Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 8031 26 пікір 24 Қаңтар, 2019 сағат 16:12

Хазарлар Кавказға қалай барды?

Ресей тарихшыларының айтуынша, хазарлар VI ғасырда қазіргі Дағыстан аймағында отырған, сол ғасырда Иран патшасы Хосрой Ануширван олардың тұтқын болған бір тобын қазіргі Азербайжан аумағына қоныстандырған. Содан кейін VII ғасырда (626 жылы) Тбилисиді басып алған «қысық көз әрі жалпақ бет түркілер» – Дағыстаннан барған хазарлар қазіргі Дағыстанда Хазар қағанатын құрған, оның құрамына біздің Батыс Қазақстан аймағы да енген. Орыстар осылай дейді! Шынайылығын батыс ғалымдары ғана емес, орыстың академик Бартольд тәрізді ұлы ғалымдары да мойындаған араб тарихшысы Ибн әл Асир деректері болса, хазарлар тарихының мүлде басқаша екенін айғақтайды.

«Во дни его (Кобад, правил 489-531 г) выступили хазары и вторглись в его страну и дошли до Динавера. И послал Кобад против них военачальника, одного из своих великих военачальников, во главе двенадцати тысяч. И вступил он в страну Аррана и завоевал то, что между рекой, известной Аррас до Ширвана. Вслед за тем, Кобад двинулся за ним и построил в Арране город Байлакан и город Барда’у, главный город всего края, и другие. А хазары остались (там). Затем он построил преграду Аллана между областью Ширвана и воротами Аллана. И построил над преградой много городов, которые были разрушены после постройки Баб-ал абуаба...» делінген Ибн әл Асир жазбасында. Мұнда Кобад билеген заманда (489-531 жылдар) хазарлардың Иранға басып кіргені айтылады. Ол кезде Иран мен Эфталидтер жиі қақтығысқан, эфталидтердің отаны қазіргі Түркіменстан аймағы екені белгілі. Хазар – қазіргі түркімендер құрамындағы үлкен тайпа.

Эфталидтер сол ғасырларда Ауғанстан аумағын да биледі. Ондағы хазарей халқы сол заманда қазіргі Түркіменстан аймағынан барған хазар тайпасынан қалыптасқан (жергілікті пуштун, дари халықтары ықпалымен кейін жартылай иран тілді болып кеткен). Осы деректер хазарлардың қазіргі Түркіменстан аймағынан шыққанын айғақтайды. Яғни, Иранға басып кірген хазар тайпасы қазіргі Түркіменстан аймағынан шыққан. Кобад оларға мықты қолбасшысын үлкен әскерімен жібергенін, сосын Иран әскері Арран аймағына, яғни Закавказьеге басып кіргенін айтады Ибн әл Асир (Аракс өзені мен Ширван аймағы арасын жаулап алған). Кобад сол жерлерде шекаралық бекініс қамалдар салдырғанын, ол бекіністердің кейін әл Баб қаласы салынған заманда бұзылғанын және хазарлардың Закавказьеде қалып қойғанын жазады. Оның «а хазары осталис (там)» деуі хазарлардың әуелде ол жердің халқы емесін, яғни Иран жеріне Кавказ аймағынан бармағанын, керісінше өзге аймақтан барып Закавказьеде қалып қойғанын меңзегені. Кобад қазіргі Түркіменстан аймағынан Иранға келген хазарларды бағындырып, оларды Закавказьені басып алу жорығында қолданған деген орынды. Қалай болғанда да, Ибн әл Асир хазарлардың қазіргі Азербайжанға VI ғасырда Иран жері арқылы барып орныққанын айқын көрсетеді. Ғалымның «Аракс өзені аралығы мен Ширванға дейін»,  «Кобад онда Байлакан мен Бардау қалаларын салды», «ал хазарлар (сонда) қалды» деген деректері ол аймақтың қазіргі Азербайжанның оңтүстік-шығыс өлкесі екенін айғақтайды.

