Дүйсенбі, 21 Тамыз 2017
Анық-қанығы 3830 19 пікір 9 Тамыз, 2017 сағат 11:11

Айманға жауап

 

Айман Сағидулланың «Оқушылар қазақ тілінің орнына география пәнін оқи ма, Сағадиев мырза!» деген сын-ескертпесіне жауап

Құрметті Айман Сағидулла! Сіз сияқты мен де о баста «Жалпы білім беретін мектепке арналған «Қазақ тілі» жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламасына» қарсы шыққандардың бірі едім. Мен де бұрынғысынша қазақ тілін қазақ мектептерінде  ғылым ретінде оқытылмайтындығына түсіне алмай, дал болғанмын.   «Мәтін ретінде ғана берілсе түсінер едім» деп,  сіз айтып отырған ойды осының алдындағы «Қазақ тілі» оқулықтарында   мәтінді тәрбие әрі таным құралы ретінде пайдаланып, мәтінмен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін енгізген алғашқы авторлардың  бірі ретінде мен де «Қазақ тілі» оқулығының бұрынғысынша қала бергенін қаладым.  Даусым жеткен жерге дейін өз пікірімді айтып та көрдім. Енді ойым басқаша.

Жаңартылған білім мазмұнындағы оқу бағдарламасымен оқулық жазу үстінде жете таныстым,  қайта-қайта оқыдым, мақсаты мен міндетін түсіндім. «Қазақ тілі» бағдарламасының мазмұны енді  грамматиканы таза ғылым ретінде оқытуға арналмайды,   грамматиканы табиғат пен қоршаған ортаны тануда, күнделікті тұрмыс-тіршілікте бала бетпе-бет кездесіп қалатын табиғи құбылыстардың сырын ашуда, заттар мен құбылыстардың жай-жапсары туралы басқалармен ой бөлісуде, пікір алмасуда құрал ретінде пайдаланып, грамматикалық заңдылықтар мен формаларды дұрыс қолдана білуге үйрететінін түсіндім.

Рас, баланың тілдік дағдыларын дамытып, сауатты сөйлеуге, ойын бүкпесіз, емін- еркін жеткізуге, әдеби нормаларды сақтап айту мен жазуға төселдіру оңай шаруа емес, қиынның-қиыны. Көпшіліктің алдында эфирге шығып тұрып, не айтсам екен, қалай айтсам екен деп қиналғандарды үлкендердің арасынан да кездестіріп жүрміз ғой. Оны былай қойғанда, адамдардың арасындағы реніш, тіпті жанжал да тауып айтпаудан, дұрыс сөйлемеуден, коммуникативтік дағдыларды меңгермегендіктен, өзара түсіністіктің орын алмауынан болып жатады.  Осындай жайттарға тереңдеп баратын болсақ, тілдің танымдық әрі коммуникативтік қызметін жете меңгерту білім беру ісінің абзал борышы болып табылады.

Құрметті Айман Сағидулла! Сіз бен біз бұдан былай білім мазмұны жаңартылған «Қазақ тілі» оқулығы арқылы баланың қоршаған ортаны, адам мен табиғаттың бірлігін, өмірде жиі ұшырасатын, өзіміз соның бел ортасында жүретін мәселелер мен құбылыстарды түсініп, өзара әңгіме етуге, олардың қасиеттері туралы ой бөлісуге, пікір алмасуға үйрететін боламыз. Бұл интеграцияланған білім мазмұны арқылы ғана жүзеге асады. Есіңізде болар, пәнаралық байланыс, білім мазмұнын интеграциялау деген мәселелерді бұрын да жүзеге асыруға тырыстық. Бірақ сабаққа берілген уақыттың көбі ереже жаттатып, грамматикалық тұлға-бірліктерді талдауға кететін де, диалог құрауға, әңгімелесуге, пікіралмасуға, құбылыстардың сырын ашатын сыни ойлауға уақыт жетпейтін.

