Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020
46 - сөз 610 4 пікір 13 Қаңтар, 2020 сағат 12:23

Кончаловский Абай туралы қайтіп фильм түсірмек?

Кончаловскийге ақша керек болғанда ғана қазаққа жиен екені есіне түсетіні несі екен?

Кезінде осы Егор "Қазақфильмнің" ақшасына "А"-ға оралу" атты фильм түсірген еді. Басында ауған соғысының атақты командирі "Қара майор" туралы түсіріледі делінген еді. Бірақ кейін фильмді көрген кезде онда "Қара майордың" иісі де болмай шықты. Бірнеше миллион доллар желге шашылады.

Енді Кончаловский Қазақстанда тағы да фильм түсіремін деп жатқан көрінеді. Бұл жолы Абайдың өзіне ауыз салыпты. Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын мүлде білмейтін адам Абай туралы қайтіп фильм түсірмек? Осы Егорға "кончай Кончаловский" "дейтін біреу бар ма, Қазақстанда? Түсіргіш болса, өзінің Ресейінде неге түсіре бермейді, фильмдерін?

Бірақ біздің жиеннің орысты мойындатқан бір фильмі жоқ. "А" ға оралуын" көргенген кейін Қазақстанға оралмайтын шығар дегенмін. Жоқ, Абайға оралмақ ойы бар. Бірақ оралғанымен Абай орайына келтіре ме "оралманды". "Абайды" түсіртеміз дейміз. Өзімізге де обал жоқ...

Ерлан Төлеутайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір