Ғабит Мүсіреповтың Раиса Мұхамедияроваға жазған хаты
22.09.1962 жыл
Қымбатты ММ, РР!
Әңгімені жер бетіндегі тұңғыш еркек Адам сияқты әйелге сөз айтудан бастайын. Адресің қайда? Менің дауысым саған жете ме? Мен саған адресіңді толық жаз деп едім ғой. Саған қалай хат жазамын?
Әрине, саған бәрібір, өйткені, сені ойлайтын, бір сәт те естен шығармайтын адам бар, ол сен үшін мәңгілік! Қазір ол сенен қашықта болса да сен туралы ойлап, сені сағынып, мазасы кетуде. Сені іздеп таппай, жаны жай табар емес. Сен жүрген қаладағы барлық қонақ үйлерге телефон соғып іздесе де таппады. Қайда жүрсің, менің Қара қызым!
Кеткелі бір апта болды, хабарың жоқ, жеделхатпен үйге адресіңді хабарла, өтінемін. Аэрофото ма, теле-космоспен бе, тез хабар бер! Бұл үйде қалған сенің ең қымбат адамың үшін өте қажет.
Сенің жаның қандай таза, ММ! Тіпті, кейде сәбидей томпиып, өкпелеп қалғанда да өте сүйкімдісің. Кінәлі болмасаң да кінәлі жандай мойындай салатын әдетің ше?! Мұндай қылық көп адамда кездесе бермейді. Әйтеуір мені кінәлаудан қашан да аулақ тұрушы едің. Жалғыз адам ойшыл болады екен. Тезірек оралшы, ММ.
Саған үш нәрсе тілеймін: біріншіден — ауырма, екіншіден — жұмысыңның сәтті аяқталуын, үшіншіден — өзіңнің сүйіктіңнің құшағына оралуды.
Мәңгілік сүюші М.М.Ғ.
"Мәңгілік" деген сөзді осы уақытқа дейін ешкімге айтқан жоқ едім…
Әсет Ақмолданың facebook парақшасынан
Abai.kz