Жексенбі, 29 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5896 0 пікір 23 Қазан, 2010 сағат 11:18

Ақберен ЕЛГЕЗЕК: ДҮНИЕ - ТӘҢІРДІҢ ӨЛЕҢІ

Бүгінгі кейіпкеріміз - Ақберен Елгезек. Әңгіме - темір жол бекетінде өтті. Әдебиетке екімыңыншы жылдан кейін келген. Ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Көк бөрінің рухы», «Көлеңкелер күбірі» жыр-жинақтарының авторы. Кезінде «Қазақ әдебиетін қолдау» қорын құрған. Ол қор Республикалық әдеби-танымдық «Кентавр» газетін шығарып тұрды. Интернет жүйесінде өте танымал. Өзінің поэтикалық сайты бар.  www.akberen.com

Ол өлеңге келген жоқ. Өлең оған келді. Ақынға. Күтпеген жерден емес. Күткен жері - тағдыры. Бір қарағанға, сырт келбеті Есенинді есіңізге түсіреді. Жаны... Құштарлық бар. Сол сезім - оның әлемінің қозғаушы күші. Сергек. Жаңашыл. Дәстүрді жоққа шығарушы емес. Әдемі киінгенді ұнатады. Эстет. Сыйлас адамдарымен қарым-қатынаста өзін екінші орынға ысырып қойып жүреді. Мақсатшыл, мүддешіл. Беймәлім, тылсым атаулыға ынтық. Жетінші айдаһардың әлемін іздейді. Поэтикалық ізденісі - өзін тануға ұмтылу.

Бүгінгі кейіпкеріміз - Ақберен Елгезек. Әңгіме - темір жол бекетінде өтті. Әдебиетке екімыңыншы жылдан кейін келген. Ақын, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты. «Көк бөрінің рухы», «Көлеңкелер күбірі» жыр-жинақтарының авторы. Кезінде «Қазақ әдебиетін қолдау» қорын құрған. Ол қор Республикалық әдеби-танымдық «Кентавр» газетін шығарып тұрды. Интернет жүйесінде өте танымал. Өзінің поэтикалық сайты бар.  www.akberen.com

Ол өлеңге келген жоқ. Өлең оған келді. Ақынға. Күтпеген жерден емес. Күткен жері - тағдыры. Бір қарағанға, сырт келбеті Есенинді есіңізге түсіреді. Жаны... Құштарлық бар. Сол сезім - оның әлемінің қозғаушы күші. Сергек. Жаңашыл. Дәстүрді жоққа шығарушы емес. Әдемі киінгенді ұнатады. Эстет. Сыйлас адамдарымен қарым-қатынаста өзін екінші орынға ысырып қойып жүреді. Мақсатшыл, мүддешіл. Беймәлім, тылсым атаулыға ынтық. Жетінші айдаһардың әлемін іздейді. Поэтикалық ізденісі - өзін тануға ұмтылу.

