Дариға Назарбаева Қазақстандағы екінші адам болды
Дариға Назарбаева Сенат төрайымы қызметіне сайланды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.
Сенат депутаттары арасында құпия дауыс беру нәтижесінде осындай шешім шықты.
Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметінде болған еді.
Дариға Нұрсұлтанқызы 1963 жылы 7 мамырда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген. 1980-1983 жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде оқыған. 1983-1985 жылдары - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінің студенті. 1985-1987 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті тарих факультетінің тағылымдамадан өтуші-зерттеушісі. 1987-1990 жылдары - М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспиранты. Саясаттану ғылымының докторы, тарих ғылымының кандидаты.
1992-1994 жылдары - «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының вице- президенті.
1994-1995 жылдары - «Қазақстанның телевидение және радио» республикалық корпорациясының вице-президенті, «Хабар» Ұлттық телевизия ақпараттық агенттігінің директоры.
1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Хабар» Агенттігі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры.
1998-2001 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның президенті.
2001-2004 жылдары - «Хабар» агенттігі» ЖАҚ-ның директорлар кеңесінің төрайымы.
2004-2007 жылдары - ІІІ сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Республикалық «Асар» партиясының тізімі бойынша сайланған депутаты, «Аймақ» депутаттық тобының жетекшісі.
2007-2012 жылдары - «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры» Қоғамдық қорының директоры.
2012 жылғы 20 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы. «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі.
2001 жылдан бастап Еуразиялық Медиафорумының ұйымдастырушысы және ұйымдастыру комитетінің төрайымы.
2014 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, "Нұр Отан" фракцияның басшысы.
Бүгінге дейін ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметінде болды.
Abai.kz