Жұма, 29 Наурыз 2024
Мәйекті 9689 0 пікір 1 Наурыз, 2016 сағат 12:01

ҰЛТШЫЛДЫҒЫҢДЫ СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН ДӘЛЕЛДЕ!

Биыл ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы. Осы мақсатта «Алашорда» қоғамдық қоры қазақ баласына қайырылып, Әлекеңнің мерейтойы аясында қолға алынатын, атқарылатын іс-шара, жұмыстарға деп қаражат жинап жатыр. Мұның себебі, Әлихан Бөкейханның 150 жылдығына Үкімет қазынадан қаржы бөлінбейтіндігінде болып отыр.

Қайырлы істен қалыс қалмайық, ағайын!

Алашшыл, Абайшыл болайық!

Abai.kz

Әлиxанға, Алашордаға деген маxаббатымызды Сөзбен емес, іспен дәлелдеп, Әлиxан бабамыздың тойына әрқайсымыз 1000 теңге аударсақ та, көмек берейік, қайырлы іс, сауапты іс, Алла разы болсын!!! (егер счетқа ақша аударсаңыз, чегін бізге жіберіңіз) Достар, таяуда біздің БАҚ Әлихан Бөкейханның 150-жылдығына қаржы бөлінеді деген мәдениет министрінің сөзін жер жаһанға жайды. Неткен аңқаулық десеңші! Министрдің құр сөзіне сенейік пе әлде Премьер-министрдің 2015 жылғы 12 қарашада депутаттарға ресми түрде берген мына жауабына сенеміз бе: «Қазіргі уақытта қаржы-экономикалық ахуалға және бюджеттің қысқартылуына байланысты 2016 жылға мерейтойлық іс-шараларды өткізуге арналған мақсатты қаржы қаражаты көзделмеген. Осыған байланысты, мерейтойлық іс-шаралар мемлекеттік органдардың ағымдағы жұмысы шеңберінде және бюджеттен тыс қаражатты тарту есебінен өткізілетін болады. Әлихан БөкейханОВтың есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында мемлекеттік органдарға тарихи тұлғаның мерейтойы құрметіне БАҚ-тарда кеңінен жариялай отырып, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, мәдени-көпшілік және басқа да әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізуге тапсырма берілді». Байқасаңыз, хатта Алаш көсемінің 150-жылдық мерейтойы халықаралық маңызы зор оқиға деп қарастырылмайды. Естеріңізге салайын: 2015 жылдың қарашасында ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы Әлихан Бөкейханды «шынайы бүкіл дүниежүзілік даңқты тұлға» деп мойындап, оның 150-жылдығын өз аясында (ЮНЕСКО) тойлау туралы Қарар қабылдады. Ал енді мәлім болғаны: Әлиханның 150-жылдығы министрліктердің іс-шаралар жоспарына да кіргізілмеген, яғни 2016 жылы оларды қаржыландыру да қарастырылмаған. Бүгін «Алаш» институты «Әлихан Бөкейхан. Шығармаларының 16 (18) томдық толық жинағын» және Ә.Н. Бөкейханның өмірі мен тарихи қызметі туралы туралы 2-томдық монографияны баспаға дайындады. 1917-1920 жылдары Қазақ-Алаш мемлекеті исі қазақтың, бай-меценеттардың қаражатына құрылып, іс атқарғаны тарихтан мәлім. Қадірлі достар, Отанымыздың тарихына, жерінің, ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі жолында жанын қиып, қазіргі Қазақстанның қалыптасуына өшпес үлес қосқан тарихи тұлғаларға немқұрайды қарамайтын әрқайсыңыз, Әлихан Бөкейханның есімін мәңгілік есте қалдыруға үлес қоса аласыз.

«Алашорда» қоғамдық қоры

ИИН: 000940007148

КБЕ: 17

Есепшот №: KZ86914398416BC11601 (KZT),  KZ19914012203US000VR (USD)

Құрметпен, Сұлтан Хан Жүсіп «Алашорда» қоғамдық қорының директоры

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1582
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610