Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Күбіртке 12907 23 пікір 2 Тамыз, 2017 сағат 07:49

Қытайлықтар қазақстандық ұлт ретінде Ассамблеяның мүшелігіне өтіп жатыр

Қытай шовинизм идеяларының таралуына саяси платформаны өзіміз жасап беріп отырмыз. Бұлай деуімізге себеп Facebook әлеуметтік желісінде «Қытайлықтар қазақстандық ұлт ретінде ҚР Халқы Ассамблеясының мүшелігіне өтіп жатыр» деген ақпарат тарап жатыр. Егер бұл ақпарат рас болса, ассамблеяға қазақстандық ұлт өкілі ретінде қытайлықтарға квота арқылы орын берілетін болса, қытай үшін «Халықтар Ассамблеясы» аясында этнос, ұлт ретінде парламентке, одан әрі ел билігіне өтулеріне мол мүмкіндік ашылады.

Қытай өкілдері өзін-өзі билеу туралы талаптарын шығара отырып –  Қазақстандық ұлт ретінде өздерін мойындатуды, ассамблея аясында қытай мүддесі тұрғысынан жер нарығы құқықтық қатынастарын қалыптастыру арқылы шаруашылық жүргізуді, аумақтық әкімшілік басқару органдарын құруды, бірте-бірте «қытай ұлтының» этникалық және географиялық аумағын заңдастыруды, өздерін мемлекеттік саяси қатынастардың бірегей субъектісі ретінде танытуды көтереді. Мемлекеттік тілдің бірі болып қытай тілі енеді. Мүшелік өз жалғасын тауып, қытайлықтар барлық облыстардағы "ассамблея" мүшеліне кіреді. Осылайша Қазақстандық деңгейде алып күшке айналады.

Біз қытай шовинизмі идеяларының таралуына саяси платформаны өзіміз жасап беріп отырмыз. Егер қытайларды Қазақстандағы диаспора ретінде мойындап, ассамблея мүшелігіне өткізетін болсақ, олардың отаршылдық ниеттерінің жандануына, Қазақстанды қытайландыруға жол ашып береміз. Тәуелсіздігіміздің түбіне жетіп тынамыз. Заңдастыру жолымен «Унитарлы мемлекетті қолдан көп ұлтты ету» - саяси қателік.

Қазақтың ұлттық мемлекетін қытайландыруды көздеген күштер бас көтеріп келе жатыр. Әлеуметтік мүдделерді ушықтыруды көздеген қытайлық қимыл-әрекеттер осылайша қолдау табатын болса, Қазақ мемлекетінің күйреуіне куә боламыз. Мұны Қытай қазақтың өз қолымен, өз заңымен жүзеге асырады. Егерде қазақ халқы өз жерінде "ЖЕТКШІ ҰЛТ" ретінде экономикалық және саяси билігі қолында бола тұрып ұлттық мемлекет құра алмайтын болса, құрдымға кетеміз. Бұған жол беруге болмайды!

Н.Қошаманұлы

Abai.kz

.

23 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963