Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Саңлақ 6383 0 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 10:56

Қазақстан студенттер құрамасы Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Алматы қаласында өтіп жатқан студенттер арасында футзалдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды prosports.kz.

Қазақстандық футзалшылар ширек финалда Аргентина құрамасын 6:2 есебімен ұтты.

Еліміз студенттер құрамасы сапынан Владислав Черномордов, Ұлан Жақсылықов, Біржан Оразов, Ерсұлтан Сағындықов, Арнольд Кнауб және Асылжан Алин қатарлы ойыншылар гол соғып, көзге түсті.

Қазақстан құрамасы жартылай финалда Португалия футзалшыларымен кездеседі.

Жартылай финалдық кездесу бүгін, 24 тамыз күні өтеді.

Студенттер арасында футзалдан әлем чемпионаты. 1/4 финал.

Қазақстан – Аргентина – 6:2

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1129
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2661
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 779
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 746