Сенбі, 23 Қараша 2024
5657 6 пікір 3 Мамыр, 2019 сағат 14:22

Қ.Р Президенттігіне бірінші кандидат тіркелді

Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс Президент сайлауына кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. 

ҚР ОСК хатшысы Сәбила Мұстафинаның атап өтуінше, Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 54 және 55-бабына сәйкес тиісті құжаттарын өткізген.

«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тіркеу туралы қаулы жобасы дайындалды.  Қаулы жобасында келесі мәселелер қарастырылған:  Қ.К.Тоқаев 2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған ҚР Президентінің кезектен тыс  сайлауында ҚР Президентіне кандидат ретінде тіркелсін. Президентке кандидат Қ.К.Тоқаевқа  тиісті куәлік берілсін. Қ.К.Тоқаев арнаулы уақытша шотты  ашу үшін «Қазақстан халық жинақ банкі» АҚ-на президенттікке кандидат болып тіркелгені туралы мәліметтер ұсынылсын. БАҚ-та Қ.К.Тоқаевтың  ҚР Президенттігіне кандидат болып тіркелгені туралы хабар жариялансын», - деді С.Мұстафина.

ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қаулы жобасына дауыс беріп, ол бірауыздан қабылданды.  Осыдан кейін ҚР ОСК төрағасы Берік Имашев президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс сапарында болуына байланысты  тиісті куәлікті оның сенімді өкілі «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевқа табыс етті.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369