Қазір оқушының өз пайымдауы, өз ойының дұрыстығын қорғап шығуы, кез келген құбылыс жайында білімін көрсете алуы маңызды. Ауа райының адам өміріне, климаттың тіршілік иелерінің тыныс-тіршілігіне тигізер әсерін сағат сайын ғана емес, минут сайын сезінеміз. Тұрғылықты жердің табиғаты, шаруаға пайдасы мен зияны, табиғат туғызған тығырықтан шығатын мәселелерді бала кезінен шешуді меңгерген бала өмірге бейімделді деген сөз. Оны өзі ғана сезіп қоймайды, басқалармен де бөліседі, ақылдасады, бірігіп шешеді. Міне, осы жерде қазақ тілінде еркін сөйлеп үйренген, сұрақты дұрыс қоя білетін, пікірлесін әңгімеге тарта алатын қабілет білім мазмұны жаңартылған «Қазақ тілі» оқулығы арқылы жүзеге асады. Сіз бен біз соның куәсі боламыз.

Ал Сіз хатыңызды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Оқулық» орталығының сайтына жалпы жұртшылық талқылауына қойылған «Қазақ тілі» оқулығының жоба нұсқасы негізінде жазған екенсіз. Оқулықтағы «Ауа райы және климаттық өзгерістер» деген 1-бөлімнің тақырыбы – «Негізгі білім беру деңгейінің 5–9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы типтік бағдарламасында» министрлік бекіткен тақырып. Оқулық жазуда авторлар одан алшақ кете алмайды. Алайда сайтқа қойылған бұл оқулық соңғы нұсқа емес еді, бұл нұсқа бұдан соң да министрліктің үш комиссиясынан, баспа мен сараптама орталығының сараптамасынан өтіп, оқулықта берілген мәтіндер мен тапсырмалар, Сіз атап өткен сұрақтар қазақ тілі грамматикасына сай қайта өңделді. Сол өңдеу барысында Сіз атап отырған «Ауа райы, климат, атмосфера», «Климат және климаттық аймақтар» деген сабақ тақырыптары «Қазақ халқының ауа райын болжауы», «Климат пен табиғат» деп өзгертіліп, жалпы таралымға жіберілді. Ал «Климаттық өзгерістер» бағдарлама тақырыбында атап көрсетілгендіктен, «Қазақстанда қандай климаттық аймақтар бар?»деген сұрақты беруге тиіспіз. Себебі, климаттық аймақтарды білмей тұрып, климаттық өзгерістер туралы сөз қозғау мүмкін емес қой. Негізінен, оқулық жазуда бағдарламада белгіленген тақырыптарды қатаң басшылыққа алу керек екенін білетін боларсыз.

Әрине, бағдарламаның жетілдірілетін тұстары әлі де бар, ол –келешектің ісі.

 Гүлбану Қосымова, филология ғылымдарының докторы, профессор, 17 жыл бойы Сізбен және оқушыларыңызбен бірге болған автор

