Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 6960 1 пікір 31 Шілде, 2019 сағат 10:45

Абай шығармаларындағы шет сөздер (Жалғасы)

Басы: Абай шығармаларындағы шет сөздер 

Ұлы ақын 27-қара сөзінде адам мен жан-жануарларды салыстыра келіп, әлемнің бірінші ұстазы Аристотельдің өз ұстаза Сократпен сұхбатында адамның басқа мақлұқтардан артықшылығын: «...адам баласын артық көріп, қамын әуелден алланың өзі ойлап жасағанына да дәлел емес пе? Енді адам баласының құлшылық қылмаққа қарыздар...» (ІІ, 184) деген грек ойшылдары біздің дәуірімізге дейінгі заманда-ақ даналық ойларын білдіргендігінен Абай бізге хабардар еткен. «Ол сендердің аталарың Адамды топырақтан, сосын оның бүкіл ұрпақтарын мәни-ұрықтан, сосын ұйыған қаннан жаратқан» (Ғафыр сүресі (40) 67-аят) деп, әркімге өзінің қайдан келе жатқанынан хабар беріп отыр.

«Адам екі аяғына басып тік өсіп, дүниені тегіс көрмекке, тегіс тексермекке лайықты...» (ІІ, 183) – деп, адам баласынан басқа мақлұқтардан артықшылығын біртіндеп баяндатады. Ол - парасатты, иманды, қарекетшіл, сезімтал сұлулықтан ләззат ала білетін, рухани кемел, жан-жақты дамыған тұлға. «Ақиқатта, Біз адамды – оның негізі қара балшықтан болып, суреті берілген соң, құрғатылған лайдан жаратқанбыз» (Һыжыр суресі (15) 25-аят) – дегендегі адам Арабтың инсан, яғни ұмытшақ, ұмытқан дегенді білдіреді. «Адам; человек; люди, род человеческий; Адам и Ева» (стр.29) және «одам» «Адам 1) не быть, отсутствовать; не существовать; 2) не иметь, не находить; 3) страд. быть лишённым, не иметь... адом-ун 1) уничтожение, расстрел; 2) казнь; смертный приговор; 3) бедность, обнищание» (Баранов Х.К. Арабско-русский словарь. Около 42 000 слов. М., «Русский язык» 1977. 944 с. стр. 503). Мазмұны: кісі, адамдар, адамзат. Адам және Хауа Ана (29-бет) 1) өмірдің жоқтығы, жоқ болу, өмір сүрмеу. 2) болмау, жаратылмау; 3) ырықсыз етіс (істі істеуші белгісіз) құқығынан айыру, іске асырмау... 1) жою, өлім жазасына кесілу; 2) дарға асу; ажалды үкім; 3) кедейлік, қайыршылық болады екен қазақ тілінде дыбысталуы бірдей болғанымен екі түрлі мағына береді екен. Оны ұлы Абай да екі түрлі мағынада қолданғанын байқауға болады, мәселен «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен» атты өлеңінде:

Адамзат - бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ, (І, 234). Мұнда адамды өлуші деген болса, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде:

Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс,

Оның қадірін жетесіз адам білмес.

Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас,

Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес. (І, 39) – деп, адамды өлуші емес, мәңгі жасаушы жер бетіндегі жақсылық пен жамандықты сақтаушы, сыйпатында суреттеледі. Осы екі өлең шумақтарындағы айтылған «адам» сөзіндегі біріншісінде «өлуші», екіншісінде өлімнен хабар жоқ түрінде кездесіп тұр. Демек, бірі жан, бірі тән екенін айтып отыр. Тән өледі, жан өлмейді.

Шығыстанушы белгілі ғалым Ю.А.Рубинчик құрастырған парсы-орыс сөздігінен оқып көрсек: «[Одам] 1) человек; 2) разг. слуга; подчинённый» (Т. І. стр.57) «[Адам] 1) отсутствие; 2) небытие (Т. ІІ. стр.177) (Персидско-русский словарь В 2-х тт. Свыше 60 000 слов. М.: Рус. яз., 1985). Мазмұны: 1) адам; 2) қызметші; бағынышты. 1) жоқ болу; 2) өмірдің жоқтығы. Алғашқыда  өмір сүруші адам, екіншісінде – өлуші, жоқ болушы адам деп екі түрде келіп тұрғанын байқаймыз.

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.

