Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7506 0 пікір 12 Сәуір, 2012 сағат 07:44

Кенжебек Құдысұлы. Ұлт иммунитеті

Жат пиғылды жандардың  жасырын және ашық жүргізіп жатқан рухани соғысына - сана соғысына қарсы

ұлттымыздың рухани иммунитетін күшейтуіміз керек.

Автор.

Иммунитет дегеніміз не?

Жат пиғылды жандардың  жасырын және ашық жүргізіп жатқан рухани соғысына - сана соғысына қарсы

ұлттымыздың рухани иммунитетін күшейтуіміз керек.

Автор.

Иммунитет дегеніміз не?

Иммунитет - әу баста оба (чума) сияқты індеттерді (эпидемияны) жұқтырмау, шеттету; олардан арылу, құтылу, құтқарылу деген ұғымды білдірген. Медицина ғылымы бойынша, иммунитет адам организміне тән  физиологиялық қорғаныс қызметі. 1) Адам организмі денеде ауру тудыратын зиянды, бөгде (жат) заттарды қабылдамайды, дененің ішіне кіргізбейді (адамның терісі, шырыштты қабығы сондай қызмет атқарады). 2) Ал денеге сырттан еніп кеткен барлық зиянды бөгде (өзіне тән емес, өзіне жат кесірлі заттарды) заттарды, мысалы, ауру қоздырғыш мироорганизмдер (бактерия, вирус және олар бөліп шығарған улы заттар) мен паразиттерді дер кезінде айыра танып, жойып жіберіп отырады. 3) Сондай-ақ адам денесінің өз ішінде пайда болған қатерлі ісік клеткаларын (қаситеті өзгерген, өзге клеткаларға зиянды клеткалар. Әдетте сау клеткалар бір-біріне зиянсыз болады),  зақымдалған, дені сау емес (ауру) клеткаларды, қартайған клеткалар мен өлген клеткаларды қырағылықпен бақылап, айыра танып және шеттетіп, көзін жойып отырады. Осы арқылы дененің саулығын, біртұтастығын, организмнің орнықты жұмыс жасауын сақтап тұру қабілетін иммунитет деп айтады. Егер оларды (ауру шақыратын ішкі және сыртқы факторларды) дер кезінде жоймаса, организмге, денсаулыққа қауіп төнеді. Иммунитеттің қалыптасуына тұтас жүйе ретінде бүкіл организм қатысады, өйткені иммундық жүйе мен өзге жүйелер (мысалы, қанайналыс жүйесі) бір-біріне байланысты, бір-біріне тәуелді.

Иммунитет - дененің қорғанысы, денсаулық кепілі. Мысалы, бір рет қызылша (корь), шешек (оспа) шыққан адамға  шешек пен қызылша қайтып шықпайды. Себебі, организм сол реттен кейін шешекке, қызылшаға қарсы иммунитет қалыптастырады. Америка Гарвард университетінің медицина докторы BoGeer (БоГир) медициналық теориялық еңбектерінде адам денесінде пайда болатын аурулардың 80 пайызы иммундық жүйенің бұзылуымен байланысты болатындығын сипаттап жазады. СПИД (AIDS) ауруы - ауру қоздырғыш вирус (HIV - 'адамның иммунитет тапшылығын тудыратын вирус' деген cөздің қысқарғаны) организмнің өзге жүйесін емес, алдымен иммундық жүйенің өзіне шабуыл жасап, оның бөгде затты айыра тану (зиянды заттарды ажырату) қабілетін жояды. Былайша айтқанда организм «өзіне кімнің қас, кімнің дос екенін, ненің зиян, ненің пайдалы екенін ажырата алатын қабілеттен айырылады». Сондықтан организмнің иммунитеті әлсірей береді, жоғалады (яғни, иммунитет тапшылығы пайда болады). Нәтижесінде адам бірнеше жыл ғана өмір сүре алады. СПИД-ке бүгінде адамзат әлі ем таба алмай отырғаны белгілі (негізінен 100 пайыз). Осыдан-ақ иммунитеттің қаншалықты маңызды екенін бағамдай беріңіз. Меніңше адам организмінің иммунитеті мен рухани иммунитеттің ұқсастықтары өте көп. Айырмашылығы алдыңғысын көзбен, микроскоппен және өзге де тәсілмен көруге болса, соңғысын көзбен көруге де келмейді. Тек санамен ғана сезінуге болады. Сондықтан рухани иммунитет тіпті де маңызды.

Ұлттың рухани иммунитеті (Қазақ қоғамның идеологиялық иммунитеті)

Жоғарыда иммунитет туралы айтылған мазмұннан мынадай философиялық ой түйіндеуге болады: әрбір адамның ішкі жан дүниесінің саулығына, рухани дүниесінің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын, тұтас ұлтымыздың рухани біртұтастығына зиян келтіретін, сырттан енетін және іштен де пайда болатын барлық жағымсыз, қауіпті факторларды (мысалы, жат пиғылды діни ағымдар, түрлі рухани азғындауларға жетелейтін «құндылықтар») қырағылықпен бақылау, оларды айыра тану (ажырата білу), алдын алу, дер кезінде аластау, жолын кесу, тоқтату қабілетіне ие болу -- аса маңызды рухани иммунитет (идеологиялық иммунитеті) болмақ. Бір сөзбен айтқанда рухани иммунитет қалыптастыру дегеніміз -   ішкі-сыртқы факторларға, сана күресіне қарсы тұра алатын қабілетке ие болу деген сөз. Рухани иммунитет тұтас ұлтымыздың және оның әрбір азаматының дұрыс бағытта дамуына, бүгінгі және болашақ қоғамның тұрақтылығы мен ұлтымыздың рухани бірлігіне қорғаныс болады. Иммунитет адамның денсаулығының, ал денсаулық ұзақ өмір сүрудің негізі болғандықтан, ұлттың рухани иммунитеті - ұлт дамуының, тәуелсіздіктің ғұмыры ұзақ болуының аса маңызды бір рухани тірегі болады.