Abai.kz 

19 пікір
Байқағыш 2017-08-14 20:23:52
Темірбек дұрыс айтасың,кәзіргі балалар сөз сөйлеу,сөз саптау білмейді,Оған кінәлі қазақ тілі мұғалімі.Қазақ тілі мұғалімінің артынан тілге қызыққан бала аз,Тұқымнан берілген бірен саран бала болмаса..Қазақ тілі,әдебиеті мен тарих пәні кеңінен оқытылуы керек.
Губа 2017-08-14 18:40:50
Грамматика грамматиканы оқыту керек... Қазіргі бала-заманауи дамыған.Ауызша сөйлеу дағдысы қалыптасқан бала..
М. Темірбек 2017-08-14 08:44:55
ҚАЗІР ОҚУШЫЛАР ДҰРЫС СӨЙЛЕУДІ, СӨЗ САПТАУДЫ БІЛМЕЙДІ. АСПАННАН БҰРЫН АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕП ҮЙРЕНІП АЛСЫН. АТМОСФЕРА ЕШҚАЙДА ҚАШПАЙДЫ
М. Темірбек 2017-08-14 08:23:47
Қазақ тілінің авторы тақырыптан алшақ кете алмаса айдаладағы атмосфераны қумай сол 7 сыныптың географиясынан неге алмаған сұрақты? Міне пәнаралық байланыс.
тәптіштеп отыруға уақытым жоқ 2017-08-11 11:10:59
: http://okulyk-edu.kz/ocenka-kz ке кіріп көрдім, Қазақша ертегілердің өзі орысшадан аударып келгендей болып тұр, бір жерінде сөйлем басында "түсінікті" деп қояды... ха ха ха... жеке апторлар шығарған оқулыққа пікір шығындап қажеті жоқ, ар жағында нәпсі, құлқын шыркіндер жылтыңдап тұрады емеспе! оқулықты жеке апторлар емес ұжым шығарғаны жөн, қоғамнан көптеген адамдар қатысуы керек.
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-10 05:09:33
Они должны были создать эту технологию буквально из ничего. Но и здесь мы видим, что использованные в этих ракетах двигатели совершенно точно поступили из России".........dw.com/ru/ракетостроитель-северная-корея-пугает-всех-советскими-ракетами/a-40027835
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-09 22:58:21
Подкомиссия, которая ведет новое расследование авиакатастрофы самолета президента Польши Леха Качиньского в небе над Смоленском в 2010 году, пришла к выводу, что разрушение крыла президентского борта имеют признаки взрыва...........http://www.polradio.pl/5/38/Artykul/320128
3 2017-08-09 22:04:50
Әжесі айтқан "бүткіл оқулықтағы тест сұрақтар ұлы жүз туралы" дегеннен шығады. ұлы жүз шамасы өз "тарихын" жазып, сарқып болған сияқты, яғни аржағында жазатын ештеңе жоқ деген сөз. өйткені ұлы орыстық шовнизмге қарсы осы "ұлы жүздік" тарихты 70 жыл пайдаланып келгеніміз жасырын емес. оның ішінде "үйсін", "қаңылы" қағанаты дегендерді осы жүз оқымыстылары айналымға шығарды. шындап келген де үйсінің -ұйғыр, қаңылың - кангюй (согды) болып шығатынын олар ойлаған да жоқ. қазақтың шын тарихымен айналысу орнына енді "тәуелсіздік" тарихын оқуымыз керек болып тұр емес пе. бұл жерде қазақты талай өткелектен өткізген ұлы жүзге тек рахмет айтар едік.
аң-таң 2017-08-09 19:02:05
Климаттың қазақ әдебиетіне не қатысы бар.?Оны география пәніне енгізсе болмай ма.? Сол атмосфераны климатты окулық бағдарламасына кіргізген автор мүмкін географияға бағдарлаған шығар, бір орыс тілді бейбақ адастырып қазақ тіліне енгізе салған шығар,соны Гулбану түзесе болар еді,
Қоқымбай 2017-08-09 18:25:53
Мен автордың орнында болсам мұндай Мәржәпияларға алтын сөзімді қор қылмаушы едім.Кез келген адам оқулықты сынардың алдында бағдарламаны жақсылап қарап шығуы керек.Автордың сөзінен ұққаным қазақ тіліне арналған оқулықтың бағдарламасында атмасфера климат деген тақырыптар болса оны қалай аттап кетеді.
