Жұма, 29 Наурыз 2024
Құлақтың әңгімесі 11056 40 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 12:21

Жаңа Президент сарайы салынады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назабаевтың жаңа резиденциясы салынуы мүмкін, - деп жазады «saigez.kz» сайты сүйінші сұрап.

Астанада салынуы ықтимал сарайдың құрылысына «mabetex group» инжинерлік-құрылыс компаниясы жауапты екен. Компанияның ресми сайтында болашақтағы президент сарайының сұлбасы жарияланды.

Астана қаласындағы бірнеше ғимараттың құрылысымен айналысқан компанияның сайтынан көргеніміз сол. Қазіргі бұл компания Ақорда, «Астана-Опера» театры, ҚР СІМ, «Сарыарқа» велотрегін салыпты.

Алайда, жоба құрылысы қашан басталатыны әм қашан аяқталатыны туралы еш ақпарат берілмеген.

Президент резиденциясы тек – Мемлекет басшысының жатақ жайы емес, мемлекеттің қонақтарын күтуге арналған ресми сарай.

Президент Назарбаевтың Астанадағы ең бірінші резиденциясы қазір Тұңғыш Президент мұражайы болды. Одан кейін Президент Ақордаға қоныс аударды. Оның қазір тұрып жатқан үйінің жалпы аумағы (дәлірек айтсақ, сарайы) 36 720 шаршы метрді құрайды екен. Ол 2004 жылы салынған. Одан бері қарай 13 жыл өтті.

Орта Азия халықтарында Патша әм Патша сарайы деген ұғым әлі күнге сақталған. Мысалы, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан секілді мемлекеттерде күні бүгінге дейін Президентті «Елбасы», «Түркіменбасы», «Ата» деп атайды. Бұл өз кезегінде Президентке көрсетілген құрметтің ерекше түрі.

Сондықтан да, біздің геосаяси картадағы көрші-қолаңымыз сарай салудан жарысты әлдеқашан бастап кеткен.

Мысалы; Ресей Президентінің миллиондап жиған қаржысы былтыр "Панама" офшорынан бір-ақ шыққан. Ал өткен аптада ғана Ресейдің Премьер-министрі Дмитрий Медведьевті жемқор деп таныған жұрт көшеге шықты.

Ал мынау РФ президентінің сарайы:

Кезінде Еуропаның соңғы диктаторы атанған Белоруссия Президенті Александр Лукашенко жаңа сарай салып, оған Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путинді шақырған еді. Қазір Лукашенко Еуропамен тіл табысты. Ол кейінгі кездері орыспен одақтың орға жығатынын жақсы түсіне бастаған сияқты.

 

Түркіменстанның Президенті де байлығы жағынан басқалардан қалмайды.

Ал бұл Мажарстан Президентінің ресми резиденциясы.

Иран басшысы Раухани мырза сарайының салтанатымен мақтанбаса да, әлемдік саястта, әсіресе, ИШИМ мәселесінде негізгі ойыншы екені сөзсіз.

10117 Berlin, Am Kupfergraben, 6 үй. Бұл көп қабатты үйде әлемнің ең ықпалды әйел басшысы Ангела Меркель тұрады. Қарапайым ғана үй. Оның үйін бар болғаны екі полиция қызметкері күзетеді. Айлығы да асып бара жатқан жоқ.  Жылдық табысы - 290 мың еуро.

Ал әлемнің ең кедей Президенті - Уругвайда. Ол Хосе Альберто Мухика Кордано. Басында 1 гектар жері бар.  "Фольксваген Жук" дейтін мәшинесі бар.1200 доллардан сәл асатын жалақысы бар. Хосе Альберто Мухика айына 12500 доллар алады. Алғанының 90 пайызын қайырымдылыққа береді екен.

Міне, солай. Айтпақшы, бізге сарай керек. Дауласпайық.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

 

 

 

40 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610