Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әдебиет 6355 2 пікір 15 Қараша, 2018 сағат 17:06

«Өзімізше отырайық» атты әдеби кеш өтеді

Ертең, 16 қараша күні Жазушылар одағында жазушы Дәурен Қуаттың «Бөрісоқпақ» және ақын Әлібек Шегебайдың «Ақ жауын»  атты кітаптарының тұсаукесері өтеді.

М. Қашқари атындағы және Ғ. Мүсірепов атындағы сыйлықтардың лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуаттың бұған дейін «Әлқисса» атты прозалық кітабы жарық көрген. Ертең тұсауы кесілетін «Бөрісоқпақ» кітабына оқырман қауымға жақсы таныс "Тас монша", "Кірекей-Күнекей", "Мүйіз тарақ" сынды әңгімелерімен қатар әлі көп ешкімнің көзіне түспеген соны шығармары еніп отыр.

Ал «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Қазақ әдебиеті» газетінің жауапты хатшысы Әлібек Шегебай бұған дейін оқырмандарына «Алакеуім», «Әйнекке түскен сәуле» қатарлы жыр жинақтарын ұсынған.

Кешті Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, ақын Бақыт Беделхан жүргізеді. Еркін Шүкіман, Ерлан Төлеутай, Ершат Қайырхан сынды сал-серілер әннен құттықтау жолдайды. Ең қызығы, кеш иелері де бірі домбырамен, бірі гитарамен ән шырқайды.

 Өтетін жері: Жазушылар одағы

Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 105,

Басталуы: сағат 16:00

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5630