Сейсенбі, 21 Мамыр 2024
Бұ не мазақ? 19106 22 пікір 18 Тамыз, 2017 сағат 11:47

Ресей саясаткері Алматыны секс-туризм орталығы етпек

Жеткен жеріміз осы болса керек, қоңшылас Ресейге танымал саясаткер Андрей Карпов дейтін біреу Алматыны секс-туризмнің орталығы етуді ұсыныпты. 

Ресейлік әм орыс тілді ақпарат құралдары сүйінші сұрағандай жарыса жазып жатыр.

Сөйткен Андрей не деді? "Алматыны секс-туризмнің орталығына айналдыруға әбден болады" деді. Ол үшін алдымен жезөкшелікті заңдастыру керектігін де айтты.

Қыз күнінен қытығын жоғалтқан сылқымдар Қазақстанда ғана емес, Әзірбайжанда да аз еместігін ескеріп, жезөкшелікті ол жақта да заңдастыруды ұсыныпты.

Карповтың сөзінше, бұл мәселе біздің елде біраздан бері ойластырылып жатқан көрінеді. Мысалы, "Комкон. Евразия-2" дейтін компания  Алматыда әлеуметтік сауалнама жүргізіпті. Нәтижесінде алматылықтардың 55%-ы қарсы болған. Өйткені бұт аңдудың арты бүлікпен аяқталады деп пікір айтқан.

Андрей Карповтың жазуынша, оған алматылық бір журналист келіп, қалаға шетелдік туристерді көптеп тартудың тағы бір жолы осы екені айтқан-мыс.

Біз не дейміз? Байбек басқаратын әйдік шаһар түнгі көбелектердің нәжісханасына айналмауы керек. Бұл талқылауға жатпайтын мәселе.

Сіз не дейсіз?

Ілияс Ақбай

Abai.kz

 

22 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2197
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2583
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2518
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1682