Ұлттың рухани иммунитеті - рухани байлықтың аса маңызды ажырамас бір бөлігі

Адам даму үшін денсаулық керек. Денсаулық үшін оны сақтап тұратын, оның «қорғаушы періштесі» иммунитет міндетті түрде керек екенін білдік. Бір ұлт, әсіресе оның рухани әлемі, сана-сезімі, ақыл-парасаты, дүние танымы, сенім-нанымы, өмірге көзқарасы дұрыс бағытта дами алу үшін ішкі жан дүниесінің иммунитетін яғни рухани иммунитетін күшейтуге тура келеді. Дұрыс пен бұрысты ажырата алатын (айыра танитын) және зиянды жағын теріске шығарып, қарсы тұру; пайдалы жағын қолдап дамыта білу қабілетін, яғни ұлттың рухани иммунитетін қалыптастыру және күшейту керек деген сөз.

Адамның ішкі жан дүниесінің, рухани дүниесінің ауқымы тым кең, шексіз деуге болады. Рухани мәдениетің мазмұндары да сан алуан. Бірақ, оның барлығы руани иммунитетті қалыптастыруға және күшейтуге қызмет ете бермейді. Рухани иммунитет - рухани мәдениеттің маңызды бір бөлігі. Нақтылап айтқанда ұлт және оның жеке азаматтарының өмір сүргіштік қабілетін күшейтуге жауапты болатын бөлігі. Яғни, рухани байлықтың ішіндегі ұлт қауіпсіздігіне, ұлттың рухани бірлігіне, ортақ сенімдеріне, ортақ құндылықтарына, философиялық ортақ дүние танымына, бір сөзбен айтқанда жан саулығына, рухани азғындамауға, адам сияқты адам болуға, (өзге елдің емес) өз елінің, (өзге халықтың емес) өз халқының баласы  болуға т.б жауапты рухани мәдениет.  Сондықтан, рухани дүниесі бай адамдардың рухани иммунитеті күшті бола беруі екі талай. Мақсатты түрде рухани иммунитетті қалыптастыруға және күшейтуге қатысты білімдермен тәлім-тәрбие алған, қауіпсіздік санасы өскен жеке адам немесе ұлт ғана рхани иммуниетін күшейте алады. Себебі, ұлттың рухани иммунитеті - ұлттың әр бір азаматына ненің дұрыс, ненің бұрыс; ненің пайдалы (өзіне де, ұлтына да), ненің зиян; ненің ақиқат ненің жалған (өтірік); ненің даму ненің кері кету; ненің маңызды ненің маңызсыз; неге сену, неге сенбеу; ненің бөлінуге, ненің бірігуге жетелейтіндігін т.б. көптеген мәселелерге жауап беру арқылы ұлтты, ұлттың әр ұлы мен қызын өмірдің дұрыс жолына түсуіне, дамудың дұрыс жолын таңдауына, жеке бас құндылықтар мен сенім-нанымдары ұлттық құндылықтар мен ұлттық сенім-нанымдар арасында бірізділік, өзара сәйкестік болуына рухани бағыт-бағдар көрсетуге, жан саулығын сақтауға, дұрыс бағыттағы идеалық тәрбие беруге жауапты. Мысалы, бір мықты механик немесе бір мықты инженер - олар да білім-ғылым саласында өз басына жетерлік білімі бар, қоғамға қажетті маман. Бірақ, оның бір сектаның табынушысы немесе бір жат пиғылдылардың қолшоқпары болып кетпесіне кім кепіл? Үлкен қаржылық жетістікке қол жеткізген бір мықты қазақстандық кәсіпкер белгілі бір құйтұрқы қаржылық ұйымның жемтігіне айналмасына кім кепіл? Ұлттық рухани иммунитеті болмаса, кез-келген бір шенеуніктің бір жат пиғылды діни ұйымның сойылын соғып, сол ұйымның күшейіп, ел ішінде ендеп кетуіне жағдай

Ұлттың рухани иммунитетіне қауіп төндіретін, зиян келтіретін сыртқы күштер

1)      Түрлі діни ағымдар, діни экстремистік ұйымдар т.б.

2)      Өзге ел, өзге халықтың өздеріне (дініне, салт дәстүріне, ұстанымына) тән құндылықтары, сенім-нанымдары.

3)      Ғылыми емес, дұрыс емес дүние танымдары, көзқарастары, қате түсінктері және ақиқат емес жалған нәрселері.

4)      Таза коммерсиялық мақсаттағы, бір қыры рухани соғыстың «сананы улау, аздыру, адастыру» мақсатында жасалған өнер түрлері (қорқынышты, фантастикалық және эротикалық фильмдер, компьютерлік ойындар, кейбір кітаптар, журналдар т.б.)

5)      Түрлі соқыр сенімдері.

6)      Ғылымда әлі дәлелденбеген жалғаны да бар, шыны да бар адамға тән ерекше (елде жоқ) қабілеттер мен ерекше қасиеттерді (Extra-sensory perception) пайдаланып халықты өздеріне табындыруға ниеттенеді. Айта кету керек, олардың бір сыпырасы сиқыршылық ойынға, жалған ғылымға (псевдонаука) және сол жөнінде түсірілген филмдерге сүйенеді. "Ерекше қабілетке" сенген адам ғылымнан бас тартуға дейін барады. Егер ұлт осылайша білімге, ғылымға сенуден қалса, одан бас тар са оның соңы қасіретке айналуы әбден мүмкін. Сондықтан "Ерекше қабілет"-ке ие адамдардың ақпарат құралдары арқылы көп хабарланбағаны, жарнамаланбағаны дұрыс. «Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме» демей ме атам қазақ.

7)      Өзге де әлі анықталынбай жатқан барлық сыртқы және ішкі жат пиғылды күштер.

Рухани иммунитетті әлсірететін сыртқы себептердің (сыртқы күштердің) әсер ету әдістері

Организм өзіне ауру шақыратын сырттан кірген (мысалы ауру қоздырушы бактериялар, вирустар, паразиттер) және іштен де пайда болған (қартайған кілеткалар, зақымдалған клеткалар, өлген клеткалар және рак (сапасы өзгерген клеткалар) клеткалары) факторлармен күресетіні белгілі. Ендеше бір ұлттың рухани иммунитетін әлсірететін сыртқы күштер қалай жұмыс жасайды (жұмыс тәсілі қалай) деген заңды сауал туады.

Сыртқы күштердің сырттан ыдырату тәсілдері:

1)      Ұлттың діни бірлігін сақтап тұрған өзінің байырғы дәстүрлі дінінен айырып, оларды тұс-тұсқа жетектеп түрлі дінге, дінсымақтарға тартуға тырысады. Нәтижесінде бір ұлт түрлі дінге сенетін, түрлі дін ұстанатын болады. Ұлттың діни біртұтастығы ыдырайды. Бұның соңы әрине бір ұлт үшінде, бір отбасы үшінде қауіпке толы.

2)      Өздерінің түрлі идеологияларына, дінсымақ нәрселерге сендіруге тырысып бағады.

3)      Жеке мүде мен ұлт, ел мүдесі арасындағы диалектикалық байланыстылықты бұрмалайды. Адамдарды жеке қара басының қамын ойлаумен ғана болатын әсіре өзімшілдікке итермелейді. Ол өз кезегінде адамдарды тасбауыр болуға жеткізеді.

4)      Қайдағы бір «мәдениеттерді» кіргізу, жарнамалау, жымсмалап дәріптеу және өзге де тәсілдер арқылы ұлтты өзінің ұлттық құндылықтарынан, ұлттың өз мәдениетін алыстата береді. Ұлтты өз ғұрып-әдеті мен дәстүрлеріне немқұрайлы қарайтын, өзінің асыл рухани байлығын бағалай алмайтын күйге түсіруге мүделі болады. Ұлтты өзінің ұлттық рухы, ұлттық нышаны, өзіндік ұлттық мәдениеті жоқ рухани қайыршы ұлтқа айналдыруға тырысады. Ал мұндай ұлт жаһандану үрдісінде өзгеге ергіш, еліктегіш келіп, оңай жұтылып кетеді.

5)      Ғылыми емес нәрселердің, ақиқат емес сандырақтардың, заңдылық емес шатпырақтардың «мән маңызын» әсерлі әңгімелермен, құлаққа жағымды сөздермен дәріптеу арқылы ұлтты ақыл-парасаттан, ғылымилықтан, ақиқаттан, (жаратылыстық, қоғамдық және рухани әлемдегі) заңдылықтан айырады. Адамзат үшін аса зор маңызға ие ортақ құндылықтардан шет қалдыруға тырысады. Ұлтты түрлі соқыр сенімге еліктіріп, өтірік нәрселерге алдандырып, пайдасыз немесе пайдасы аз нәрселерге мән беруге итермелейді.

6)      Маңызы төмен нәрселерді, маңызсыз тіпті мүлдем маңызы жоқ нәрселерді маңызды етіп көрсетуге тырысады. Осы арқылы ұлттың өсіп-өркендеуі, дамуы үшін аса маңызды болып саналатын құнды нәрселерге мән бермей кетуіне, одан қол үзуіне, ұлттың дұрыс бағыттағы ғылыми негізі бар, дұрыс даму жолынан адастырады. Мысалы, махаббатан гөрі жыныстық қатынасты маңызды етіп көрсетеді. Ақылдық танымман (рационалный знание) гөрі сезімдік танымды көбірек дәріптейді. Еңбектенуден гөрі қызық қуып жүруге еліктіреді. Кинолары, компьютерлік ойындары арқылы адамдардың бір-біріне достығынан, мейірбандығынан гөрі дұшпандығын, қатыгездігін көп көрсетеді. Т.б.

7)      Кедейлерді қаржымен, өзге де заттай көмек беру, жұмыс беру т.б. не бір құйтырқы тәсілдермен қызықтырады.

8)      Көбінде жасөспірімдерді, жастарды және оқымаған азаматтарды, діни сауаты аз азаматтарды алдап-арбап, өз тұзағына түсіруге тырысады. Яғни, алдымен әлсіз, осал жақтардан пайдалануды жөн көреді.

9)      Ұлтты  зиялы қауымынан айыруға тырысады. Бір ұлтты бастысы оның зиялы қауымы, білімді азаматтары, ұлт жанды азаматтары, оқымаса да өмірден көргені көп талантты азаматтары, түрлі саладағы мамандары тәрбиелейді. Сыртқы күш оларды әлжуаз, қауқарсыз қуыршаққа, бірлігі жоқ, жік-жік болған әлсіз күшке айналдыруға ұмтылады. Керек болса оларды өз халқының жауы етіп көрсетуге дейін барады (қатысты мысалдарды тарихтан оқып білуге болады). Ұлт зиялылары мен қалың халық арасындағы алтын көпірді жауып тастайды немесе талқандайды. Нәтижесінде ұлт зиялылары өз халқын тәрбиелеу тарихи ұлы әрі даңықты міндетін орындай алмайтындай халге түседі. Олардың (халық пен зиялылар) арасындағы байланыс үзіледі. Әркім өз бет-бетнше күн көрумен шектеледі. Ары қарай ұлтын тәрбиелеу биліктің қолына өтеді (мысалы, кезіндегі коммунистік партия сиқты). Билік зор күштің иесі болғанмен, ел халқын тәрбиелеуге (оқушылар мен студенттерге арналған міндетті, стандартталған білім беруді айтып отырған жоқпын) рухани байлығы жете бермейді әрі биліктің басты міндеті (экономика, саясат, білім беру, денсаулық сақтау, т.б.) елді басқару болғандықтан, халық тәрбиеленусіз қалады. Қазақ халқы бодандықтың кесірінен мұндайды көп көрді.

Жоғарыда айтылған сыртқы күштердің сырттан ыдыратуына бір дәлел: бірінші, екіншідүние жүзілік соғыстың өткен тарихқа айналғаны белгілі. Америка, Европа, Қытай және Жапон елдерінің ғалымары мен оқымыстылары үшінші дүниежүзілік соғыс «психикалық соғыс», «ақпараттық соғыс», «ақпараттық-психологиялық соғыс» яғни рухани соғыс деп есептеп, тіпті оның теориялық негізін жасап, оның нақты нәтижесіне көз жеткізу үшін тәжірибеден өткізу ісін де қолға алып жатқандай көрінеді. Бұл түрлі соғыстың барлығы санаға әсер ету (сананы улау, дұрыс сананы басқа бағытқа бұру, бір халықтың ішіне түрлі құндылық, түрлі сенім-наным қалыптастыру т.б.) арқылы жүзеге асады. Психикалық соғыстың бір мақсаты өз мүдесіне сәтті түрде қол жеткізу үшін екінші (қарсы) жақтың қалыпты сана сезімін, сенім-нанымын, құндылықтарын өзгерту, дұрыс жолдарынан тайдыру, іштен бөліп-ыдырату арқылы өздерінің құйтырқы идеасының иіріміне батырып, соңында, өз деген мақсатына жету болып табылады.