«Мені» мен «менікінің» айрылғанын

«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес. (І, 178) – деп, басталатын өлеңінде, жан мен тәннің байланысын адам белгісімен сипаттап тұрған ұғым. Мұнда адам жанының мәңгілігін «адам өлмес.» деп, тәннің (дененің) табиғат мүшесі яғни өлуші деп айтып тұр. Екеуі бірліктен даралыққа өтсе бірін-бірінсіз өмір сүре алмай, бірі табиғатқа (топыраққа), бірі рухқа (болмысқа) айналады екен. Жан «мен», тән «менікі» екеуі екі жаққа бірі жерге, бірі көке кетіп «айрылғанын» «өлді» деп атамайды екенбіз олар мәңгілікке өз орындарын тапты дегеніміз дұрыс келеді екен. «Ей, қауымым бұл дүние өмірі – тек қана бір арзымайтын бұйым. Әлбетте, Ақырет қана – мәңгі тұрақ.» (Ғафыр сүресі (40) 39-аят).

19-қара сөзінде де: «...естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.» (ІІ, 175) – деп адам баласының мүмкіндігіне жоғары баға береді.

«Одам а. 1. инсон, киши. 2. маж. малай, хизматкор, югурдак; бировга қарам киши.

Мен бир одамнинг одамию малай...

Занчалиш, эзма һам чузулди талай. (М.)

Одами жинси – одамзод, инсоният, одамзод жинсига хос.

Одами жинсида йуқ қиссаси,

Қолди анинг думчасининг һиссаси. (Зм.). (Лапасов Жавқон. Мумтоз адабий асарлар уқув луғати: Урта мактаблар учун. – Т.: Уқитувчи, 1994. – 272 б. 153-бет) Мазмұны: «Адам арабша. 1. инсан, кісі. 2. сөз түрлендіру; малай, қызметкер, жүгіртек; біреуге қарасты кісі.

Мен адаммын, адамға тәуелдімін малай...

Зәңгі, езбелік те созылды талай. (Мұхаммед Аминқожа Муқими (1850-1903) өзбек ақыны).

Адамның тегі – адамзат, инсаният, адам баласының тегіне тиісті.

Адам сияғы жоқ,

Бірақ қалды оның ұрпағы.

(«Зарбулмасал» ауыз әдебиетіндегі қанатты сөздер жиынтығы) (аударма өзіміздікі). Оған түңілген ұлы ақын 4-қара сөзінде: «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі.» (ІІ, 162), ондай адамдардан «... ешкімге достығы жоқ жандар шығады.» (ІІ, 159) деген түйінді Абай 3-қара сөзінде айтады.

Адам - жер бетінің иесі. Алғаш адамның пайда болу жайында түрлі пікірлер бар. Адам - адим (топырақтың сыртқы көрінісі) қабық, тері сөзінен алынған. Осында жоғарыда көрсетілген Х.К.Барановтың сөздігінде «адим-ун мн. Адум-ун 1) хлеб с приправой; 2) кожа; или кора, поверхность, верхний слой земли; почва; (стр. 29). Мазмұны: 1) адим-унның көпше түрі адум-ун дәм қосылған нан; 2) тері немесе қабық, қыртыс, жердің үстіңгі қабаты, топырақ. Адамды «бидай өңді» «топырақ түсті» деп айтылатыны сондықтан болса керек. Тағы да бір нұсқада; адам «ал-а-дама» сөзінен алынған. Немесе, су мен топырақтың араласуын Адам дейді екен. Оны ұлы Абай: «Адамның денесі, өзің жүрген жердің бір битімдей құмына ұқсас емес пе?» (ІІ, 182) дейтіні 27-қара сөзінде.

Адамның жаратылуы жайында Шығыс әдебиетінде қай жанр (француз тілінен алынған, түр) болсын шартты түрде кітаптың бас жағында адам баласының пайда болу тарихынан сыр ақтарады. Мәселен, сол дәстүрді сақтаған түркі халықының біртуар перзенті аспан әлемін зерттеуші әрі математик Ұлықбек (1394-1449) (атақты қолбасшы Әмір Темірдің немересі) өзінің «Тарих-и арбаъ улус» («Төрт ұлыс тарихы») атты көлемді еңбегінің бас жағында: «Алла тағала жерден бір уыс топырақ алып келуді, Жебрейіл періштеге тапсырады. Жебрейіл жерден топырақ алмақ болып барады; оны не істейсің деп, Жер сұрағанда, Алла тағаланың жібергенін айтады. Менен торпақ алма, неге десең, адам перзенттері көп болғаннан соң бірі кәпір, бірі асы, бірі залым, бірі күнәкар болып, Алла тағаланың азабына қалады, олардың азапта қалғанын қаламаймын дейді. «Ол Жерде бұзақылық жасайтын, қан төгетінді жаратасың ба» (Бақара сүресі (2) 30-аят) дейді. Кейін Микәйіл періштені жіберді жер оны да бос қайтарады, одан соң Исрафил періштені жібереді оның да өтінішін орындамайды. Төртінші рет соңғы періштесі Әзірейілді жөнетеді, ол барып жерге айтады: «Алла тағаланың әмірі сенің антыңнан әлдеқайда биік» деп, оны тыңдамай Қағбаның орнынан бір уыс торпақты алып барады да тапсырманы орындайды». (Улуғбек Мирзо. Турт улус тарихи. Форс тилидан Б.Ахмедов ва бошқ. тарж. – Т.: Чулпон, 1993. - 352 б. 15-16 бет). «Ол жай ғана топырақ емес, жер бетінің өзегі мен дәнін құрайтын топырақ. Яғни жердің барлық элементтерін қамтыған топырақ» (Пайғамбарлар тарихы. – Алматы: «Көкжиек-Б» баспасы, 2011. – 352 бет. 13-бет).

