«Операциялар кезінде барлығы 87,5 мыңнан аса содыр жойылып, 1411 елдімекен және Сирия территориясының 95 пайыздан көбі азат етілді» деген Шойгу.
Министрдің айтуынша, Сирия тұрғындарының 90 пайыздан астамы тұрып жатқан территорияны сириялық үкімет бақылауында ұстап отыр.
Шойгудың Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациясы (АСЕАН) қорғаныс министрлерінің Сингапурдегі кеңесінде сөйлегені туралы хабар түрлі бұқаралық ақпарат құралдарына түскен. Бірақ Шойгу Сирияда қанша ресейлік әскери қызметкердің қаза тапқаны туралы ешқандай мәлімет келтірмеген.
Ресей Сириядағы әскери операцияларға 2015 жылдан бастап ресми түрде қатыса бастаған.
Ресми деректер бойынша, Сирияда 2015 жылдан бері 91 ресейлік әскери ажал құшқан. Соның арасында 39 адам биыл наурызда әскери-көлік ұшағы апатқа ұшырағанда мерт болған. Бұл тек ресейлік қарулы күштер қызметкерлеріне қатысты деректер. Сириядағы соғысқа жеке меншік әскери топтардың құрамында қатысқан ресейліктер туралы мәлімет бұл есепке енбеген.
Abai.kz