Сенбі, 12 Қыркүйек 2026
Саңлақ 6049 2 пікір 24 Тамыз, 2018 сағат 12:39

Азиада-2018: Бүгін боксшыларымыз шаршы алаңға шығады

Төрт жылда бір өтетін Жазғы Азия ойындары биыл Индонезия астанасы Джакарта қаласында өтіп жатыр. Сары құрлықтың басты бәсекесінде еліміз атынан 400-ден аса спортшы бақ сынауда.

Бүгін өнер көрсететін қазақстандық спортшылар қатарында былғары қолғап шеберлері бар. Бокс спорты кез-келген байрақты бәсекеде біздің елге жүлде сыйлап келеді. Мырзағали Айтжанов шәкірттері биыл да Джакартадан құр қол қайтпайды деп сенеміз.

Шаршы алаңға алғаш болып 52 келі салмақ дәрежесіндегі Азат Махметов, 69 келідегі Асланбек Шымбергенов және 57 келідегі Сәния Сұлтанқызы шығады.

Азат Махметов алғашқы айналымда Біріккен Араб Әмірлігінің өкілімен кездеседі.

Асланбек Шымбергеновтің қарсылас - индонезиялық боксшы.

Ал Сәния Сұлтанқызы шри-ланкалық спортшымен кім мықтыны анықтайды.

Боксшылар додасы Астана уақытымен сағат 13:00-де басталады.

Еске сала кетейік, еліміз спортшылары алғашқы алты жарыс күнінде 2 алтын, 7 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды. Алтын жүлдеге емсерлесуші Дмитрий Алексанин мен велоспорттан Алексей Луценко қол жеткізді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1093
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2638
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 765
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 730