпіз. Сонда осы құтты мекеннің 70 пайызын құрайтын қазақтар мен түркі тектес т.б  халықтар мұсылман емес пе? Ал Ислам ақыл есі дұрыс, өзін  мұсылман санайтын, балиғат жасына толған адамдарға діни үкімдерін жүктейді.\1.12\ Аузында құлшылығы болмаса, бейне жылуы жоқ от сияқты. Мұсылмандыққа мән бермеген- мұсылман емес. Кімде-кім аузымен, аяқ-қолымен біреуге зиян келтірмесе, өз айналасына ісі­мен, сө­зі­мен, көр­кем мі­не­зі­мен өнеге болса сол мұсылман.

Мешіттегі жамағаттың кейбірі сыртқа шыға өсекті өкіртіп, ұсақ күна жасаудан арланбайды. Сақалды жігіттер әр жерде бүлік тудырып, елдің үрейін ұшырады, Қазақтың қызын алғалы келген арам ниетті қара қытайдан емес, өз бауырымыздан өзіміз қорқатын күйге жеттік....Ойланасың, ойға шомасың...

Сүйікті Пайамбарымыз пайғамбарлықтың алғашқы он неше жылында неге «таухид мәселесін» дәріптеді? Сөйтсек жарықтық пайғабарымыз бізге мына бір қағиданы ұғындырған екен. Адам үй салу үшін әуелі ірге тасын жақсылап қалап, сосын ғана үйін салса, үйі ұзақ жылға шыдас беретін сенімді баспана болатыны сияқты, бізге де  ең бірінші«Сені жоқтан бар еткен, бір Аллаға сен, Мұхаммед(с.а.у) оның елшісі екенін»  шынайы жүректен өткізіп, тілмен айт, міне бұл иман деді. Өз айналасына жәй ғана уағыздаған жоқ. Сенімдерін шегелеп шыңдады. Содан да күні бүгінге дейін аттары алтын әріппен жазылған саңлақ Сахабул Кирамдар шықты. Солардың себеп болуымен бүкіл әлемге Ислам діні жайылды.

Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабаларымен мешітте отырғанда ақ киімді жас жігіт келді, пайғамбарымыздың тізесіне тізесін тигізіп отырып, пайғамбарымыздан үш сұрақ сұрады.1. Иман деген не?  Пайғамбармыз: Иманның шарты алтау, олар: Алла тағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күініне, тағдырға және жақсылық пен жамандықтың Алла тағаланың жаратуымен болатынына сену. Өлімнен соң тірілу хақ. Алла Тағаладан өзге құдай жоқтығына және Мұхаммед(с.а.у) Оның құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік ету.

Ақ киімді жігіт дұрыс деп өзі төрелігін айтты. Сахабалар таңдана қарап отырды, өздері білетін осы өңірдің адамы емес, алыстан келген сияқты. Бірақ кимінде еш шаң жоқ, алыстан келгенге тағы ұқсамайды, үнсіз сөз соңын күтті. Әлгі жігіт Ислам деген не деп екінші сұрағын қойды. Пайғамбарымыз Исламның шарты бесеу, олар: шаһадат кәлима айтыу, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, қажылыққа бару дегенде ақ қиімді жігіт тағы да дұрыс деп мақұлдады.

Ихсан деген не? Деп үшінші сұрағын қойды. Пайғамбарымыз қай кездеде Алла сені көріп түр, сенде Алланы көріп тұрсың, сен Алланы көрмесеңде, Алла сені көріп тұрғанына шынайы сену деді.  Ақ киімді жігіт тағы да дұрыс деп мешіттен тез шықты. Сахабалардан пайғамбармыз сендер бүл жігіттің кім екенін білдіңдерме деп сұрады. Оны Алла елшісі біледі деп бір ауыздан жауап берді. Ол Жәбірейіл періште деді.

Егер кімде-кім иманның 6 шартының біреуін қабылдамаса, иманның барлық шартын жоққа шығарған болады. Солай мұсылмандықтан шығады.\2,9\

Исламның бес шартын, иманның негізінде орындап жүрміз бе? Ихсанымыз қалай? Алладан шынымен қорқамыз ба? Өзімізге сұрақты осылай қойып, аз-кем ойлансақ...

Алланың жартақан кез-келген, жанды-жынсыз заттарынан Жаратушыны тануға ұмтылуымыз керек. Айталық, аяқ астыңда мыжылып жатқан топырақтың бір шымшымын жер бетінің барлық ғалымы, бар ғылымын салып, дәл сондай топырақ жасай ала ма? Анау ғылымы асқан жапондар роббот сир жасап, тек шөптің сөлін сығып алмады ма? Кіп-кішкене қара құмырысқаның біреуін  қолдан жасап, жан сала алады, жансыз жұмыртқан жанды балапанды кім шығара алады.....  Жерді біз қанша таптап жүрсекте, жер бізге еш ренжімейді, керісінше сабырлы қалпын жазбастан, бізге төсек бола береді. Ең соңында біздің бет бейнеміз топыраққа ұқсап, соның бауырына барамыз. Кішкентай бал арасы мың жылда бұзылмай, қалпын сақтайтын балды адамзатқа қалдырады, олардың тәртіпшеңдігі мен еңбекшілдігі адам баласына мәңгілік сабақ. Ымырасыз басы бірікпес қара шыбынның құрт тышып, жүрген жерінің ең сүйкімсізі екендігі бізге «бірлік бар жерде тірлік бар» дегенді айғайлап тұрғандай. Бір айғырдан ала да-құла да туады. Бір әке-шешеден, бір ұстаздан білім алған, бір үйдің баласы әр түрлі болады. Міне мұның бәрі ойланған адамға үлкен сабақ. Демек Алланы барлық кезде, барлық жерде тани алуымыз «таухит» болып саналады.

