Сенбі, 23 Қараша 2024
Қоғам 18340 0 пікір 26 Қаңтар, 2016 сағат 16:07

САЙЛАУБЕК САЙЛАУҒА ТҮСЕТІН БОЛДЫ

Билік пен қоғамға тосын ұсыныстар жасап, «топ жарып» жүрген Қазақстан Мұсылмандары қауымдастығының төрағасы Мұрат Телебеков түсініксіз тілде рэп айтумен аты шыққан МС Сайлаубекті алдағы сайлауға түсуге шақырып, мәлімдеме жасаған болатын. Телебековтың «тентектеу» мәлімдемесін әлеуметтік желілерде отырған жұрт біржақты қабылдағанымен оның астарынан күлкі, әжуа аулағандар да табылып жатыр. Кім не десе де МС-дің ҚР азаматы ретінде сайлауға өз кандидатурасын ұсынуға, дауыс беруге қақысы бар. Расында, солай болып шықты. Рэпердің продюсері бізбен сұхбатында сайлау додасына Сайлаубектің түсетіні туралы ағынан жарылып айтып берді.

 

Асылан Бақытжан, МС Сайлаубектің продюсері: 

–  Асылан, соңғы күндері Сайлаубек бауырымызды ҚР Парламент Мәжілісіне депутат етіп сайлау керектігі жөнінде сөз қозғалып жатыр. Бұл мәселеге қатысты өздеріңіздің ойларыңызды білсек деп едік.

– Мұндай ұсынысты естіп, біз де ойланып қалдық. Кешелі бері тиісті адамдармен ақылдасып, Сайлаубектің кандидатурасын депутаттыққа ұсынудың жолдарын қарастырып жатырмыз. Құдай қаласа, Сәкеңнің қолдаушылары көп, депутат болу мүмкіндігі бар деп ойлаймыз.

– Сайлаубектің өзінің ойы қандай? Депутат болғысы келе ме? Ол кісімен сөйлесе аламыз ба?

– Сәкең депутат болуға қарсы емес. Сайлаубек қазір «баняда». Сөйлесе алмайды. Бір сағаттай шомылады. Шомылып болған соң, тілдесуіңізге болады.

– Сәкең депутат болса, халық қалаулысы ретінде қандай мәселелерді шешуге бел сыбана кірісуі мүмкін?

– Бұл жайт әзірше құпия болып қала тұрсын... 

– Сайлаубектің атының өзі қызық. Ол кісінің аты неліктен Сайлаубек қойылғанын білесіз бе?

– Әрине, мен ол кісінің өмір-тарихымен толық танысқан адаммын. Бұл атты Сайлаубектің атасы қойған. Ол атамыз көріпкел адам болыпты. Бастапқыда немересінің атын «Сайлаухан» деп қоймақшы болған екен, кейіннен Сайлаубек деген ат бұйырыпты.

– Бәлкім  атасы бүгінгі жағдайды, немересінің Парламент сайлауына депутат ретінде қатысатынын болжап, осылай ат қойған шығар...

– Енді оны нақты білмеймін. Бірақ, көріпкел адам немересінің атын бұлай бекер қоймайды ғой.

– Сіздер қай партия арқылы сайлауға түсуді ойлап отырсыздар? МС Сайлаубек қай партияға мүше болмақ?

Оны әлі шешкен жоқпыз. Бұл идея айтылғалы бір-ақ күн уақыт өтті ғой. Бүгін ақылдасып, қай партияға мүше болатынымызды шешеміз. Сосын сайлауға дайындықты бастамақпыз...

– Әңгімеңізге рахмет

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338