Сенбі, 23 Қараша 2024
3627 2 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 10:45

Атамбаев "ескі элитаға" қарсы митингке шықпақ

3 шілдеде Бішкекте өтетін бейбіт митингке Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев қатыспақ. Ол Қой-Таш ауылындағы үйінің алдына жиналған жақтастарымен кездесу кезінде осылай деді.

Атамбаев жақтастары "Медиафорум" ғимараты алдында акция өткізуді жоспарлап отыр. Онда олар биліктен "ескі элита кетіп, жаңа лидерлер келуін" талап етпек.

27 маусымда қырғыз парламенті Алмазбек Атамбаевтың экс-президент мәртебесін алып тастап, құқық қорғау органдарына оған қарсы қылмыстық іс қозғауға мүмкіндік берді.

Осының алдында Атамбаевтың жақтастары Қой-Ташта халық штабын құрылатынын жариялаған. Олар осы күнге дейін Атамбаев тұратын үйдің аумағында орналасқан. Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбековтің кеңесшісі Айбек Азыранкулов та Атамбаевтың үйіне келіп, қолдау білдіретінін мәлімдеді. Ол журналистерге сәуір айында отставкаға өтініш бергенін айтты. "Бәрі заң аясында болуы тиіс. Халық наразылығын көріп отырмын. Мен 2006 жылдан бері Социал демократиялық партиямен біргемін. Біз бәріміз бір үлкен команданың мүшесі болдық", - деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347