Дүйсенбі, 20 Қаңтар 2020
385 0 пікір 14 Қаңтар, 2020 сағат 11:03

Сот Денис Теннің өліміне байланысты екі полиция қызметкерін жауапкершілікке тартудан тас тартты

Қазақстанда сот мәнерлеп сырғану шебері Денис Тенге қол салу бойынша куә болған екі полиция қызметкеріне жауапқа тарту жөнінде арызданған марқұмның анасы Оксана Теннің арызын қанағаттандырмады.

Оксана Тен инспекторлар Әділбек Мұсаев пен Азамат Нүрпейісовті әрекетсіздікке айыптаған. Денис Тен өлімі бойынша сот отырысы кезінде олар куәгерлер қатарына өткен. Полиция қызметкерлері Денис Тенге қол сұғу кезінде сол жерде болғанын, бірақ олар жеткенше, спортшы ауыр жарақат алғанын айтқан.

Марқұмның анасы өз арызында ұлының өлімін алдын алуға болар еді деп терең зерттеуді сұраған.

2018 жылы тамызда тәртіп сақшыларына қарсы қозғалған іс 2019 жылдың наурыз айында "қылмыс құрамы жоқтығына байланысты" делініп тергеу тоқтатылған. Бірақ Оксана Теннің өкілдері сотқа қайта арыз берген.

Мамандандырылған ауданаралық сот арызды қанағаттандырмады.

Денис Тен 2018 жылы 19 шілдеде пышақ жарақатынан Алматы ауруханасында қаза тапты. Тергеу болжамы бойынша қол салғандар оның көлігінің айнасын ұрламақ болған. Оны көріп қалған спортшыға пышақ сұққан. Бұл оқиғаға күдікті екі жігіт және оларға көмектескен әйел көп ұзамай ұсталды.

2019 жылдың қаңтарында Денис Тенді екі жігіт 18 жылға, әйел төрт жылға сотталды.

Abai.kz

0 пікір