Сенбі, 23 Қараша 2024
2974 1 пікір 1 Шілде, 2019 сағат 12:05

Қазақстандық депутат ПАЕК-тің сессиясына қатысты

Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты Сәуле Айтпаева Еуропа кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының кезекті сессиясына қатысты. Бұл туралы "Абай-ақпарат" хабарлайды. 

Сенатор С.Айтпаева Францияның Страсбург қаласында өткен ПАЕК-тің сессиясына қатысты.

Онда ЕК парламентшілері кеңестің 2020-2021 жылдарға арналған бюджетін белгілеп, Парламенттік Ассамблеяның өкілеттіктері мен (ұлттық делегациялардың) дауыс беруіне, гендерлік теңдікке, балаларға зорлық-зомбылық көрсетуді тоқтатуға үлес қосуға қатысты мәселелерді, Сириядағы жағдайды саяси реттеудің келешегін талқылап, басымдықтарды нақтылаған.

Қазақстан Парламентінің Сенатоның депутаты С.Айтпаева сессия аясында бірқатар екіжақты кездеулер өткізген.

Атап айтқанда, Монаконың парламенттік делегациясының басшысы Ж. Бадиамен, ЕКПА Әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау және орнықты даму жөніндегі комитетінің мүшесі – Әзірбайжан Милли Меджлисінің Халықаралық қатынастар және парламентаралық байланыстар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары С.Фаталиевамен, еуропалық консерваторлар тобының төрағасы Я.Лиддел-Грейнджермен (Ұлыбритания), Саяси мәселелер және демократия жөніндегі комитеттің төрағасы Р.Оомен-Руйтенмен (Нидерланды), сондай-ақ Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы М.Пейчинович-Буричпен кездесті.

С.Айтпаева әлеуметтік мәселелер, денсаулық сақтау және тұрақты даму жөніндегі комитеттің балалар мәселелері жөніндегі кіші комитетінің отырыстарына, сондай-ақ Парламенттік Ассамблеяның балаларға қатысты зорлық-зомбылықты тоқтату және көшіп-қонушы балаларды пайдалану мәселелері жөніндегі бірлескен пікір сайыстарына қатысты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345