Ішкі себептер

1)      Қазақ елін неше жүз жыл отарлаған саясаттың зардабы халқымыздың санасында әлі де сақталуы. Зардаптардың санадан толық кетпеуі. Зиялы қауымның халықтың санасын жаңартуға, «ескі, мешеу, ғылымилығы жоқ қате санадан, кейбір құлдық санадан (мақұл болғыштық, жағымпаздық, қорқақтық, ергіштік, табынушылық, жоққа сенгіштік т.б.) » сананы оятуға белсене кірісіп, қалам тербемеуі, халықты тәрбиелеу ісіне селқостық танытуы да тиімді болмауда.

2)      Адам және қоғамның дұрыс бағытта дамуының идеалық түп негізі, негізгі арқауы болған дұрыс философиялық дүние танымның, өмірге дұрыс көзқарастың, дәстүрлі дінімізге терең түсініктің қалыптасып үлгірмеуі және оған жеткізетін жол - ғылыми ойлау әдісінің, жаңаша ойлау әдісінің (бір сөзбен айтқанда, методология) жетілмеуі. Ұлт зиялыларының бір бөлімінде дұрыс дүние таным болғанымен оның жалпы қоғамдық сипат алмауы, шаң басқан кейпінде газет-журналдардың бетінде қалып қоюы. Төртінші биліктің күнделікті бағдарламаларына ілінбей қалуы, маңыздылары мемлекеттік саясат деңгейіне дейін көтерілмеуі. Нәтижесінде қарапайым халық кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін білмейді, дұрыстықты өлшейтін өлшемнің не екенін білмейді, өзінің кім боларын, қайда, қай бағытқа бара жатқанын білмейді, дамудың дұрыс бағытын айыра алмайды. Әрине мұның барлығы рухани иммунитетті әлсіретеді. Қарапайым бір мысал: Қытайда тұратын қазақтар да өзіміз сияқты қазақ, еш айырмашылығы жоқ. Мен мақтанайын немесе қытай қазақтарын ерекше етіп көрсетейін деп тұрған жоқпын (алдын ала кешірім сұраймын, мен үшін әлемдегі қазақтың бәрі бірдей, бәрінде сүйемін. Қатар өмір сүріп жатқан өзге ұлттарға да зор құметпен қараймын), Бірақ менің өз білуімде олар ешқашан «сектаға» кірмейді, Будданың «шыны мүсініне» барып табынатын біреуі жоқ. Ешқашан «қайыршы» болып көшеде отырмады, ешқашан қоқыс теретін «кезбеге» (бомыжға) айналмайды, ұрлыққа да өте сирек барады, мардымсыз аз-тола ақша үшін екінші біреуді ешқашан қатыгездікпен өлтірмейді, бой жетпеген қыздарды, сәби қыздарды жыныстық нәпсісі үшін ешқашан зорламайды. Барлығы да өте ұлт жанды болып келді. т.б. әзір бір бөлім жастары тілден айырылып бара жатса да жақын жылдарға дейін «дінін, тілін, ұлттық дәстүрлерін» жақсы сақтап келді. Жақын жылдарға дейін өзге ұлттармен әсіресе қытаймен үйленбей келді. Сенбесеңіз Қазақстан аумағында жүрген кез-келген қытайдан келген оралманнан сұрап көріңіз. Олардың осы тектес жағымды, жақсы қасиетті бойына қалыптастыруына, тәрбие арқылы санасына сіңген «рухани иммунитеті» маңызды рол ойнауда.

3)      Елдің экономикалық, саяси, әсіресе рухани дамуының ғылыми теориялық негіздерінің (фундаментінің) қалыптаспауы, қалыптасса да әлі бір жүйеге түсіп үлгірмеуі.

4)      Түрлі салада істеп жатқан кейбір немесе бір бөлім басшылардың немқұрайлығы, қабілетсіздігі, жалқаулығы. Нәтижесінде, иммунитетті әлсірететін сыртқы себептерге (күштерге) дер кезінде қарсы шара қолдана білмеуі, білсе де қандай тиімді шара қолдануын біле алмауы.

5)      Қалың қара халық үшін алып айтқанда ұлттың рухани иммунитеті тәрбие, ағарту ісі арқылы қалыптасады. Осы рухани иммунитетті көтеретін тәрбие ісінің түрлі ақпарат құралдары (мысалы, телеарналар, газеттер) арқылы жеткілікті түрде насихатталмауы.

6)      Өткен өтпелі нарықтық кезеңге және түрлі дағдарыстарға байланысты отбасы тәрбиесін әлсіретіп алуымыз.

Рухани иммунитеттің төмендеуіне қатысты  тарихи оқиғалар тізбегі

Ұлттың өсіп-өркендеуіне, дамуына зиянды, қауіпті себептердің рол ойнауына белгілі бір тарихи оқиғалар себеп болады.

Елдің іші-сыртында: бүгінгі біздің қоғам (қазақ қоғамы) халықаралық барыс-келіс көбейген, түрлі ел халықтары арасындағы қарым-қатынас жиілеген, ақпараттану (мысалы, интернет, телевизор, радио, ұялы телефон, өздерінің мүдесін күйттейтін өзге елдердің газет-журналдары, т.б.) қатты дамыған, мәдени қарым-қатынас та қауырт жиілеген, діни сенім еркіндігіне, әркім өз дінін шамасы келгенше насихаттауға мүмкіндік берілген, жаһандану әлемдік сипат алған заманда өмір сүріп жатыр. Мұндай жағдайда шет елдің жақсы, құнды нәрселерімен қоса ұлтымыз үшін зиянды, қауіпті, жат «мәдениетінің», «түрлі діндер мен дінсымақтардың», «түрлі идеалық ағымдар», «түрлі құндылықтардың», «түрлі сенім-нанымдардың» басқа да әр түрлі діні ислам ұлт азаматтарын азғындататын идеалардың кіруіне жол ашылды. Мысалы,  «день Святого Валентина - махаббат күні», «гинетика», «эротика», қыз-келіншектердің «жалаңаштанып суретке түсу», адам емдеудегі «көріпкелділік, ғарышпен байланысқа шығу, биоэнергия» соның бір айқын дәлелі. Әрине бұлар жүздің бірі ғана шығар. Осы тектес «рухани соғыстар» ары қарай әлі де жалғаса береді. Ешқашан тоқтамайды. Рухани иммунитеті әлсіз халық өзгелердің діни ұстанымен, салт-дәстүрімен, кейбір соқыр сенімдерімен ұштасқан мәдениетіне ессіз түрде еліктеу, жатпиғылды дінсымақтар мен түрлі теріс бағыттағы идеологиялық ағымдарға еріп, құрған қақпанына түседі, олардың құйтырқы бизнесінің құрбанына айналады (мысалы, қаржылық ұйым, перамидалық сауда, тән саудасы т.б.).

