Сенбі, 1 Тамыз 2026
Аласапыран 490 0 пікір 31 Шілде, 2026 сағат 14:13

Кремль жоспары: «Белорусь майданы» ашыла ма?

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Мәскеу Украинаға қарсы соғыстың жаңа сценарийін әзірлеп жатыр ма? Солтүстіктен, яғни Беларусь территориясынан жаңа соққы беру қаупі қаншалықты жоғары?

Беларусь оппозициясының лидері, экс-саяси тұтқын Николай Статкевич бұл жағдайға қатысты дабыл қағуда. Оның айтуынша, Кремль күздегі парламенттік сайлаудан кейін жаңа мобилизация толқынын бастап, 500 мыңнан 1 миллионға дейін жаңа сарбаз жинауды жоспарлап отыр.

Ресей мен Беларусь билігі әл-әзірден дайындықты бастап кеткен. Оған дәлел боларлық бірнеше факті де бар. Соның ең маңыздысы – шекарадағы инфрақұрылыс: Украина шекарасына жақын орналасқан Беларусь аумағында әскери инфрақұрылысты белсенді түрде салу жұмыстары жүріп жатқаны байқалады.

Салдары қандай болмақ? Егер бұл плацдарм шабуыл үшін пайдаланылса, Гомель, Брест, Мозырь және Пинск сияқты ірі қалалар соғыс өртінің ортасында қалуы мүмкін. Бұл жағдай 1654–1667 жылдардағы Мәскеу әскерінің Беларусь аумағындағы әрекеттерін еске түсіреді. Тарих қайталана ма?

«Бір отбасының «банкетті жалғастырғаны» үшін төлейтін бағасы — бүкіл мемлекеттің, ұлттың және миллиондаған беларустардың тағдыры болуы мүмкін», - дейді Статкевич.

Бұл тек саяси ойын ба, әлде аймақтық үлкен қақтығыстың жаңа кезеңі ме? Режим Мәскеудің қысымына қаншалықты төтеп бере алады?

Ресей майдандағы орасан зор шығынның орнын толтыра алмай, тығырыққа тірелді. Енді Кремльге шұғыл түрде ондаған мың дайын сарбаз қажет. Ал бұл ресурсты Мәскеу қайдан алмақ?

«Стратегия XXI» Глобалистика орталығының қауіпсіздік бағдарламаларының жетекшісі Павел Лакийчук маңызды талдау жасапты. Сарапшының айтуынша, Украина қазір жауды екі бағытта шаршату стратегиясын сәтті жүргізіп жатыр:

  • Біріншісі — ресурстан, оқ-дәріден және азық-түліктен айыру;
  • Екіншісі — тірі күшті жүйелі түрде жою.

Қазіргі уақытта Украина сарбаздары ай сайын 30-35 мың басқыншының көзін жояды. Ресейдің мобилизациялық аппараты да айына дәл осындай мөлшерде адам жинай алады. Осылайша, РФ қазір екі оттың ортасында тұр: не тек шығынның орнын жабу керек, не жаңа резерв жинау керек. Екеуін қатар атқаруға күші жетпейді.

Кремльдің «А план» және «Б план» шешімдері:

  1. Солтүстік Корея факторы: Ким Чен Ын буған дейін 10-11 мың әскер беріп, бағын сынап көрді. Енді ол Путинмен саудаласып жатыр. Келісімге келу ықтималдығы өте жоғары.
  2. Беларусь сценариі: Путинге шұғыл арада 40-60 мың дайын сарбаз керек. Лукашенко өз әскерін майданға жібергісі келмей, барынша қарсыласып бағуда. Биліктегі «басшының» еркіне қарамастан, Путин белорусь армиясын өзі тартып алуы мүмкін.

Ресей күзге қарай мобилизация жариялаған күннің өзінде, оның нәтижесі 2027 жылдың көктеміне қарай бірақ білінеді. Ал қазіргі майдандағы дефицитті жабу үшін Мәскеу көршілерін ашықтан-ашық соғысқа сүйреуге мәжбүр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар