Сәрсенбі, 22 Қазан 2025
4524 4 пікір 25 Қазан, 2019 сағат 11:35

Мобилді байланыс операторлары тіркелмеген қолданушыларды өшіреді

Қазақ үкіметі мен мобилдік операторлар телефондарын тіркеуден өткізбей, оларды жеке идентификациялық нөмірлеріне байланыстырмаған қолданушылардың мобилдік байланыстары өшіріліп жатқанын мәлімдеді.

Үкімет пен мобилдік операторлар қазақстандықтарға мобилдік телефондарының IMEI-кодтарын тіркеу туралы бірнеше рет ескертілгенін, тіркеу мерзімі биыл 1 қаңтарда өтіп кеткенін мәлімдеді.

Жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлағандай, қазір Нұр-Сұлтанда ондаған абоненттер тіркеуден өту үшін кезекте тұр.

Биыл жаңа телефон алған абоненттер аппараттарының IMEI-кодтарын тіркету үшін, мобилдік операторларға хабарласып немесе SMS арқылы жіберуі тиіс.

Билік азаматтардың телефондарын жеке базаға топтау телефон ұрлығының көптігімен түсіндіреді. Бірақ бірқатар белсенділер болса, бұл азаматтарды аңду үшін жасалған деп есептейді.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1044
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10400