Сондықтан, отсыз, оқсыз, көзге көрінбейтін, санаға әсер ету арқылы көмескі түрде, толассыз түрде жүріп жатқан рухани соғыс өмірімізге араласып кеткені шындық. Мұндай үнсіз соғыстың жүріліп жатқанын көптеген дамыған ел дер мен дамушы елдер жақсы біледі. Ал біздің өзімізде мұндай соғысқа қарсы тұра алатын рухани, идеологиялық қарудың (қарсы рухани иммунитеттің) дайын болмай қалуы, яғни, иммунитетіміздің күшті болмай шығуын да мойындаған жөн. Кемшіліктерді мойындау артықшылыққа қол жеткізудің бастамасы.

Ел ішінде:

1)      философиялық дүние танымдар бойынша тәбиғат, қоғам және рухани әлемге саятын кез-келген нәрсенің (яғни заттар пен құбылыстар/вещи и явления) өзі өз ішкі қайшылықтарынан тұрады. Қайшылықтың осы екі жағы әрі бірлікте, сонымен бір уақытта бір-бірімен күресте болады. Бұл заңдылық. «Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы» деп атайды. Әдетте адамдар оны әр нәрсенің екі қыры, екі жағы болады деп айтады. Әрі осы екі қыры қатар өмір сүреді. Пайдалы болған нәрсенің міндетті түрде зиянды жағы да болады. Әлемде тек ғана пайдалы, зияны мүлдем жоқ дейтін қағида болмайды. Біз ел ішінде өзге ел, өзге ел халықтарымен достықты ғана жырлап, олардың достығының астарында біздің елдің халықтарына бағыттап отырған рухани соғыстың, сананы улайтын, сананы аздыратын қарулардың жасырын жататындығын ұмыт қалдырып қойғандаймыз. Олардың бізге пайдалы нәрселерінің кіруімен қатар зиянды нәрселерінің де қосылып кіретіндігін біле алмауымыз, білсекте, біле тұра алдын-ала сақтық шараларды күшейте алмауымыз. Нәтижеде біраз «ауруларды» жұқтырып та алды. Себебі, бізде «ауруды» жұқтыртпайтындай рухани иммунитет болмады.

2)      Тарихи себептерге (өткен бодандық өмірге, ұлтымыздың өз билігі өз қолында болмауға) байланысты біздің рухани әлемдегі рухани иммунитетке жауапты рухани мәдениетіміздің даму деңгейінің төмен болып қалуы, дамымай қалуы - иммундық жүйенің тиімді жұмыс жасай алмауына алып келуде. Бұл өз кезегінде әрине рухани иммунитеттің төмендеуіне алып келеді.

3)      Қаржы дағдарысы елді, ел халқын экономикалық дамуға, заттық байлыққа қатты мән беріп кетуге мәжбүр еттені бар. Сол себептен де шығар билік, зиялы қауым, халық рухани жақтан дамуға, әсіресе рухани иммунитетінің күшеюіне дұрыс мән бере алмай қалуы да бір себеп болуда.

4)      Адамға, адамның психологиясына, адамның рухани мәдениетіне, адамның философиялық дүние танымына, өмірге деген дұрыс көзқарасына, ұлт сапасын көтеруге қатысты ілім мен ғылмның бұрыннан дамымай кенжелеп қалуы да маңызды бір себеп болуда. Бізде (қазақстанда) мейлі кеңес одағы кезінде болсын, мейлі егемендік алған кезеңде де болсын, маман болуға мән берілгенмен, адам болудың, ақыл-парасатты, алысты көретін көреген, данышпан адам, ұлт болуға мән берілмеген. Бұған алып келген себеп - жекелеген ғылымды үйреніп білсек те оны нақтылы өмірдің, қоғамның мәселелерін шешуге қолдана алмауымыз, адамзаттың бүгінгі күнге дейін танып жеткен дұрыс философиялық дүние танымның жетістіктерін игере алмауымыз. Шетел халықтарының біздер үшін, болашақ дамуымыз үшін маңызды деп саналған мәдениетін зерттеп, жеткілікті түрде талғампаздықпен қабылдай алмауымыз, біздің шет ел халықтарының мәдениетін қабылдауымыз ән-музикаларын тыңдау, киноларын, әшекей бұйымдарын, қол өнерін көру, т.б. сияқты жеңіл-желпі нәрселер көлемінде шектеліп қалуда. Негізінде нағыз құнды нәрселер жеке адамның, ұлттың, қоғамның және мемлекеттің дамуына үлкен әсер еткен теориялық еңбектерінде, кітаптарында, профессионалды журналдарында жатады. Біз шет ел халқының осындай еңбектерін аудару, зерттеу, сараптап, сүзгіден өткізе отырып қабылдауымыз керек еді. Аспан асты елінің (Қытайдың) дамуының бір құпиясы осылай істеуінде жатыр.

5)      Арнайы теориялар айтылатын журналдар мен сайттардың болмауы, егер болса да тым аз, санаулы ғана болуы. Бұл өз кезегінде зиялылардың, білімді азаматтардың, ұлт жанды азаматтардың, мамандардың ізденіс жасау, еңбектену жолын бөгейді, тығырыққа тірейді. Олардың рухани, идеалық, дүние таным және өмірге көзқарас жақтан өсуіне кең өріс қалыптаспаған. Әлемдегі бай рухани мәдениеттің ішіндегі біз үшін де құнды, пайдалы болып есептелетін теориялық еңбектерден (шығармалардан) шеттеп қалуы (тіл білмеу себебінен).

6)      Өз еліміздегі кейбір ақпарат құралдарының бір жақтылы экономикалық, саяси түс алуы, тек жетістіктерді үгіттеу сипатында болуы (әрине оның да дұрыс жағы бар). Кейбір ақпарат құралдарының тұрмыстағы тым ұсақ мазмұндарды айналшықтай беретіндігі (мысалы, бір кемпірдің 10 түп гүл өсіргені т.б.). Тым сауық қуғыш, көңіл көтергіш болып бара жатуымыз. Нәтижесінде, халықты (ел азаматтарын) дүние танымдық, қоғамдық сана, өмірге көзқарас және идеалық жақтардан дұрыс тәрбиелеу, халық санасын ояту, сананы ғылымиландыру ісінің ақсап бара жатуы.

7)      Ал қоғам үшін алып айтқанда, қоғамда түрлі бақылау механизмдерінің толық жүйеге түспеуі және әр түрлі заңнамалық шектеулердің болмауы, кейбір заң мазмұндарының солқылдақтығы, анық болмауы және сапалы заң бола тұрса да оның орындалу механизмің толық әрекетке келе алмауы.

8)      Бір ұлт философияны, ақиқатты, объективті заңдылықтарды, қатқан қағидаларды, логикны, ғылыми ойлау, жаңаша ойлау әдістерін «методолгияны» және өзге де жекелеген ілім, білім, ғылымды адамдардың нақты өмірімен, қоғамның даму ісімен ұштастыра алмаған сайын; оларды өздерінің іс-әрекетінің теориялық, идеалық сүйеніші етпеген сайын, ұллтық құндылықтар, бір ұлтта ортақ құндылықтар, ортақ сенім қалыптаспаған сайын ұлттың рухани иммунитеті төмендей беретін болады. Енді оған Қазақ халқының көңілінің пак болуы, өзге елге (өзге ел халқына) арам ойының жоқ болуы, тым бейқам, бейбітшіл болуы, жоқ нәрсенің бәріне сенгіш, формалды еліктегіш сияқты ұлттық минталитеті біріккенде отқа май құйғандай болады. «соқыр тауыққа бәрі бидай», «аңғау елге арамза молда», надан науқасқа бәрі емші дегендей, философиялық дұрыс дүние танымның болмауы, ісінің ғылымилығы жоқ болуы, теориялық негізінің әлсіз болуы, идеалық дұрыс бағыт-бағарлардың айқындалмауы ең соңында ұлттың рухани иммунитетінің төмендеуіне тіпті ұлттың азғындап кетуіне алып келуі мүмкін.

Философиядағы заңдылықтар бойынша, ішкі себеп сол заттың (мысалы, қазақ қоғамының) өз ішінде болады. ішкі себеп әрқашан шешуші рол ойнайды. Ал сыртқы себеп (мысалы, сыртқы күш) ішкі себеп арқылы әсер етеді. Әрі міндетті түрде ішкі және сыртқы себеп екеуі де қатар әсер ету арқылы затты өзгерістерге ұшыратады, өрши келе сапа өзгерісіне алып келеді. яғни, зат дамиды немесе құрып-жоғалады деген сөз. «Таяу заманнан бергі '20 ғасырдың' ең ұлы тарихшысы» атағына ие болған Британияның әйгілі тарихшысы Арнольд Джозеф Тойнби (Arnold Joseph Toynbee) он томдық «А STUDY OF HISTORY» яғни "тарихты зерттеу" атты ұлы еңбегінде: "бір мемлекеттің тіпті бір ұлттың құрдымға кетуі, жойылуы өз ішінен басталады. Сыртқы күш құрып бітудің алдында тұрған кездегі ең соңғы соққыны береді" деп жазады.

Біздің халықтың рухани иммунитеті қалыптасқан ба?

Бір елді құрушы халық құрып-жоғалса оның елі (мемлекеті) де құрып жоғалды. Сондықтан, шынтуайтында, бір ел құрып-жоғалды деген сөздің шын мәнісі - оны құрушы халқы құрып-жоғалды деген сөз. Сол елге тән жер ешқашан жоғалмайды. Ол тек біреудің иелігінен екінші біреудің иелігіне ауысады. Ондағы түрлі байлықтар да екінші біреудің игілігіне айналады. Сондықтан, бір ел сақталып қалу үшін әуелі оның иесі болған халық сақталып қалуы, құрып-жойылып кетпеуі керек. Жер халықты сақтап, қорғап қала алмайды, халық жерді сақтап, қорғап қалады.

Қазақ халқы жерін қорғай алу үшін әуелі өзін қорғай алуға (иммунитеті әлсіз болмауға) қабілетті болу керек. өзін-өзі қорғай алмаған халық жерін, елдігін қалай қорғай алмақ. Біз өзімізді, өз халқымызды толық қорғай алдықпа? Яғни, біздің халықтың санасына рухани иммунитет қалыптасқанба? Жауап: - иммунитет бар, бірақ тым әлсіз. Толық қорғай алуға қабілетті болмай шықтық. Оған дәлел ретінде, неше ондаған, жүздеген мысалдардың ішінен бір-екі мысалды келтіре салуға болады. Мәселен, тәуелсіздік алған уақыттан басталып, бүгінгі күнге дейін қаншама жастар ұлттық дінімізге жат әр түрлі сектталарға кіріп кетті. Қаншама жастарымыз сырттан да кірген және іштен де шыққан түрлі жат пиғылдылардың қол шоқпарына айналуда. Біздің қаншама қара көз қарындастарымыз шетелдіктердің, кірмелердің етегінен ұстап шет ел асып кетуде. Түрлі алаяқтардың, аперисттердің, құйтырқы қаржылық ұйымдардың құрығына түсіп, үйінен, дүние-мүкінен айырылып далада жер сипап қалғаны қаншама. Қатыгездікті бойына жұқтырып біреуді біреу өлтіріп жатқан, әлділер әлсіздерін зорлап, қинап көндіруге мәжбүр етіп жатқан, жан түршігерлік оқиғалар да жетеді (жаңалықтардан көріп отырмыз). Ел, яғни, халқымыз үмітін артып отырған үлкенді-кішілі лауазымды тұлғалардың жемқорлықа барып жатқаны, ақшаны басып шетел асып қашып кетіп жатқаны қаншама (бұл да қоғамның ауруы). Мұндай келеңсіз құбылыстардың орын алуы, жалғаса беруі ұлтымыздың мүдесін қорғауға, елдің дамуына пайдалы деп ешқайсымызда айта алмайды. Біз өз халқымыздың салауатты жолмен дамуын толық қорғай алуға қабілетті болғанда, мұндай келеңсіз қоғамдық құбылыстар орын алмас еді. Сондықтан, бізде (біздің халықта) ұлттың рухани иммунитеті бар болғанмен тым әлсіз. Біз рухан иммунитеті әлсіз ұлтпыз. Сондықтан біздің қоғамда, жоғарыда мысал ретінде айтылып кеткендей «қоғамдық аурулар» дан бүгінде арыла алған жоқпыз.

Ұлттың рухани иммунитетінің мақсаты

Ұлт иммунитетінің соңғы мақсаты - жеке азаматтар үшін: өмірдің дұрыс жолын таңдауына, азаматтардың түрлі идеалық дерттерге шалдықпауына, оның рухани азғындамауына, теріс жолға түсіп кетпеуіне, ары қарай құрдымға кетпеуіне, былайша айтқанда ел азаматтарының сәтті түрде дамуына, азаматтардың дұрыс жолмен өмір сүру қабілетін арттыруға, адами сапасын көтеруге қажетті рухани қорғанысты жетілдіруіне тәрбие беру. Тұтас ұлт үшін алып айтқанда: ұлттың дамуына пайдалы, ылғары нәрселерді қош көруге, қабылдауға; ұлтты кері кетуге, іштен ыдыратуға итермелейтін ішкі және сыртқы кертартпа күштерді шеттетуге, бір сөбен айтқанда ұлтымызға кесірі, зияны тиетін кез-келген ішкі және сыртқы себептерге көзі қырағы, олардың зияны мен қауіп-қатерін ерте айыра танитын, әрі «дерті» ұлғаймай тұрғанда алдын ала білетін, дер кезінде оның тамырын үзе білетін, өршуіне мүмкіндік бермейтін қабілетке ие болу, яғни, өз ұлтының кемел рухани иммунитетін қалыптастыру.

Ұлттың рухани иммундық жүйесі неден құралады?

1) Сенім бірлігінен (тек дін ғана емес) және сенім объектісі дәлелденетін болуы керек.

Діни сенім жайында жоғарыда айтылды. Біз ислам дінін (сунит ағымын) ұстанған халықпыз. Дін танушы ғалымдар мен мамандар ислам діні туралы өте жақсы айта алады. Мен өзім де Алланың құлы екенімді білгеніммен, бұл жағын мен жақсы білмеймін. Меніңше, бір халық үшін діннен де басқа сенім бірлігі ауадай керек. Мысалы, ерте кезде адамдар жерді шетсіз де шексіз горизантал жазық деп есептесе, біреулер шет-шегі бар төрт бұрыш деп есептеп, солай сенді. Ғылымның дамуы жершарының домалақ шар тәрізді екенін әрі біреу ғана екендігін дәлелдеді. Осылайша адамзаттың жер туралы түсінігі бір ізге түсті, жер туралы сенім бірлігі қалыптасты әрі оны дәлелдей алды. Бүгінгі күнге дейін бір бөлім СПИД жұқтырған адамдар жазылып кететін шығармын деп есептейді. Бірақ бүгінгі медицина оны жаза алмайтындығын, мықтағанда өмірін бірнеше жылға ұзарумен ғана шектеледі. Осыны дұрыс түсінген және оның дұрыстығына сенген адам осы аурудан сақтануға, оны жұқтырып алмауға тырысады. Сол сияқты бүгінгі күнде де бір бөлім адамдар қоғамды алдыға сүйреп дамытатын қозғаушы күш «адамнан өзгеше жаралған, жаралмышы бөлек» бір тұлға деп есептеп, «жеке басқа табынуға» бой алдырады. Іс жүзінде тарихтың қозғаушы күші жеке бір адам емес, жалпы адамзаттың яғни халықтың өзі екенін біе бермейді. бұрынғы совет одағындағы «Сталинге табыну», Қытайдағы «Mao Zedongге табыну», солтүстік Кореадағы «...табыну» соның бір дәлелі. Сондықтан, қате түсінік қате сенімді қалыптастырады. Қате сенім мен соқыр сенім адам мен қоғамды алдыға қарай дамуға емес, артқа шегінуге, кері кетуге итермелейді. Сол сияқты ислам дінін дұрыс түсінбей, білмей тұрып, экстремистік ұйымның «уағызына» сенген адам таза мұсылман емес терорист болып кетуі әптен мүмкін. сондықтан сенімнің дәлелді болуы, ғылыми болуы өте маңызды. Дәлелдей алмайтын, оның ішкі мазмұнын ашып, бүге-шігесін түсіндіріп бере алмайтын, маңызына көз жетпеген нәрселерге сену ақымақтық болар еді. Дәл осы мақсатта Аллаға сиынудан басқа дұрыс білімге, ғылымға, ғылымилыққа, заңдылықтарға, ақиқатқа, қағидаларға, олардың халықтың өсіп-өркендеуіне, дамуына пайдасы мол екендігіне сенбей басқа қайда сенуге болады. Ал бұлардың барлығы немесе басым көп бөлігі дәлелді нәрселер екені бәрімізге түсінікті болса керек.

2) Өмір сүрудің және дамудың дұрыс жолынан

Бір сөзбен айтқанда халыққа дұрыс жолды, тура жолды көрсету. Бұл ретте дұрыс философиялық дүние таным (мысалы, материялистік, диалектикалық және методологиялық, т.б.), өмірге ғылыми көзқарас, ақиқат, обективті заңдылықтар (әсіресе қоғамдық заңдылықтар), қағидалар, дұрыс білім, дұрыс саналар және демократия, азаматтық қоғам құру және ары қарай дамыту жөніндегі дұрыс білімдер халыққа көбірек насиқатталуы, ұтымды тәсілдерді қолдана отырып халықты тәрбиелеу, жаппай ағарту жұмысын жүргізу керек. аталған жақтардан халықтың сауаты ашылып, өмірге дұрыс көзқарас, дұрыс, ғылыми сана қалыптаспай тұрып, жалпы халықтың кез-келген жеке бір азаматы ненің жақсы, ненің жаман, ненің дұрыс, ненің бұрыс, ненің пайдалы, ненің зиян, ненің болашағы бар, ненің болашағы жоқ екенін қалай айыра танымақ (ажырата алмақ).

3) ортақ құндылықтардан

Ұлттық құндылықтарымызды, ұлттық мәдениетімізді ары қарай дамыта беру. Бұл өз кезегінде өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтау, жақандану үрдісінде ұлтымыздың азғындамауына, іштен ыдырамауына, өзгелерге жұтылып кетпеу үшін қажет.