- Мыңжылдықтың жаны - бір сәтте, жалқы сәтте. Кез келген тарихи оқиға ғасырлар бойы толғатқанымен, іште піскенімен бір-ақ сәтте өмірге келеді. Қарасаңыз, әр философиялық дәуірді ашатын бір ойлау жүйесі, әр поэтикалық дәуірді ашатын сезіну феномені болады. Қалай ойлайсыз, жаңа кезеңдегі поэтикалық дәуір ашылды ма, ашылса, оның стихиясы не?
- Жаңа поэтикалық дәуір бір ғана өлеңнің дүниеге келуі үшін ашылатын секілді. Сол бір ғана өлеңді жазу үшін қаншама буын мен бір-біріне ұқсамайтын таланттар дүниеге келіп, алмасып жатады. Бәлкім, ол өлең жазылғаннан кейін де қанша буын келіп кетуі мүмкін. Мәселе сол бір қасиетті шумақтардың толғағында болып отыр. Бірақ ол өлеңді бір ғана әулие ақын жазатыны сөзсіз.
Жаңа ғасырдың, тіпті жаңа мыңжылдықтың басталысымен сол бір өлеңге деген бәйге басталып кетті. Ол жазылып қойды ма, жоқ па, оны Тарих көкем айтсын. Дегенмен жаңаша сөз саптау мен өзгеше пайымның келгені даусыз. Ол біреуге түсініксіз, тұманды-бұлдыр шатпақ-шимай болып көрінер. Оған ренжудің қажеті жоқ. Солай ойлағандардың талғамы өткен уақытқа деген сағыныштан ғана тұрады.
Жаңа поэзияның стихиясы - мұң. Оны қасіреттену деп түсіну қате. Мұң - жаңа поэзияның көкжиегіне ертіп апаратын сұлу жолсерік. Өлеңнің туылу алдында мұң тұрмаса, ол өлең шетінеп туған бала сияқты болады. Былайша айтқанда, поэтикалық атмосферасы сезілмейді. Себебі мұң - Тәңіри махаббаттың бастауы... Ал нағыз поэзия - ғарыштық ауқымдағы мұңлы шаттық болуы тиіс!
- Қасиетті кітаптарда Абылдан ұрпақ тарамағандығы жайлы айтылады. Және «оның қаны әлі күнге дейін шыңғырып тұр» делінеді. Осы дауыс... Әулиелер мен ақындардың өмір тарихы, жан дүниесінің тарихында әлдебір «күбір» естігендіктері жайлы деректер бар. Бұл - адамзат баласының алғашқы күнәсін, априори қателігін еске салатын дауыс деп ойлайсыз ба? Әлде жай ғана аңыз ба?
- Ақын болмасам, мұны аңыз дер едім. Жаратылыста ештеңе кездейсоқ емес. Әлмисақта рухтары жаратылып, өмірге келмеген Абыл ұрпақтарының қасыреті сұмдық, әрине. Дегенмен Тәңір адамға жарық пен нұр туралы түсінікті түнек арқылы берген. Абыл - ең алғашқы құрбандық. Оның өлімі мұндай сорақылықты білмеген Адам ата мен Хауа ананың өздеріне және олардың күллі ұрпағына зұлымдық туралы ақпаратты жеткізді. Ол өз кезегінде әділдікке құштарлық сезімінің пайда болуына алып келді. Әулиелер мен ақындар әділеттілік пен мейірімділікті насихаттайтын елшілер. Көп жағдайда сол «күбір» мен «сыбырды» естігендері үшін олар Қабылға ұқсап кеткен ұрпақтардың қолынан мерт болып жататыны өкінішті.
- Адамдарды шартты түрде екіге бөлу бар: жақсы адам және жаман адам. Жақсы адам дегеніміз кім? Жаман адам дегеніміз кім?
- Тәңір жаратқан бірде-бір тіршілік иелерінің жаманы жоқ. Жаратушы адамға таңдау құқығын берген. Әркім өз тағдырын өзі сомдайды. «Жаман адам» деп есептелінетін кісіні біз, бәлкім, түсінбейтін шығармыз. Ал ол өзі таңдаған жолын дұрыс деп есептейді. Оның қылықтарының дұрыс-бұрыстығын Жасаған ғана екшейді. Біздің оған хақымыз жоқ.
- Жаман өлең дегенді қалай түсінесіз?
- Жақсы ақын жаман өлең жаза алмайды дегенге келісіп алсақ... Қарапайым тілмен айтқанда, жаман өлең жазу оның қолынан келмейді. Талант - мұзарт шың секілді, оның басында тек мөлдір мұздықтар ғана тұрады. Шайқалса, әртүрлі арналармен тонна-тонна қар көшкінін ағызады. Ал «халтура» деген әдебиет пайда болған сәттен оның негізгі жауы іспеттес еріп келе жатыр. Ол кәдімгі басынан тек лай су ағатын төбешік секілді. Біраз уақыттан соң ол саз балшық, тоң болып қатып қалады ғой... Бәрі уақыттың еншісінде.
- Кейде шығармашылықтан кетіп қалған адамдар «әдебиетті тастап кеттім» дейді. Қалай ойлайсыз, негізінде өлең тастап кетпей ме? Осы өлеңнің ұшып кетпеуі үшін жанның күйі қандай деңгейде болуы керек? Ақыннан сатқындық пен қатыгездік шыға ма?
- «Әдебиетті тастап кеттім» дегенше, «менің жазатын потенциалым бітті» деген жөн. Себебі кез келген қаламгерге бүкілғарыштық ақпараттық қазынадан белгілі мөлшердегі шығармалар жиынтығы бұйырады. Ал өлеңнің ақыннан жиіркеніп ұшып кетуі шындық. Себебі ол қасиетті құс. Оған деген махаббатың сөнген сәтте ол сені тастап кетеді. Ақын үшін ең алдымен, жанның тазалығын қамтамасыз ету қажет. Киелі өлең-құс тек кіршіксіз ішкі әлемде ұшып жүруі тиіс. Рухани деңгейі жоғары адам ғана әдебиетте жүруге құқығы бар. Ақыннан қатыгездік де, сатқындық да шықпайды. Егер ол нағыз ақын болса. Ақын - ең алдымен болмыс. Ол болмыс таза және мейірім нұрын шашып тұруы шарт.
- Өлең техникасы дегеннен шығады, жаңа мазмұннан жаңа пішін туа ма, әлде керісінше ме?
- Адам жанының болмысы бетіне шығып тұратыны секілді, өлеңнің де пішінін мазмұны сомдайды. Керек десеңіз, қара өлең формасымен жазатын мойындалған ақындарымыздың өлеңдерінде өзіне тән, өзгеше стилі байқалып тұрады. Формалық ізденіс әдебиетке төңкеріс жасаймын деп келген әр ақында болатын әлек. Шынымды айтсам, мен де біраз әрекеттенген болдым. Болмады, негізі... Түсінгенім, өлең формаларының барлық түрі жасалып қойған секілді. Мүмкін, болашақта жасалатын шығар. Әзірге жаңа заман поэзиясының міндеті қолда бар формаларға мазмұндық өзгеше түр-өң беруде болып отыр.
- Айту және жырлау. Осы бір нәзік аралықтағы құбылыстың аты не?
- Ол құбылыстың аты - транс болар. Өлеңнің техникасын меңгеріп алғандар, құрастырып, тігісін жатқызып жаза береді. Ал нағыз өлең санаң ұйықтап, жүрегің - радиоқабылдағыш ретінде іске қосылғанда дүниеге келеді.
- Шын жек көре алмаған адам шын сүйе де алмайды. Өмірде нені жек көресіз?
- Сатқындық пен сертте тұра алмаушылықты. Сосын себебі жоқ өтірікті.
- Әр адамның ішінде бір Нарцисс өмір сүреді. Сондай-ақ Горгона Медуза да. Өз ішіңізде кімді көбірек сезінесіз?
- Әй, соның екеуі де бар-ау... Шығармашылықта нарциссизмен ауырмаған қаламгер - жазушы емес. Тіршілікте Горгона болмасаң, аштан өлесің...
- Күндердің күнінде уақыттың алдында, тарихтың алдында, адамның алдында, тіпті ақ гүл мен қара тастың алдында да ақталуға тура келеді. Ақынды не ақтай алады?