Алайда Ресей ғалымдары әдеттерінше деректерді өз қажеттеріне қарай бұрмалап түсіндіреді. Олар: «Хазарлар 556 жылдары Савир әскері құрамында Дағыстаннан барып Иранды шабуылдады, оларды жеңген Хосрой хазарлардың бір бөлігін Закавказьеге қоныстандырды» деп түсіндіреді. Осылайша Кобад билеген заманда болған оқиға (523 жыл) мен оның баласы Хосрой Ануширван заманындағы оқиғаны (556 жыл) біртұтас көрсетуге тырысады (арасы – 33 жыл). Шындық олай емесін мынау деректер айғақтайды: Кобад патша 531 жылы қайтыс болады (VI ғасыр басында), орнына ұлы Хосрой Ануширван отырған (531-579 жылдары). Ибн әл Асир сол Хосрой Ануширван заманында абхаз, банджар, баланджар дегендер Иран еліне жорық жасағанын, олар әуелі Арменияны басып алғанын былай баяндайды: «И собрались абхазцы и банджар и баланджар с целью (напасть) на его (Хосрой Ануширван, правил 531-579 г) страну и направились в Арминию, чтобы напасть на ее жителей, а путь (туда) был легким. И дал им (Хосрой) время (до тех пор), пока они не углубились в страну. И послал против них войска и они сражались с ними и уничтожили их, за исключением десяти тысяч человек, которые были взяты в плен и поселены в Азербайджане».

Тарихшылардың пікірінше, Иран жеріне шабуыл жасаған – Савир әскері және бұл оқиға 556 жылы болған. Ибн әл Асир жазбасының орысшасында абхаз, банджар, баланджар деп көрсетілгендер Савир патшалығындағы халықтардың атауы, олардың арабша түпнұсқадағы атаулары абхаз, журжан, авар немесе алан немесе құмық болуы мүмкін. Өйткені, Савир патшалығының өз халқы – журжандар (жужан) және ол аймақта алан, абар, абхаз, құмық тайпалары мекендегені Әл Масуди деректерінен аян. Қалай болғанда да, олардың арасында хазар деген ұлт жоқ (ат-Табарани мен Прокопий деректерінде де олардың арасында хазарлар бар екені жазылмаған). Яғни, 556 жылы Иранға шабуыл жасаған Савир әскері құрамында хазарлар болмаған. Иранға Армения арқылы шабуылдаулары савирлердің Тбилиси аймағынан шыққанын байқатады (хазарлар қазіргі Азербайжанның шығыс-оңтүстігіне орныққанын айттық). Хосрой оларды (савирлерді) қырғынға ұшыратып, аман қалған он мың адамды Ирандағы Азербайжанға қоныстандырған. Ол тұста қазіргі Ирандағы оңтүстік Азербайжан өлкесі «Азербайжан» деп аталғаны, ал қазіргі Азербайжан мемлекеті аймағы «Арран» деп аталғаны мәлім. Солай екеніне Ибн әл Асирдің мына бір дерегіде куә: «Собрав много средств и воинов, он пошел на Азербайджан, которым управлял тогда курд Дайсам. Собрав войска, Дайсам вступил в войну с Лашкари, но был обращен в бегство, после чего Лашкари завладел его областями, кроме Ардебиля, столицы Азербайджана, жители которого отказались сдаться». Азербайжан Ирандағы аймақ екенін, Ардебиль оның орталығы болғанын көреміз. Яғни, Хосрой он мың адамды Ирандағы Азербайжан өлкесіне орналастырған, ал қазіргі Азербайжан мемлекетінің оңтүстік-шығысында Хосройдың әкесі заманынан хазарлар отырған болатын.

Осы соғыс нәтижесінде Савир патшалығы қатты әлсіреп, көп ұзамай толық жойылды. Ал халқы қазіргі Грузиядағы кіші Кавказ тауына кетіп аман қалған. Өйткені, грузин-орыс тарихшылары Прокопий дерегіндегі Ивир (Савир) елін Грузия княздігі деп таниды және грузиндердің әуелде журзан деп аталғаны мәлім. Савир империясын орнатқан Гунн билеушілері және савирлер Кавказға ІV ғасырда біздің даламыздан барғаны белгілі. Сол Жужан қағанаты заманында Каспий теңіз «Журжан» деп аталды. Олай болса, Савир мемлекетін орнатқан – журжандар (журжан-журзан), олар Савир патшалығының негізгі халқы болды (грузиннің негізгі сөздері мен жалғаулары қазақшаға ұқсайтыны және византиялық христиандық шіркеу тілінің грузин тілін қатты өзгеріске ұшыратқаны алдыңғы жазбаларымыздың бірінде қамтылған). Грузиндер ертеден өз аймағында отырды, олар ешқашан Солтүстік Кавказды немесе Дағыстанды мекендемеген. Демек, Савир патшалығы Закавказьеде өмір сүрген.