Бір елге, бір халыққа ғана тән жекелеген құндылықтар емес, тұтас адамзат қоғамы дамуы үшін де пайдалы ортақ құндылықтар да болады. Мысалы, дамыған немесе дамушы елдердің құнды тәжірибелерінің, теориялық еңбектерінің ішінен өз елімізге үйлесетінін ылғап (іріктеп) қабылдауға болады. Әрине бұл ештеңесін түінбей жатып өзгелерге формалды түрде еліктеу немесе көшіре салу дегенді білдірмейді. Түрлі жаратылыстық және қоғамдық ғылымдар, ілімдер мен дұрыс білімдер де адамзат үшін ортақ құндылықтарға жатады.

Осы үш жақты қатар қолға алу арқылы ұлтымыздың рухани иммундық жүйесін қалыптастыруға, жүйенің қорғаныс қызметін күшейтуге болады.

Рухани иммундық жүйенің жұмыс жасау (кейбір) механизмдері

1)  Ішкі себептер мен сыртқы күштердің «Рухани соғысы» бастысы халықпен болады. Яғни бір халықты ортақ сенім мен ортақ құндылықтардан айыру. Мақсаты бір халықты Іштен ыдырату, тоздыру, азғындату. Халық рухани соғыстың жүрілетін нағыз ортасы (күрес майданы). Сондықтан, халық, халықтың арасында бірге өмір сүріп жатқан түрлі партия уәкілдері, өзге де түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдері, кейбір оқыған азаматтар, жекелеген сала мамандары рухани күрестің ең алғашқы от ұшқындарын қоғамнан бірінші болып байқайды. Олар елдің, қоғамның бұл жөніндегі пікірін білгісі келіп, түрлі ақпарат құралдарына хабар береді.

2) Халық берген хабарламаның мекен-жайы бойынша ақпарат құралдарындағы журналистер өздерінше журналистік зерттеу жүргізіп, жаңалықтар және өзге де бағдарламалар арқылы қоғамға дабыл қағады. Осылайша, іс зиялы қауымның назарына да ілігеді. Зиялы қауымның өздері де қоғамдағы түрлі құбылыстарды назарынан тыс қалдырмай жүреді.

3)  Зиялы қауым, мүделі инистуттар мен қоғамдық ғылым акедемиялары (Академия социальных наук) рухани соғыстың қыр-сырын, бүге шігесін зерттеушісі, сараптаушысы. Олар дұрысы мен бұрысын ажыратып, халқын тәрбиелеу мақсатында, түрлі сананы улайтын «дерттің» алдын алу мақсатында зерттеулер жасайды, қалам тербейді. Зиялы қауымның дұрыс деген, ортақ ұстанымдарына негізделе отырып ақпарат құралдары халыққа тәрбиелік бағдарламалар дайындайды, халықты тәрбиелеуге ат салысады. Билік өз кезегінде зиялы қауымның, институттардың, академияның үніне назар аударып, оны өзінің іс-әрекетіне пайдаланады. Енді бір жағынан зиялы қауым жоғары да биліктің (үкімет және парламенттің) назарына ұсынады, биліктің тиісті оң шешімдер қабылдауына себепші болады.

4)  Парламент тиісті (елдің рухани иммунитетті қалыптастыруға байланысы бар) заңдар қабылдайды немесе қатысты заңдарға толықтырулар мен өзгертулер жасайды.

5)  үкімет қабылданған заң шеңберінде тиісті іш-шаралар жүргізеді.

Жалпы алғанда рухани иммунитетті күшейту - ұлт зиалылары, білімді азаматтары, ұлт жанды азаматтары, қатысты саладағы мамандар, мүделі инистуттар, қоғамдық ғылым академиялары (Қазақстанда барма, жоқпа білмедім) мен түрлі ақпарат құралдарының мақсатты түрде халықты тәрбиелеу, ағарту жұмысын жүргізу арқылы және заңның қажетті заңдық шектеулер қоюы арқылы жүзеге асады. Ал биліктің халықпен, зиялы қауыммен байланысы етене болуы, әр дайым халықпен, зиялы қауыммен санасып отыруы иммунитеттің жақсы рол атқаруында (иммунитеттің күшеюінде) маңызды рол атқарады.

Философиялық негізі

Материалистік диалектиканың ең негізгі фундаментальді заңы - қарама-қарсылықтың бірлігі мен күрес заңы деп аталатыны белгілі. Яғни, табиғат, қоғам және рухани әлемге саятын кез-келген заттар мен құбылыстардың өзі қайшылықты дене (contradiction, encompasses). Қайшылықтың екі жағы әрі бірлігін (бір-біріне сүйенеді) сақтайды, әрі бір-бірімен күреседі (бір-бірін шеттетеді, теріске шығарады). Сондықтан бұл дүниеде, бұл өмірде бірлікте бар, қайшылықта бар. Әрі екеуі әр қашан қатар өмір сүреді. Сондықтан заттардың бірлігін (өзара ынтымақтастығын) ғана көріп, оның қайшылықты жағын (бір-бірімен күресін, мысалы рухани күресін) көрмеу заңдылыққа (закономерность) қайшы шыққандық, заңдылықты құрметтемегендік, заңдылыққа сүйене отырып іс жүргізбегендік болады. Ал объективті заңдылыққа қайшы келген, заңдылыққа сүйенбеген кез-келген адам, кез-келген ұлт, қоғам ешқашан дамудың дұрыс жолын таба алмайды. Себебі дамудың өзі - заңдылық. Кім сол заңдылықты таба алса, заңдылыққа сүйене алса, сол дами алады. Сондай-ақ, дамудың қозғаушы күшін, қайнар көзін яғни «дамудың кілтін» қолына ала алмаған халық дами алады дегенге, әлемде сол халықтың өзінен басқа еш халық сене қоймас. Даму туралы «Даму философиясы» атты келесі жолы шығатын мақаланы да оқыңыз.

Құрметті оқырман қауым: адам қабілеті шекті адам болғандықтан, мақалада көптеген қателіктер мен олқылықтардың кездесуін заңды құбылыс деп түсініп, ұсыныстар мен пікірлеріңізді білдіруге тілектеспін. ҚХР келген (г.Шан хай, Фу дан Университетінің түлегі) қандас бауырыңыз Құдысұлы Кенжебек.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5291