әжесі 2017-08-09 17:38:48
Гүлбану өзіңнен статусы төмен екен деп Айманға тиісе кетуің жөн болмады. Айман дегенменен сұрақты дұрыс қойды.Ал қай ата- ана болса да ұрпағына жаны ашиды,.әсіресе тарих мамандары,дұрыс айтсақ доқтырлары бүткіл тарих оқуларын мейлінше әбден құртты. Қиялдағы ата бабасын тықпалап,тарихта аты аталмаған батыр кейіпкерлер пайда болды.Мамбет деген тарихшыны ғалымдар қанша сынаса да суға батпайтын екен.Бүткіл оқулықтар,тестідегі сұрақтар ұлы жүздер туралы.Бұл ұятсыздық,мемлекет тарихына қастандық..
Бізден түсінік 2017-08-09 16:53:58
Республика білім ошақтарында оқылатын оқулықтар ішінде бірінші жоғарғы мәртебе ұлт әдебиеті мен тіліне, тарихына берілуі керек. Бұлай тәжірбие, ойыншыққа айналдыруға болмайды. Ұрпақ тәрбиесіне дұрыс, оң көзбен, шын пейіл, адал ниетпен қараңыздар, Гүлбану ханым .
Қанат Атырау 2017-08-09 16:31:51
Бұлар басы орнына аяғын, ауызы орнына мұрнын көрсетеді. Біз қазақ әдебиетін, ана тілін айтып отырмыз. Ана тіліміз бен әдебиетіміздің өз мәртебесі бар емес пе ! Бұлар атмосфера, климат, аймақ дейді. Мына біреуді жаңадан қыстыра қойған. Осындайдан сақ болыңыздар.
Адам 2017-08-09 16:16:06
Гүлбану ханым! Сіз Айманның сұрағын қайта оқып көрсеңіз қайтеді? Түсінбеген жеріңіз болса сұрауыңызға болады, ұялмаңыз.
Гүлбану Қосымова ханымға ата-ана 2017-08-09 15:03:20
Бәрібір қанша мақтанғаныңызбен мектеп оқулықтарының көпшілігі жарамсыз. Немереммен бірге оқып отырып, оқулықтарды жазған ұятсыз авторларға талай рет қарғыс айтқанмын. Оқулықты, әсіресе "Қазақ тілі" мен әдебиеті, тарихына қатысты оқулықтарды ескі заманның тілін көксеушілерге жаздырмау керек. Оқулық тілі қарапайым, ұғынықты болуы керек. Бір білгіштер үшінші-төртінші кластың оқулығына Қабдеш Жұмаділов дегеннің "Тай" деген әңгімесін түгел қосып / он бір бет/ балаға оқып, түсіндіріп бер деп тапсырма береді. Ол әңгіменің тілі қытай қазақтарының бұл жақта қолданыста жоқ сөздерінен құралған. Ол оқулыққа сіздің қатысыңыз жоқ шығар, кешіріңіз. Сонда да айтуға мәжбүрміз. Нені оқытып, нені оқулыққа енгізуді білмейтін авторларды алдымен сол бастауыш класта өздерін қайта оқытып, баланың жас, тіл ерекшеліктерін ескеретін тәсілді меңгергеннен кейін ғана оқулық жаздыруға сұрыптау керек. Тарих оқулықтарының тілі де солай кедір бұдыр.
1 2017-08-09 14:14:14
Автор да, оны табан астында қолдай кеткен Қанат деген жандайшап та министрдің тапсырмасын орындаушылар.
қанат атырау 2017-08-09 14:08:09
ештеңе түсінікті емес !
Қанат 2017-08-09 11:46:54
Өте жақсы толық жауап беріліпті.Соқырға таяқ ұстатқандай екен.Бағдарлама ол бөлек жеке талқылайтын мәселе ғой.
Ерсін 2017-08-09 11:36:06
Гүлбәну сонда оқушылар география сабағында астраномияны оқи ма? Химия сабағында математика, қазақ әдебиеті сабағында орыс тілін оқитын болғаны ғой. Қазіргі білім саласы балалардың басын ашыту. Немерелерім үшін қам жеймін. Кеңес одағы кезіндегі білім жүйесі дұрыс еді. Ал кеңес халқының кедей тұруы коммунистердің құрған қоғамдық жүйесі кінәлі болды.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 3196
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 8023