Сенбі, 23 Қараша 2024
Пікір 9847 34 пікір 24 Мамыр, 2019 сағат 12:29

Мырзан Кенжебай. Бұл қорлыққа қазақ қана төзеді

Алла өзі кешірсін, бірақ ғасырлар бойы біресе патшалық, біресе кеңестік Ресейдің табаны астында тіл және дін деп аталатын қос киелісі  талапайға түскен қазақты қорлықтың неше атасын көрсе де шыдай беретін ұлт па деп қаламын. Әйтпесе мына бір ғана жағдаятқа көз салыңызшы.

Бүгінде кешегі КСРО құрамында болған республикалардың Қазақстаннан басқа бірде-бірінде  Ресейдің полигоны жоқ. Олар Семей полигонынан қалып ойраны шыққан кең даланы айтпағанда Тайсойған, Капустин Яр, Сарышағын, Азғыр, Ембі және Байқоңыр ғарыш айлағы.

Қазақстан билігінің айтуынша бұл жерлерді Ресейге полигон ретінде арендаға беріп отыр екенбіз. Қазақстан қазір 86 мың шаршы километр жерді Ресейге полигондыққа беріп қойды. Соның бәріне ақы төлеп жатыр ма, төлесе немен төлеп жатыр ол жағы жәй қазаққа беймәлім. Сол 86 мың шаршы километрден астам жерге төленуге тиісті 20 млн-ды есептеп көрсек,  Қазақстан билігі қазақ жерінің бір гектар жерін орыс қатынның жақсы көретін бір шоколадына арендаға беріп отыр екен.

Ал осы полигондардың зардабынан қазақтың дүниеге енді келген сәбилерінің көпшілігі ауру-сырқау, мүгедек, ақыл-есі кемтар.

Айтпақшы, осыдан бір-екі жыл бұрын Ресейдің жаңағы полигондары аз болғандай Қазақстан билігі Қостанай облысының Жанкелдин ауданынан 76 мың  гектар жерді Ресей зымырандарын құлатуға бердік деп ашықтан-ашық айтты. Сонда әр гектарға 865 теңгеден есептегенде қазақтың 76 000 гектар жері орыстарға неше плитка шоколадқа сатылып кеткен?

Не Тоқаев, не онымен бәсекелес болып түсіп жатқан кандидаттардың бірде –бірі бұл туралы тіс жарған жоқ. Ал Ресейдің де, Қазақстан билігінің де бұл қорлығына қазақтан басқа ешбір ұлт төзбейді.

Мырзан Кенжебай

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371