Президент: Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.
Президент Жолдауының мәтіндері Ақорданың Twitter желісіндегі парақшасында жариялануда.
"Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады. Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр" , - деді Президент.
Мемлекет басшысы қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеу туралы айтты.
"Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет. Біздің ұстанымымыз: Ел бірлігі – оның әралуандығында!", - деді Тоқаев.
Мемлекеттің тілдің маңыздылығы туралы да сөз қозғады.
"Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.
Президент өз сөзінде шикізатқа байланған менталитеттен бас тартатын кез келгенін айтты.
"Шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру. «Білім экономикасы», еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналды", - деді.
Қазақстан халқы үшін тағы бір маңызды мәселе жер мәселесі туралы да кесімді сөзін айтты.
"Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз", - деді Президент.
Мемлекет басшысы өзі осыған дейін айтқанындай мұғалімдердің жалақсы жоғарлайтынын жеткізді.
"Мен Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз", - деді Тоқаев.
Abai.kz