Болған соң жаратылып жер мен көк,

Тау мен тас, теңіз, бұлақ, ағашпен шөп,

Дүниеге қоныстауға қол ұстаса,

Келді Адам, һауаменен ұзамай көп. (Ізтілеуұлы Т. Фердауси «Шаһнамасының» желісімен жазылған каһармандық жыр. Бірінші кітап: Алматы. - Жазушы, 2004. – 336 бет. 23-бет) - деп басталатын «Рүстем-Дастан» жырында көркем шығарманың шығыстық талап-талғам сипатымен басталады.

«...жаноб һазрат Одам сафийалло замонларидин бизни вақти замонимизғача жамъи одамлар икки қисм булуб: аввалги қисм туфони һазрат Нұһдин илгаридур, иккинчи қисм кейиндур» («Темурнома»: Амир Темур Курагон жангномаси. Т.: Чулпон, 1990. – 352 б. 33-бет). Мазмұны: ұлы мәртебелі Адам сәпиолла (адамның алғашқы есімі) заманынан біздің дәуірімізге дейін барлық адамдар екі кезеңді құрайды: алғашқысы топан су хазіреті Нұхтан бұрынғы, екінші кезең кейінгі еді деп, басталады.

Шәриф Әмиди өзінің Түрік тіліндегі «Шаһнама» («Шаһнаме бит-түрки») ХҮІ ғ. Кітабын дәстүрлі түрде Жаратқанға мінәжәт етіп барып;

Дүниеге қаншалық бұрын келсе де Адам,

Бірақ шындығында Ахмет қой муқәддәм. – деп, Адамның жаралғаны бұрын соңынан пайғамбарлардың (Ахмет – Мұхаммедтің көркем есімдерінің бірі) дүниеге келгендігін айтып тұр. (Қазыналы Оңтүстік – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2013. – Сер.: Түркістан кітапханасы. Т.43: 1-кітап: 328 б. 38-бет).

«Одам [а] Фикирлаш, сузлаш ва меһнат қилиш қоблиятига эга булган, шу туфайли бошқа һамма махлуқотдан устун турувчи жонли зот; киши, инсон. Ибтидоий адам. Кишилик жамиятнинг айрим бир аъзоси, шахс. 1) одомзод, инсон. 2) чин инсоний фазилатларга эга булган шахс, чин инсон. Одам булмоқ ёки одамга айланмоқ 1) тарбият топиб яхши фазилатларга, чин инсоний хислатларга эга булмоқ. 2) кучма тузалиб, семириб, ёшариб қолмоқ. Одам булмайди тузалмайди, шу куйи қолади. Одам қилмоқ 1) тарбиялаб чин инсонга, яхши фазилат соһибига айлантирмоқ. 2) кучма боқиб, тарбиялаб катта қилмоқ.

  1. Коллектив хужалик, оила аъзоларининг һар бири; жон.
  2. Бирор бой-бадавлат ёки амалдор кишининг хизматкори еки тарафдори.

Одам ота, Одам алайһиссалом дини афсоналарга кура ер юзида биринчи яратилган эркак, Мома һавонинг жуфти.» (Узбек тилининг изоһли луғати. Икки томли 60 000 суз. З.М.Маъруфов таһрири остида. Т.І. М.: «Рус тили» 1981, 715 б. 520-бет). Мазмұны: Адам (араб) пікірлей алатын, сөйлеу мен еңбектену қабілетіне ие екендігімен басқа мақлұқтардан ерекшеленіп тұратын жанды зат; кісі, инсан. Жабайы, қарапайым, бастық адам. Қоғамның мүшесі, жеке адам. 1) адамзат, инсан. 2) шын адам атына лайықты тұлға. Адам болу немесе адамға айналу 1) тәрбиелі, жақсы жағынан көрініп, шынайы іс-әрекетке ие болу. 2) ауыспалы мағынасы дұрысталып, семіріп, жасарып қалу. Адам болмайды, түзелмей осы күйі қалады. Адам ету 1) тәрбиелеп шын адам қатарына қосу. 2) ауыспалы мағынасы бағып-қағып өсіру.