- Бірінші орында ақынды өз өлеңі ақтайтын шығар... Сосын сол ақынды сүйген арулардың әуеде қалықтап жүрген сезімдері...
- Иә, әлемді сұлулық құтқарады, ал ақынды... кейде соның өліміне де себепші болып жататын тұстары бар ғой...
- Сұлулықтан жүрегі жарылып өлген ақынды нағыз ақын деп есептейікші! Себебі ол сол сұлулықтың ішіне еніп, соған біржолата ұласып, мәңгі нұрланып тұрады. Сұлулық пен махаббат үшін құрбан болған ақында не арман бар?! Демек, ол Тәңірдің жіберген махаббаты үшін шейіт болды, ал Жаратқанның ұлы өлеңіндей үздіксіз оқылып тұрған мына әлем - сұлулық пен үйлесімнен тұрады. Соны өз ажалымен дәлелдеп кеткен ақын, шынымен, әулие емес пе?!
«Махаббат, ғадауатпен майдандасқан, қайран менің жүрегім мұз болмай ма?» деп кетті ғой Ұлы шайыр! Абайдың махаббаты сұлу өмірге деген толассыз ғашықтық қой, ал ол сүйіспеншіліктің шырқау шегі тіршіліктің қозғаушы күші - Тәңірге барып тіреледі...
- Өткен күндердің өтеуі не?
- Мен үшін Де-жавю боп келген өлең. Ал тарихтың өтеуі - жасалған қателіктердің болашақта қайталанбауында.
- Өмір жолыңызда байқамай жанынан өтіп кетіп, кейін қанша іздесеңіз де таба алмаған адамдарыңыз болды ма?
- Жүздеп болды! Ешқайсысын таба алмадым. Мысалға мен Киев қаласында бір керемет аруды көрдім. 5 секундық уақыт қана сол кеңістікте бізді жолықтырды. Әлі көз алдымда. Оны қайдан табамын? Ал сағыныш бар. Неге екені түсініксіз. Мүмкін, ол елес те шығар. Қайдан білейін?..
- Пайдалылық дегенді қалай түсінесіз? Өнердің пайдасы бар ма?
- Оскар Уайльд айтқан ғой: «Өнердің кез келген түрі пайдасыз» деп. Сол айтты деп өнер атаулының бәрін жойып, жабайы, варварлық кейіпке түсіп кетейік онда!
Адам тәнінің тіршілік етуіне азық-түлік қаншалық қажет болса, адам рухының тірі тұрып, кемелдене түсуіне өнердің қажеттілігі соншалық. Біз ең алдымен Тәңіри рухтан тұрамыз. Тән деген - жанның киімі. Шешеміз де кетеміз. Келесі ғұмырымызда рухымызды немен қуаттандырдық, немен азықтандырдық, ары қарай шарықтауымыз соған байланысты.
Кітап оқымаған, рухани ілімге құштар болмаған адам азғындап, ақыр аяғы қылмыскерге айналмай ма?! Ал Жаратқанның алдына барғанда ол бейбақтың күні не болатыны түсінікті дүние ғой. Сондықтан өнердің, оның ішінде ең кербезі де, парасаттысы - әдебиет, мына ғажайып әлем тірі тұрғанда мәңгі жасайды. Бір қынжылтатыны, әдебиеттің пайдасын оны жасаушылар көре алмай кетеді...
- Әңгімеңізге рақмет.

 

Вокзал - көңіл күйдің мәселесі. А. қаласынан А. қаласына. Немесе А. қаласынан А. қаласына. Бәрібір емес пе?! Адамды ұстап қалатын нәрсе көп. Сөмкеңе бәрі сыймайды. Және ештеңе де жоқ. Әлдебір әуен... Таңертеңнен бері жатталып қалған, қайталанып келе береді: «Пора, пора, порадуемся на своем веку...». Ол үнемі жолға шығатындай көңіл күйде жүреді. Бірақ билет бүгінге емес. Қай күнге екені тағы да белгісіз. Ал А. қаласының шамдары - жап-жарық, жарықтың да көлеңкесі бар.

Әңгімелескен Ерлан ЖҮНІС

 

"Айқын" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2084