Сенбі, 23 Қараша 2024
5044 1 пікір 19 Шілде, 2019 сағат 10:27

Аружан Саин - бала құқығы жөніндегі омбудсмен

Ана мен бала құқығы қоғам үшін қашан да өзекті. Бұл біздің еліміз үшін де аса маңызды. Елбасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақста-2050” Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталатын Қазақстан Халқына Жолдауында ана мен баланың құқығын қорғау мәселесіне айрықша назар аударған болатын.

Онда Нұрсұлтан Әбішұлы:Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе”,-деді. Одан әрі Елбасы Жолдауындағы аналарға қатысты сөздерді қаз-қалпында келтірсек:

-Біз Қазақстан қыздарының сапалы білім алып, жақсы жұмысқа ие болуы және тәуелсіз болулары үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Олар банк карточкаларына ие болуға, көлік жүргізіп, қызмет жолын қалыптастыра алуға, заманға сай болуға, сәнденуге тиіс және біздерде ешқашан киілмеген, салтымызға жат киімдерге оранып-қымтанбауға тиіс. Біздің халқымыздың өз мәдениеті, өз дәстүрі мен салты бар. Халқымыз "Қыздың жолы жіңішке" дегенге ерекше мән беріп айтады. Бойжеткеннің жолы, қыздың жолы – қылдай, оны үзуге болмайды. Бойжеткен, әйел заты әрдайым біздің қоғамның теңқұқылы мүшесі, ал ана – оның ең ардақты тұлғасы болды. Біз әйел затына – анаға, жарға, қызға деген қапысыз құрметті қайта оралтуға тиіспіз"

Ал, елімізде сол аналар мен олардың балаларының құқығы қаншалықты қорғалып жатыр. Бұл мәселеде мемлекет бей-жай қалған жоқ. Мәселен, 2006 жылдан бері елімізде балалар құқығы жөніндегі уәкілеттік бастап жұмыс істейді.

Ал, күні кеше аталған орынға Аружан Саин тағайындалды. Ол енді Қазақстанның бала құқығы жөніндегі омбудсмені қызметін атқарады.Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Мұндай Жарлыққа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Ал, бала құқығы жөніндегі бұрынғы уәкіл Сәуле Айтпаева бұл қызметтен босатылды.

Енді Аружан Саин кім дегенге келер болсақ...

Аружан Саин Қызыорда қаласында дүниеге келген. 1993 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің география факультетіне оқуға түседі. Нақтырақ айтсақ, экология және маниторинг кафедрасында оқыған. Ал, 2006 жылы ол “Мейірім” ерікті қоғамы” атты қайырымдылық қорын құрады. Аталған қор ауыр дертке шалдыққан балалар мен сәбилер үйлеріне көмек көрсетумен айналысады. Сонымен қатар Аружан Саин сол құрылған қор аясында науқас балалардың еміне ақша жинайды.  Және, баласыз отбасылардың бала асырап алуына жағдай жасап, инклюзия мәселелерімен айналысады. Ол  осылайша,  елге ең әуелі ауыр дертке шалдыққан балаларды емдетумен айналысқан қайырымдылық әрекеттері арқылы танымал болды. Ол осы мақсатта “Қайырымдылық” атты қоғамдық қор құрып, қаржы жинаумен айналысты. Аталған қорға мемлекет тарапынан да үлкен қолдаулар болды. Себебі елімізде мемлекет тарапынан ана мен балаға үнемі үлкен көңіл бөлініп келеді. Сөйтіп, 2015 жылы Аружан Саинның “Қайырымдылық” қоры Елбасы, қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтан 300 мың доллар жәрдем алған. Айта кетейік, Аружан Саин Қытай Халық Республикасында “Жібек жолы бейбітшілік сыйлығы” атты жүлдемен марапатталған. Ал, аталған қаражат сол сыйақының бір бөлігі.

Одан бөлек, Аружан Саин ауыр дертке шалдыққан балалар туралы бірнеше тележобалар жасады. Ол сонымен қатар қоғам қайраткері. Аружан 2012 жылы және 2015 жылдары “Жылдың қоғам қайраткері” аталымы бойынша, “Халық сүйіктісі” ұлттық жүлдесінің лауреаты атанған. Бүгінде 42 жастағы Аружан ханым енді балалар құқығын қорғау жөніндегі омбудсмен қызметін  өз жауапкершілігіне алмақ.

Айта кетейік, Қазақстанда балалар құқығы жөніндегі уәкілеттік 2006 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің жанынан балалардың құқықтарын қорғау Комитеті ретінде құрылды.Аталған уәкілетікке алғаш рет Зағипа Балиева тағайындалды. Алайда, 2018 жылы ол қызметін қазіргі сенат депутаты Сәуле Атпаева ханымға табыстаған болатын. Комитет 2018-2019 оқу жылының басында себепсіз сабақ қалдырған, ата-ана қарауыныз қалған 236 баланы  анықтады. Олардың он бірі қайтадан сабаққа бара бастаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515