Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
Жағымды жаңалық 7706 0 пікір 6 Мамыр, 2016 сағат 14:27

ПРЕЗИДЕНТ ЖЕР КОДЕКСІ МОРАТОРИЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАРЛЫҚҚА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Президент Н.Назарбаев кеше Астанада өткен жиынды қоғамдық резонанс тудырған Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий жариялаған еді. Бүгін арнайы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлайды.

 Abai.kz

 

«Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» Жарлық

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабына, 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

1. 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін мыналарға:

1) «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдануға;

2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығын беруге;

3) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiне жеке меншік құқығын беруге мораторий жариялансын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыруға бағытталған заңнамалық түзетулер енгізуді қамтамасыз етсін;

2) жер реформасы жөнінде Комиссия құрсын;

3) Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

 

Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  6 мамыр

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1562
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2253
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3510