Хосрой Ануширван заманында Савир патшалығы толық жойылып, Тбилиси қаласы ирандықтар қолына өткен. Сол соғыстарда Хосрой Ануширван әскері хазарлар болғаны байқалады. Өйткені, содан кейінгі ғасырлар жайлы деректерде Каспий теңізінен Тбилисиге дейінгі аймақта хазарлар отырғаны жазылады (Әл Масуди, Ибн әл Асир жазбалары). Савир патшалығы жойылған соң, Закавказьеде хазарлар негізгі күшке айналған. Хосрой патша Савир патшалығы орнында Хазар патшалығы пайда болуынан қорыққан. Оның Закавказьедегі әр халыққа жеке патша сайлап, көптеген жеке княздіктер орнатуы соның айғағы. Хосрой Ануширван хазарлар күшейсе, Иран қалаларын тонауға көшетінін жақсы түсінген. Сол хазар жорықтарының алдын алу үшін Иран мен Закавказье шекарасында мықты қорғандар мен қалалар салдырғанын, оның ең негізгісіәл-Баб қаласы мен оның тау мен теңіз арасына салынған қорғаны.

Ресейлік тарихшылар әл-Баб деп қазіргі Дербент қаласын көрсетеді. Осылайша «Хазарлар қазіргі Дағыстанда отырған, ал Иран мен хазарлар шекарасы қазіргі Дағыстан мен Азербайжан шекарасы маңында болған» деген түсінік қалыптастырды (орыстардың тұжырымына сай дерек беретін Прокопий жазбасында ол жер «Каспийский проход» деп аталады. Теңіз кейінгі ғасырларда ғана Каспий деп аталғанын ескерсек, онда Прокопий жазбасы да Ресей тарапынан бұрмаланғанын аңғарамыз).

Шындығында, әл-Баб қаласы қазіргі Иран мен Азербайжан мемлекеттері шекарасына жақын маңда болғанын Ибн әл Асирдің төмендегі үш дерегі анық дәлелдейді. Оның алғашқысы: «И построил Кобад стену, прилегающую к одной части той местности. Когда же он скончался, царем стал его сын Ануширван, положение его укрепилось и совершил поход в Фергану Бурраджан, он, по возвращении, построил город Шабаран и город Маскат и город ал-Баб-в-ал-абуаб, который был назван Ябуаб потому, что он был построен на дороге в гору. И построил Ануширван стену, с моря, и провел ее по вершинам гор и устроил над ней железные ворота и назначил людей для ее охраны. И выбрал Ануширван царей, которых он распределил по разным областям, и между ними владетель Престола и Филаншаха и Лакзов и Маската и других. И оставалась Арминия в руках персов до появления ислама». Осылайша Әл Баб қаласы Армения аймағына көрші екенін айқын дәлелдейді.

 Ибн әл Асирдің мұсылман араб әскерінің Закавказьедегі жорықтары жайлы екінші дерегі де солай дейді: «Покончив с ал-Бабом, Сурака послал Букайра ибн-'Абдаллаха, и Хабиба ибн-Масламы, и Хузайфу ибн-Усайда и Сальмана ибн-Раби'и к населению тех гор, которые окружают Арминию; при этом Букайра он послал в Мукан, Хабиба – в Тифлис, Хузайфу – в горы аллан и Сальмана – в другую сторону». Бұл деректе мұсылман әскері әуелі әл-Баб қаласын бағындырып, сосын Армения аймағына көрші жатқан елдерге жорық ұйымдастырғаны баяндалған. «Араб мұсылмандары әуелі Дербентті басып алып, содан соң Арменияға көрші қалаларды жаулады» деу еш ақылға сыймайды. Олай болса, Әл Баб қаласы – Дербент деген де орынсыз.

