Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4541 7 пікір 26 Қазан, 2018 сағат 15:07

Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссияның отырысы өтті

Бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы  Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Кеңестің жұмыс күн тәртібі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың және бағдарламаны басқару кеңсесінің қызметін ұйымдастырудың нәтижелерін талқылауға арналды.

Ұлттық комиссияның төрағасы отырысты аша отырып, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттарын іске асыру аясындағы ерекше маңызын атап өтті.

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалуын жаңа мазмұнмен және бағыттармен толтырудың маңыздылығын атап өтті.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, таяу уақытта жаңа «Ауыл - ел бесігі» және «Өз жеріңді танып біл» жобалары іске қосылатын болады, олар ауылдық аумақтардың дамуына қосымша серпін бермек, - деп атап өтті Ә.Исекешев.

Комиссия отырысында сондай-ақ О.Оразалин, А.Балаева, Д.Абаев, А.Евниев, Д.Калетаев, А.Мұхамедиұлы және Р.Кенжеханұлы сөз сөйледі. Бейнебайланыс режімінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері тыңдалды.

Талқылаулар қорытындысы бойынша Ұлттық комиссияның төрағасы Үкіметке 2018-2019 жылдарға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірыңғай жоспар әзірлеуді, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жаңа «Ауыл - ел бесігі» әлеуметтік жобасын іске қосуды тапсырды.

*  *  *

Өңірлер басшыларына жергілікті жерлерде бағдарламаның тапсырмаларын барлық басымдық бағыттары бойынша нақты мақсаттар мен нәтижелерге қол жеткізуге көңіл бөле отырып іске асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Айта кетерлігі, Ұлттық комиссия ҚР Президентінің Жарлығымен қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру, елдің одан әрі ілгерілемелі мәдени-гуманитарлық дамуын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Комиссия құрамына танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, журналистер, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігінің өкілдері, Үкімет мүшелері, өңірлердің, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, саяси партиялар өкілдері кірген.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5374