Өміржан Әбдіхалықұлы. Қоштасқым келмейді - «Қазсат-2»
«Аузы күйген үрлеп ішеді». Бірақ бұл сөзді біздің Үкіметке және оған бағынышты «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігіне қаратып қанша айтсаңызда, «жартасқа бардым, күнде айғай салдым»-ның кері. Биліктің бетон қабырғасы қоғамның жан айқайын өткізбейді. Әйтпесе, «Қазсат-1»-ді «қатырдық» деген Ресейдегі М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталыққа айналмасы ұстаған адамдай қайта барып, «Қазсат-2»-ні жасатар ма еді. Амал не, ақыры жасатып тынды. Әнеугүні Реселіктер «Қазсат-2»-ні Байқоңырға жеткізіп берді. Ресейлік ғарыштық ғылыми мамандар «Тескердік. Жұмыс істеуге жарамды», депті. Онда неге «Қазсат-1» ұшты-күйлі жоғалып, қаңғып кетеді? Әмбесі, Ресей «Қазсат-1»-дің өтемақысын да әлі күнге төлеген жоқ. Сонда біздің үкімет бұқараның салығынан түскен ақшаны бір рет оңдырмай алдап соғып, құм қаптырып, жерге қаратқан Ресейге қарыздар адамдай қайта-қайта неге береді? Тіпті, мамыр айында «Жас қазақ» газетіне сұхбат берген депутат Ержан Рахметов: «ҚазСАТ-1»-ге жұмсалған 65 млн долларды қашан қайтарады? Әлде, қайтармай ма? Осы сауалдың жауабын беруі керек. Міне, екінші жер серігін биылғы жазда (маусымда ма, шілдеде де ме әлі белгісіз) ұшырайын деп жатырмыз. Ал сол спутник біріншісінің кебін киіп жүрмей ме? Өйткені, М.Хруничев атындағы орталықтың ондай хабар тарататын ғарыш аппаратын жасаудан ешқандай тәжірибесі жоқ. Зымыран тасу жағынан оның мықты екені рас.
«Аузы күйген үрлеп ішеді». Бірақ бұл сөзді біздің Үкіметке және оған бағынышты «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігіне қаратып қанша айтсаңызда, «жартасқа бардым, күнде айғай салдым»-ның кері. Биліктің бетон қабырғасы қоғамның жан айқайын өткізбейді. Әйтпесе, «Қазсат-1»-ді «қатырдық» деген Ресейдегі М.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталыққа айналмасы ұстаған адамдай қайта барып, «Қазсат-2»-ні жасатар ма еді. Амал не, ақыры жасатып тынды. Әнеугүні Реселіктер «Қазсат-2»-ні Байқоңырға жеткізіп берді. Ресейлік ғарыштық ғылыми мамандар «Тескердік. Жұмыс істеуге жарамды», депті. Онда неге «Қазсат-1» ұшты-күйлі жоғалып, қаңғып кетеді? Әмбесі, Ресей «Қазсат-1»-дің өтемақысын да әлі күнге төлеген жоқ. Сонда біздің үкімет бұқараның салығынан түскен ақшаны бір рет оңдырмай алдап соғып, құм қаптырып, жерге қаратқан Ресейге қарыздар адамдай қайта-қайта неге береді? Тіпті, мамыр айында «Жас қазақ» газетіне сұхбат берген депутат Ержан Рахметов: «ҚазСАТ-1»-ге жұмсалған 65 млн долларды қашан қайтарады? Әлде, қайтармай ма? Осы сауалдың жауабын беруі керек. Міне, екінші жер серігін биылғы жазда (маусымда ма, шілдеде де ме әлі белгісіз) ұшырайын деп жатырмыз. Ал сол спутник біріншісінің кебін киіп жүрмей ме? Өйткені, М.