Ибн әл Асирдің үшінші дерегі VIII ғасыр оқиғаларымен байланысты: «В этом же, 762 году восстали тюрки и хазары в Баб-аль-абуабе и убили большое число мусульман в Арминии...». Мұнда да Әл Баб қаласы мен Армения аймағы көрші екенін айқын жазылған. Ибн әл Асирдің осы үш дерегі әл-Баб қаласы Арменияға көрші орналасқанына дәлел. Әл-Баб қаласы Арменияға көрші екенін Х ғасырдағы араб тарихшысы әрі географы Әл Масуди де жазады. Осы географ-ғалым әл-Баб қаласы кіші Кавказ тауының Каспий теңізіне (Хазар) тірелген сілемінде орналасқанын, осы таудың екінші шетіндегі сілемі Қаратеңізге (жағасында Трабзон қаласы бар) тірелетінін анық көрсетеді: «Гора Кабх (Кавказ) – великая гора, занимающая огромную площадь. Эта гора имеет много отрогов и долин. Одни из отрогов горы, как мы уже сказали, подходит к Хазарскому морю около ал-Баба. Другой отрог идет к упоминавшемуся морю Майтас, куда выходит Константинопольский пролив. На этом море лежит Трапезонд, прибрежный город, где ежегодно происходит несколько торгов, и на них для торговли приходит много народов, таких, как мусульмане, греки, армяне, а также люди из страны кашаков.... По поводу моря, у которого они живут (кашаки), мнения людей расходятся: одни полагают, что это Румское море, а другие – что это Нитас. Во всяком случае, по морю от них недалеко до земель Трапезонда, откуда товары идут к ним на кораблях и с их стороны также отправляются. К ним примыкает другое большое племя, отделенное от кашаков рекой, которая по величине подобна Евфрату и впадает в Нитас, на котором стоит Трапезонд. Оно называется Ир.м и состоит из странных людей. Их вера язычеcкая».

Осы деректегі Трапезонд қаласы ол таудың кіші Кавказ тауы екенін айқын дәлелдейді. Яғни, әл-Баб қаласы кіші Кавказ тауының Каспий теңізіне тірелер тұсында болған. Деректегі Трапезонд – қазіргі Қаратеңіз жағасындағы Трапзон қаласы, Кашак елі – екі Кавказ тауы ортасындағы Колхида жазығындағы Касахия елі (Византия императоры IX ғасырда екі Кавказ тауы арасында Касахия елі барын жазған, Ибн әл Асирдің XIII ғасырдағы Шыңғысхан жорығы жайлы дерегінде: «Жағасында Қыпшақ елі орналасқан теңіз Константинополь бұғазына шығады» делінген). Ал «Ирм» деп көрсетілген өзен мен халыққа келсек, ол өзен – қазіргі Рион өзені, ал халық – өздерін қазір де Ирон деп атайтын осетин ұлты. Нитас – Қара теңіз, Майтас – Азов теңізі екені мәлім (екі атаудың арабшада ұқсас жазылатынын пайдаланған орыс аудармашысы өз қалауынша Нитас теңізін Майтас деп немесе керісінше Майтас теңізін Нитас деп орысшалаған). Осылайша деректерді өзара қарама-қайшы бұрмалап аударады да, «Әл Масуди ол аймақта болмаған, ол өз жазбасын өзге деректер негізінде жазған тәрізді» деп тұжырымдайды. Орыс аудармашысы «Бір сілемінде әл-Баб қаласы орналасқан таудың екінші шетіндегі сілемі Майтас теңізіне тіреледі» деп көрсеткен. Ол аталған таудың кіші Кавказ екенін жасырып, оны Азов теңізіне жақын үлкен Кавказ тауы деп көрсетуге тырысады («Әл Баб – Дербент қаласы» дейтін ресейлік жалған тұжырымға дәлел еткісі келеді). Алайда,  Трапезонд қаласы ол теңіздің Нитас екенін, яғни Қара теңіз екенін паш етеді (одан кейінгі деректерде Трапезонд қаласы Нитас теңізі жағасында екенін аудармашының өзі де амалсыз көрсетеді).

Ақиқаттығын батыс ғалымдары мойындаған осы екі араб жазбасы Дербент қаласы әл-Баб қаласы емесін, Хазар қағанаты әуелден Закавказьеде болғанын, мұсылман әскері келгенге дейін Хазар қағанаты мен Иран шекарасы Арменияға көрші жатқанын, одан кейін қазіргі Азербайжан аймағынан айрылған Хазар қағанаты қазіргі Колхида жазығынан Азов теңізіне дейінгі аумақта XI ғасырға дейін өмір сүргенін айқын растайды. Осылайша орыс тарихшыларының «Хазар қағанаты аймағына Дағыстан мен Повольжия және Батыс Қазақстан кірді» деген тұжырымы толық жалған екенін көреміз. 

 Бекжан Әденұлы

(Жалғасы бар)

Автордың мақалаларын мына сілтеме арқылы оқуыңызға болады.

Abai.kz

 

 

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371