РОСКОСМОС: АЙЫМБЕТОВ ХҒС-ДА ҰШУ ҚҰНЫН ТӨЛЕУ КЕРЕК
Қазақстандық тарап өзінің ғарышкері Айдын Айымбетовтың халықаралық ғарыш станциясында ұшуына қыркүйек айында төлем жасауға міндетті. Бұл туралы "Роскосмос" басшысы Игорь Комаров Байқоңыр ғарыш айлағындағы баспасөз мәслихатында айтқан. Аталған хабарды tengrinews.kz жазды.
"Ұшуды қазақ тарапы өзіне алады. Біз ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. ХҒС қатысушылары бұған келісім берді", - деп мәлімдедген Комаров.
Комаровтың айтуынша, Айымбетовқа арнайы киім мен ложементтер дайындалып жатыр және "барлығының өз мерзімінде болатынына ешқандай күмән жоқ".
Естеріңізге салсақ, Abai.kz бұған дейін қаржы себебімен Айымбетовтің ғарышқа сапары болмай қалуы мүмкін екенін жазып, дабыл қаққан еді. «Айымбетовтің ғарышқа ұшуы үшін Қазақстан 20 миллион АҚШ доллары шамасында ақша төлеуге тиіс, әзірге бұл сома төленген жоқ...», - деген болатын Комаров Мұсабаевпен әңгімесінде. Қыркүйекте Айдын АЙЫМБЕТОВТІҢ ғарышкер-зерттеуші әрі борт инженер ретінде ұшатыны жоспарланған.
Абай-ақпарат