Хруничев атындағы орталықтың ондай хабар тарататын ғарыш аппаратын жасаудан ешқандай тәжірибесі жоқ. Зымыран тасу жағынан оның мықты екені рас. Менің ойымша, хруничевтіктер біздің салық төлеушілердің ақшасына сынақ жасап отыр. Сондықтан, біз ұлттық ғарыш агенттігінен шынайы ақпарат беруді өтіндік. Есеп комитетінің есептеуіне қарағанда, 7 363,3 млн теңге көлеміндегі сақтандыру қаржысын қайтару мәселесі әлі күнге шешілмеген. Үш жыл өтсе де, сақтандырушы тарап бұл ақшаны төлемеді. Кейбір шетелдік сақтандырушы компаниялар төлем төлеуден бас тартты деген дерек келтіріледі. Бірақ ол ақшаның неге бүгінге дейін төленбегені туралы ешкім жақ ашпайды. Құзырлы мекемелер қайта сақтандыратын компаниялармен жұмыс жүріп жатқанын айтқанмен, ол қаржы қашан төленетінін жан баласы білмейді. Маған бір түсініксіз нәрсе, еліміз ғарыш саласындағы тәуекелдерді төмендету жөніндегі тәжірибені неге пайдаланбайтыны», деп тұрып айтқан. Алайда, біздің үкімет мемлекеттің ғарыш саласындағы мүддесі мен пайдасын ойлап, істің анық-қанығына көз жеткізбек кез келген (ондай адамдар әдетте қазақ болып келеді) адамның сөзін ит үріп жатқан құрлы көрмейді. Қазақ баспасөзі елдің мүддесі тұрғысынан «Қазсат-1»-дің «қайғысынан» кейін қаншама мәселе көтерді. Айналып келгенде, үкімет бәріне «пішту» деді. Жаны жәннатта болғыр, «Қазсат-1»-ге шамамен 65 млн. доллар жұмсалған еді. Бұл дегеніңіз, Алматыдағы әр қайсысы 100 мың доллар тұратын 650 жақсы пәтердің құны деген сөз. Үкіметтің тым құрығанда сол ақшаның сілекейін қайтарып алуға қауқары жетпей отырып, басы айналып мәңгіріп, арбалып қалғандай Ресейге «Қазсат-2»-ні және жасатады. Бұл не сонда? Мұны қалай түсінуге болады? Үкіметте осының басын ашып айтатын бір пенде табыла ма, жоқ па? Осы күнге дейін шықпағанына қарағанда, енді пайда бола қалуы неғайбыл-ау. Оны айтасыз, осының бәрін басымен жауапты «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Тоқтар Әубәкіровпен төбелесіп өз жайында жүр. (http://old.abai.kz/content/nyra-matai-mysabaev-pen-eubekirovtyn-mynysy-nesi) Байқап отырсақ, сол баяғы қазақтың есесі кетіп, есебі өзгелерге жем болып жатыр. Үкімет мемлекеттік мүдде, пайда дегенді бұрын-соңды естіп білмеген сыңайлы. Әйтпесе, екі туып бір қалғаны емес бар дүниенің бәрін Ресейге байлап беріп қарап отыратындай не күн туды? Әй, бірақ, жаның мен жүрегіңді қожайыныңның құзырына табыстап қойған соң, оның айтқанын екі ететіндей біздегі қай құлда жазық бар...
Айтып, айтпай не керек, «Қазсат-2»-ні ұшыруға дайындықтар жасалып жатыр. Болар іс болды. «Қазсат-2»-інің жұмыс істеу мүмкіндігі 12 жыл деп отыр. Тірі болсақ, қанша жылға жетерін әлі-ақ көрерміз. «Қазсат-1»-дің аяғын құшып қаңғып кетпесе болды. Қайда кетпеген 65 млн. доллар, «Қазсат-2»-нің қайырын берсін қазаққа.
Тоқтар Әубәкіров:
- «Қазсат-2» бізге өте қажет. Бұл қанша дегенмен жоғарғы технология. Тек уақытында жіберілмеді. Енді, міне, шілденің аяғы мен тамыздың басында ұшырылады деп отыр. Соған қуанып отырмын.
- «Қазсат-1»-дің аяғын құшып кетпей ме?
- Жоқ. «Қазсат-1»-де жіберілген қателіктер мен кемшіліктерді осы «Қазсат-2»-ні жасауда түзетті деп жатыр ғой. Негізі «Қазсат-2»-і былтыры ұшуы тиіс болатын. «Қазсат-1»-де кеткен қателіктерді қайталанбас үшін тағы да жарты жыл кетті. Соған қарағанда бәрі де оңды болуы керек.
- Үкімет «Қазсат-1»-дің өтемақысын неге ала алмай отыр деп ойлайсыз?
- Оны мен білмеймін. Бұл сауал үкіметке қойылуы керек.
- Рахмет, сізге
«Абай-ақпарат»