  1. Ұжым шаруашылық, отбасы мүшелерінің әрқайсысы; жан.
  2. Бай-манаптардың немесе шенеуніктің қызметкері яки жақтастары,

«Адам [а] эск. кт. Йуқлик, мавжуд эмаслик; борликнинг акси. Адам айламоқ йуқотмоқ, йуқ қилмоқ» (сонда, 27-бет). Екінші мағынасында: Жоқ болу, пайда болмау; барлықтың керісі. Адам жоғалу, жоқ ету.

«Бу ердаги инсондан мурод Одам алайһиссалом, чунки у инсон наслининг энг биринчи вакилидир. Демак, инсон яраладиган балчиқ оловда қуритилган. Иблис Одамдан аввал, оловдан яратилган» (Суфий табиб Нурсафардий. Тарихий нурли йул. – Т.: Адабиёт учқунлари. 2017. – 172 б. 7-бет). Мазмұны: бұл жердегі адамнан мұратты Адам алайһиссалом, сондықтан ол адам нәсілінің ең бірінші өкілі болып есептеледі. Демек, балшықтан адам кейіпі жасалып отпен кептірілген. Ібіліс Адамнан бұрын оттан жаратылған. Ол қасиетті Құранда да: «Жынды яғни Ібілісті Адамнан ілгері жалын оттан жаратқан едік» (Һыжыр сүресі (15) 26-аят) – деген сияқты Құранда адам (адамзат, адам баласы,  адам ата) туралы өте көп айтылады.

Адам деп орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкин: «Разве не все мы произошли от Адама? РВ 219. 14. Вся в пламени, власы раскинув, Ева, Едва, едва устами шевеля, лобзанием Адаму отвечала Гв 284. (Словарь языка Пушкина: в 4 т. \ Отв. Ред. Акад. АН СССР В.В Виноградов \ Российская академия наук. Ген-м рус. яз. Им. В.В.Виноградов. – М.: 2001. Т.1. 975с. стр. 11). Мазмұны: біз барлығымыз адамнан тараған жоқпыз ба? Барлығы жалыннан, билік құрған, Хауа Ана, Әрең, әрең жұрттың аузына ілікті, Адамды сүйіп жауап берді. (РВ дегені «Сцены из рыцарских времен» («Рыцарлар дәуіріндегі сахнадан») 1835 жылы жазылған пьесасындағы қанатты сөздерінің бірі. Ал, Гв дегені «Гавриилиада» атты поэмасынан) дегені.

Адам деген ұғым тек Құранда ғана емес, аталмыш сөздікте: «Адам. По библейскому преданию, первый человек на земле». Мазмұны: Адам, Інжілдегі аңыз бойынша, жер бетіндегі алғашқы адам. Алладан түскен төрт кітапта да алғашқы жаратылған мақлұқ күйінде кездесеті.

Кеңестік кезеңнің Бас энциклопедиясында: «Адам (др.- евр. – человек), в иудаистской и христианской мифологиях первочеловек и отец рода человечиского» (Большая Советская Энциклопедия (В 30 томах) Гл. ред: А.М.Прохоров. Т. 1. Советская Энциклопедия. 1969. - 608 с. стр. 212). Мазмұны: Адам (көне еврей тілінде – адам) кудей жен християн аңызында алғашқы адам және Адам-Ата дегенді білдіреді екен. Ол Құранда да, «Ей, адамдар, расында, Біз сендерді бір еркек (Адам) және бір әйелден (Хауа) жараттық және де бір-біріңмен танысуларың дос-туысқан болуларың үшін сендерді әртүрлі халықтар және ру-тайпалар етіп қойдық» (Хұжұрат сүресі (49) 13-аят) деп нақтылай айтылған.

Қорыта келе, адамға Алла тарапынан сүйкімді мінездеме берілмейді, сондықтан да жұмақтан қуылуы «Жақсылығым да өзімнен жамандығым да өзімнен» деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың дегені ойға оралады.

Жалғасы бар...

Сейдалы Оразалиев

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 

Гуманитарлық ғылым-зерттеу институты        

«Абайтану» ғылыми-оқу орталығы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371