Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 5108 4 пікір 1 Қараша, 2018 сағат 11:03

Сот пәрмені мұнай қалдықтарын тазалатуға жетпей отыр

Бұдан бірнеше күн бұрын Құлсарыға Атыраудан "Ақ Жайық" газетінің тілшісі Ләззат Қаражанова іс сапармен келіп кетті. Қала төңірегіне шлам, мұнай қалдықтары төгілген "Жаулыбай" бейіті маңындағы 3-нысанға барды. Мұнай қалдықтарын қала іргесіне төгіп кеткен, төктірген және қылмыскерлерді әлі күнге дейін қорғап отырғандардың бәрі - халықтың, ұрпақтың жаулары! Ал қалайша мұны құқық қорғау қызметкерлері аспаннан бүгін салбырап түскендей аң-таң кейіпте білмей қалады. Демек, бәрі сыбайлас, болмаса тиындарын алып алған.

Жалпы экологияға орасан зияны бар бұл мұнай қалдықтары өткен 29-қыркүйекке дейін алынуы тиіс болатын. Соттың шешімі бар делінген. Әкім-сәкімнің бәрі бұл жерге келіп өз көздерімен көріп кеткен. Алайда, сол баяғы құр уәде, сол баяғы алдарқатып шығарып салу, сол баяғы қу шөппен ауыз сүртуден әріге бара алмай отыр!

Өз дегенін заңмен жасата алмаса, сот пен әкімдер  сонша лауазымдарымен неғып отыр? Оның қасында қарапайым қоғам белсендісі, 2-топ мүгедегі, 2-ауылдың тұрғыны Мұқанбетқали Өркенбай шыбын дауысы шырылдап, бар шындықты жайып салып тілшіге сұхбат берді. Жалпы, билік халықты менсінбейді екен. Зардаптары сол халықтан болмасына кім кепіл? Халық осы мәселенің тезірек шешілгенін қалайды?

Тұрар Шапқара 

Abai.kz

 

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322