Дін әрбір адам баласына, ақыл иесіне өз қалауы бойынша дүние және ақыретте нағыз бақытқа жеткізетін илаһи жүйе. Тұңғыш адам әрі тұңғыш пайғамбар Адам (ғ.с)-нан бастап, Алла тағала адамзатқа Пайғамбарлар мен кітаптар арқылы тура жолды нұсқап отырған. Негізінде жіберілген діндердің барлығы- Ислам. Бұл иләһи діндер кейіннен негізгі қалпын жойғандықтан, Алла тағала Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа(с.а.у) арқылы ақиқат діндердің ең соңғысы әрі ең кемелі қазіргі Ислам дінін түсірді.\2.6\

Адамның екі иығында Кирамән Кәтибин атты екі періште жақсы жаман барлық іс-әрекетіңді қалтықсыз жазып отырады.

Қәбірден кейінгі өмірге сенбейтіндер, ұйқтағанына сенбейтін сияқты. Ұйқының өзі кіші өлім деген пайғамбарымыз ұйқыда адамның тәні төсекте қалады да, рухы(жаны) рухтар әлеміне ұшып кетеді. Барлық рухтар мен кездесіп, сонда жүреді, солай түс көреміз. Алайда әлі де «ол жаққа кім барып келіпті деп» отыратын мүйізі қарағайдай, нәпісі денесіне симай тұрған дүнелік  ғалымдар жетеді арамызда.

Алайда біз адамдар рухтың қалауы емес, нәпсіні тыңдап жүрміз. Адам жанының азығын ізгі амалдар береді. Ал нәпісі азығын шайтан береді. Ертеде Бәнни Исрайыл қауымынан бір тақуа жетпіс жыл ораза ұстап, жеті күнде бір ауыз ашып, Жаратушыдан бір нәрсе сұрады. Онысы маған адамды азғыратындардың тірлігін көрсетші деу еді, дұғасы қабыл болмады. Жетпіс жылдан соң менің дұғамның қабыл болмауындағы менің қателігімді көрсетші деді. Осы дұғасына Жаратушы риза болып, алдыңғы дұғасын қабыл етті. Сонда қаптаған қалың қара шыбын нәжіске қалай қаптаса, олда сондай адамға шабуылдайтыны көріп шошып кетті. Міне, осыдан шайтан малғұнның адамды қалай азғыратынын анық көреміз. Шы­нындa, сіз өзі­ңіз­ді aқыл­ды, пaрaсaтты aдaммын деп ойлaйсыз бa? Ондa сіз Аллaны тa­ни­сыз, Оғaн бaс иіп сәж­де­ге ке­ле­сіз. Адaмды Аллa екі түр­лі эле­ме­нт­тен жaрaтты: то­пырaқтaн (зaттaн) жә­не рухтaн. Адaм зaт пен рухтaн жaрaлғaн жә­не ол ешқaшaн бір-бі­рі­нен бө­лін­бейді. Осы екеуі­нің қaже­ті үшін aдaм өмір сү­ре­ді. Егер зaтты (тән­ді) aзықтaндырмaсa, aдaм aштaн өле­ді, aл егер ру­хын aзықтaндырмaсa, ті­рі өлік­ке aйнaлaды, шайтанға жем болады. Рух­тың aзықтaнaр кө­зі ислaм ілі­мін­де жaтыр. Таухитімізді шыңдап, иманымызды бүтіндейік Алаш баласы!

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Нұрлан Анарбаев., Еркбұлан Қарақұлов. Ислам ғылымхалы (Әбу ханифа мазһабы бойынша).-Алматы:2011.-704 бет. (ҚР Мұсылмандар діни басқармасы бекіткен)
  2. Хасен Арыкан; Түрік тілінен ауд:А. Кешкилов. Бейнелі мұхтасар ҒЫЛЫМХАЛ (Ханафи мәзхабы бойынша негізгі дінни мағұлматтар).-Алматы: Алтын парақ, 2017.-188 бет. (ҚРМәдениет және спорт минстрлігі дін істері комитеті және ҚР Мұсылмандар діни басқармасы бекіткен)

Нұрхалық Абдырақын

ҚазҰУ Шығыстану факультеті

Қытайтану кафедрасының аға оқытушысы, PhD

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454