Сейсенбі, 18 Ақпан 2020
46 - сөз 921 1 пікір 24 Қаңтар, 2020 сағат 11:41

Аусберг қаласында үйді жалға алу құны 1520 жылдан бері өзгермепті

Қолжетімді баспана дейсіз бе?

Германияның Аусберг қаласында Фуггерай дейтін квартал бар, квартал болғанда қала ішіндегі қала десек болады. Сол қалада үйді жалға алу бір жылға 330 теңгені құрайды.

Бұл қаладағы үйді жалға алу құны 1520 жылдан бері өзгермепті. Өйткені бұл қалашықтың негізін қалаған Якоб Фуггер халыққа қолайлы баға болғанын қалап, бағаны өсіруге тыйым салған. Міне сол дәстүр ғасырлар бойы өзгермей келеді екен.

Фуггер байыған соң, осы қалаға алғыс ретінде қарапайым халық пен кедейлерге үй салып, алғаш болып жалдамалы пәтер түсінігін енгізген. О баста 53 үй, әр үйде 2-3 пәтерден салынған. Кейін саны артқан. Ғасырлар өтті. Фуггер жоқ, бірақ оның есімі мәңгі тарихта қалды.

Айтпақшы, бізде мемлекеттік жалдамалы пәтер қанша болып жатыр халайық?

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір