Дүйсенбі, 20 Қараша 2017
Не дейді?! 19823 28 пікір 24 Тамыз, 2017 сағат 13:14

«ДАИШ-тың мұнай министрінің» Бекболатпен қандай байланысы бар?

Жақында ғана ҚР Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мырзаның Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның ұлы Біләл Ердоғанмен кездескені белгілі болды. «Кездескен шығар, онда не тұр деуіңіз» әбден мүмкін. Дұрыс айтасыз. Іскерлік кездесу болған шығар-ақ. Тек оқырман, Біләл Ердоған жайлы не біледі?  оСы сұрақтың жауабына келейік.

(Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан)

Жұрт білетін Бекболат Тілеухан

Әуелі, Бекболат Қанайұлы Тілеуханға тоқталайық. Қазақ Парламентінің ең іскер депутаттарының бірі. Өнерпаз ретінде қалың қазақтың сүйіспеншілігіне бөленген Бекболат Қанайұлы Мәжіліске қатарынан бірнеше рет депутат болды. Қазір де депутат. Жер дауы, тіл мәселесінде үнсіз қалған емес. БжҒМ-ның былыққа толы реформаларын сынап, шамасы келсе, әліппені мектеп бағдарламасына қайтару мәселесіне бел шеше кіріскенін білеміз.

Мұның сыртында Бекболат Тілеухан мырза ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығын тізгіндеп отыр. Жыл сайын өтетін «Алтын Тұлпар» аламан бәйгесі де Бекболат Қанайұлының бастамасымен жүзеге асып келеді.

Айтпақшы, Бекболат мырза туралы соңғы кездері алып-қашпа әңгімелер көп айтылып жүр. Дәстүрімізге жат, дүмше діннің (кейбір БАҚ сәләфизммен байланысы бар деп айыптайды) дағуатшысы екен дегенді де жиі естиміз. Бекболат Қанайұлы бұл туралы эфирлерден сөйлеп, өзінің тура жолда екенін, айтылғандардың тек өсек екенін бірнеше мәрте мәлім етті. Бірақ, депутаттың уәжінен гөрі, жұрттың аузындағы сөз күшейіп барады.

Мұхамеджан Тазабек сүйіншілеген ақпарат

Жә, әңгіме Бекболат Тілеуханның «тура жолында» емес.

Белгілі айтыскер, кезінде елдің де, Ермановтың да сүйіктісі болған, айтыстың жаңа Сүйінбайы атанған Мұхамеджан Тазабеков. Суретті «Инстаграммға» салған осы кісі. «Асыл арнаның» директоры, дін насихатшысы т.б. Мұхамеджанның да мәзхабына қатысты мың түрлі пікірлер айтылып қалады. Әсіресе, соңғы бір-екі күннің ішінде «Фейсбукте» «Мұхамеджанды ақтау науқаны» дейтін науқан жүріп жатыр дейді жұрт.

Сол Мұхаң - Мұхамеджан Тазабек Бекболат пен Біләлдің бірге жүрген суретін жариялады.

(Мұхамеджан Тазабектің "Инстаграммда жариялаған суреті")

Е, кездескен шығар. Онда не тұр?! Біздің Бекболат Тілеуханның да, Мұхамеджан Тазабектің де жеке басында еш шаруамыз жоқ. Біз Біләл Ердоған туралы айтпақпыз.

Біләл кім? Президенттің ұлы жемқор ма?

Түркиялық БАҚ Режеп Тайып Ердоған мен оның ұлы Біләл Ердоған туралы жиі жазады. Әсіресе, Біләл Ердоғанның есім-сойы 2013 жылғы жемқорлық рейді кезінде жиі аталды.

Ол кезде премьер, қазір Түркияның президенті Тайып Ердоған: «Үлкен пара» операциясының негізгі нысаны – менмін», - деген еді. (http://www.panarmenian.net/rus/news/174445/ ).

(Әкелі-балалы Ердоғандар)

2013 жылы Анкара мен Ыстамбұлда жүргізілген операция кезінде министрлер мен үлкен лауазымды шенеуніктердің балалары бастаған 52 адам тұтқындалған. Оның ішінде Біләл да бар еді. Кейін әкесі Ердоған антикоррупциялық операцияны жүргізген 350 полицейді қызметінен қуып жіберді.

Тіпті, түркиялық БАҚ-та әкелі-балалы Ердоғандардың телефон арқылы сөйлескен жазбасы жария болды. Онда Тайып Ердоған Біләлға нұсқау беріп, үйінде тұрған 30 миллион еуроның көзін жоюды, антикоррупциялық операцияның басталғанын және бірнеше министрдің балаларының тұтқындалғанын шұғыл жеткізеді (https://lenta.ru/news/2014/04/10/erdogan/).

(Біләл мен Режеп Тайып Ердоғанның телефон арқылы сөйлескені де жария болды)

Италия Проукратурасы Біләл Едоғанға қатысты қылмыстық іс қозғаған

Британиялық «The Telegraph» ақпаратына көз жүгіртсек, Италияның Болония прокуратурасы Біләл Ердоғанның үстінен қылмыстық іс қозғап, ұрлықы ақшаны жуып-шайды деген айып таққан болатын (https://utro.ru/articles/2016/02/18/1271585.shtml).

2015 жылы Ердоған отбасымен Болонияға барыпты. Баласы Біләл «Жон Хопкинс» университетінде Халықаралық қатынастар бойынша жоғарғы диссертация қорғап,  дәреже алмаққа келген екен. Ал «РИА Новости» (https://ria.ru/world/20160218/1376817257.html) мен «КП.ру» (https://www.kp.ru/daily/26495.4/3364035/)  Ердоғанның Италияға сапарын бөлек бағалапты. Ресейік БАҚ-тың жазуынша, ақшаны заңдастыру процессін дәл осы қалада жүзеге асырған. Сондай-ақ, алда-жалда қуғындалып кетердей болып жатса, бас сауғалау үшін саяси баспана іздеп келген-міс.

Біләл Ердоған ДАИШ-тың Мұнай министрі ме?

Бейресми ортада әм шетелдік БАҚ-та Біләлді ДАИШ-тың «мұнай министрі» деп атайды. ДАИШ Қазақстанда және көптеген мемлекетте тыйым салынған радикалды, діни әм террористік қозғалыс.

(Біләл Ердоғанның ДАИШ содырларымен түскен суреті. Твиттер.)

 

Ал Президент Ердоғанның «парақор» ұлы ДАИШ содырларымен суретке түсіп, оны ашық жариялады. Сирияның жарты бөлігін басып алған содырлардың ұрлықы мұнайын Түркия билігі сатып алып отыр деген ақпарат 2015 жылы пайда болған.

Біләл Ердоғанның иелігінде «BMZ» дейтін Халықаралық транспорттық фирма бар. Міне, дәл осы фирма, ДАИШ мұнайын шетелге тасымалдаумен тікелей айналысады екен. Бұл туралы Сирияның Ақпарат министрі Омран әз-Зауби айтты (https://www.caravan.kz/news/handelsblatt-syna-ehrdogana-nazyvayut-quotneftyanym-ministrom-daishquot-360211/).

Ол ол ма, Біләлдің әпкесі Сумая ханым Сирия шекарасы маңында госпитальға қожалық етеді екен. Бұл ДАИШ содырларын емдейтін орын дейді БАҚ(http://inosmi.ru/politic/20151207/234711171.html).

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған болса, бұл ақпараттарды теріске шығарып, егер дерек дәлелденіп жатса, отставкаға кетуге әзір екендігін жеткізді.

Не керек, түрік, орыс, неміс, британ және италиян басылымдары Президенттің ұлын «парақор», «ДАИШ Мұнайының министрі» деп атады.

Ресей мен Түркия қарым-қатынасы

Ресей мен Түркия арасындағы ұшақ дауынан кейін екі елдің баспасөзінде ақпараттық соғыс қарқын алды. Ресей ұшағын атып түсірген Түркия Қарулы күштері еді. Түркия Премьер-министрі  Ахмет Дауытұлы сөз сөйлеп, Әуе шекарасын бұзып кірген Ресей ұшағын атудағы басты себеп, Сирияның шығысындағы түркімен ауылын қорғау болғандығын ресми мәлімдеген еді.

Осыдан кейін ресейлік ақпарат құралдары зерттеу жасап, Біләлдің террористермен байланысы туралы ақпараттарды жария етті.

Сонымен, ұққанымыз – Біләл Ердоғанның теңіз жолымен де ДАИШ мұнайын тасымалдап отырғаны белгілі болды. Біләлдің қожалығында Ливандағы Бейрут пен Түркиядағы Жейхан портында жеке тұрақ бар. Сол арқылы теңізде танкерлер арқылы мұнай тасымалдап отыр деген ақпаратты «Вести» таратты (http://www.vesti.ru/doc.html?id=2691179#/video/https%3A%2F%2Fplayer.vgtrk.com%2Fiframe%2Fvideo%2Fid%2F1453249%2Fstart_zoom%2Ftrue%2FshowZoomBtn%2Ffalse%2Fsid%2Fvesti%2FisPlay%2Ftrue%2F%3Facc_video_id%3D663649).

Біләлдің содырлармен байланысы туралы ақпарат кең тараған соң, екі тарап келісімге келген болуы әбден мүмкін деген болжам да бар.

Біләл мен Бекболаттың достығы

Сөйтіп, Мұхамеджан Тазабек жариялаған суреттен не ұқтық? Біләл Ердоған арнайы шақыртумен келген. 15-тамыз күні. Шақырған – Қазақстан ұлттық спорт түрлері қауымдастығы екен. Елордадағы «жамбы атудан» Халықаралық турнирге келіпті. Мұхамеджан мырза солай деп жазды.

(Мұхамеджан Тазабектің "Инстаграммдағы жазбасы")

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан мен Біләл Ердоғанның кездесуі қаншалықты дұрыс? Немесе Мұхамеджан Тазабектің бұл суретті жариялауына не себеп болды? Бұндай сұрақ қоюымыздың себебі: Біләлдің биографиясы кісі қызығарлық емес екені анық.

Түркия Президентінің ұлы Біләл де ұлттық спорт федерациясына басшылық ететінін ескерсек, екеуара әңгіме дәл осы бағытта өрбуі мүмкін.

Біләл байдың баласы, бай бала. Ақшасы көп. Бәлкім, Бекболат Қанайұлы «Сирия мұнайының» ақшасынан спонсорлық сұраған болар...

Әрине, Ұлттық спортқа инвестиция тарту құптарлық қарекет.  Бәлкім, Бекболат Қанайұлы Біләлдің содырлармен байланысы туралы білмеуі мүмкін. Бек құрметті Бекеңнің «менеджерлері» Біләлдің ресми, бейресми өміріне анализ жасамауы да ықтимал. Жоғарыда айтқанымыздай, депутат Бекболат Тілеуханға өшттігіміз жоқ. Құрметтейміз, сыйлаймыз. Біздікі ескерту ғана.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

Автор

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Контент-редактор

Нұргелді Әбдіғаниұлы - ҚР Ақпарат саласының үздігі. Саяси шолушы.
28 пікір
Қазақ 2017-09-11 14:23:19
Бұл Гүленшілер Ердоған келген соң қорқа бастады ғой деймін. Әртүрлі жаңсақ ақпарат тарата бастады. Еркек болсаңдар бетіне барып айтпадыңдар ма Ердоған да ұлы Біләлде екі үш күн Қазақстанда жүрді ғой. Ф,Гүленді, Ердоған кішіпейілдікпен Түркияға шақырды еліңе орал деп ал Гүлен болса Американы таңдады. Сендерде жүздерің жоқ бетпе бет келуге сыртынан қораз бола бересіңдер Европа Ердоған жайлы не айтса соны дереу Қазақшаға тәржімалай жөнелесіңдер.
Бекен 2017-08-27 22:41:39
"Жел болмаса шөптің басы қимылдамайды" (Қазақ мақалы).
Жаке 2017-08-27 16:25:17
Сына автор сайкал екен, ер адамнын тарбиесин алмаган ургашы тарбиелеген бишара автор сайкалга айналган бишара обал КУДАЙ аясын.
! 2017-08-26 18:11:32
Бекболат Ағатай сізден Шет ауданы Ақсу-Аюлы көмек күтуде.,қыс болса жол жабумен ғана шектеледі..21-ғасырда поезд жүргізсін.елден кеткен атақтылар жұмыс орындарын ашуға қолдау білдірсе..котельныйды ашып энергияны дұрыстасын,жабылған кеніштерді ашсын,ауылда үй салынбағына 25жыл болды көпқабатты,жастар үйленіп бөлек шығар үй таппай жүр.осының бəрі бір елден болғасын сізге аманат.
бейтаныс 2017-08-26 09:11:05
Бекжан дұрыс айттың,мына нургелдіні таланытты жорналиспа деп жүрсем қатын өсектен аспайтын саяси шолушы ұқсайды,тілім дінім дастүрім деп жүрген азаматты жамандағанда не тапақсың,алде көкең орыспеді?
Алтай 2017-08-26 00:03:09
Уахаббиттер Нұргелдіні пісіріп жегілері кеп отырған шығар. Нұргелдіге Алла жар болсын, қолдаушылары мол болсын!
Алтай 2017-08-26 00:03:08
Уахаббиттер Нұргелдіні пісіріп жегілері кеп отырған шығар. Нұргелдіге Алла жар болсын, қолдаушылары мол болсын!
Мади 2017-08-25 21:41:33
Нұркелді саған малсың
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-25 19:02:44
До того сауатсыздык Орыстын жазгандарын терiп шыгара салу ну это пи-ц.
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-25 19:01:25
Нұргелді сиякты тагы бiр екi журналист болды Казахка жау керек емес.
Нұрлан 2017-08-25 17:15:10
Бекжан сен нағыз акымак , албастынын біреу екенсин. Әлде ДАИШке жақтасатын террористердин біреу місін? Нұргелді дұрысын жазды.
Бекжан 2017-08-25 16:59:43
Нұргелді қатын өсекті таратып отырсыің. Бұл жазып көрсетіп отырғандарың кезінде Ердоғанға қарсы Түркия халқын айдап салу үшін Әлемдік Жебрейлік топтар ұйымдастырған әрекеттер болған. Олардың арты Түркияда төңкерістері іске аспай қалғанда толық ашылды. Кәзір сен жазып отырған ақпараттар өзге ел саясаткерлерінің күлкісін келтіреді. Ол толық жалған, Ердоғанның баласын арандатқан Гюленнің тобы. Ал Гюленнің артында Әлемдік произрайлский КҮШ тұр және Америка сол себептен Гюленді қорғап отыр. Сеніде өз қазағың Бекболатқа айдап салып отырған сол Гюленнің тәрбиесі. Қожайындарың фас десе туған Отаныңдыда талқан етерсіңдер сендер. Болмаса ат спортын басқаратын Бекболат пен сол жарыс қонағы болған Ердоғанның баласының бірге түскен суреті арқылы оқырмандарды Бекболатқа айдап салмас едіің. Мұныңды қазақша айтсақ ҚАТЫНДЫҚ деу орынды. Қазақтың барлығы аңқау ақымақ деп ойлайсың ғой, болмаса осыншама өрескел жөнсіз өсек арқылы қазақ ортасына от салмиас едің.
Жер дауынан 2017-08-25 14:07:30
Осы азаматтың жасаған барлық "қылмысын" кешірсем де, оның қайқайған жер дауында бұғұп тығыларға жер таппай қалғанын xалқымыз мәңгі кішіре алмайтыны қақ.
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-25 09:52:58
Объем размещенного в офшорах капитала граждан России примерно в три раза превышает размеры валютных резервов страны, а по состоянию на 2015 год в офшоры выведены активы, равные почти 75% национального дохода России...........http://www.nber.org/papers/w23712.pdf
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-25 09:48:08
Меня беспокоит, что российское государство сделало много неправильного в отношении нашей страны. У него есть большой контроль и обширный объем информации, которая поступает в Россию от этой компании. Меня это очень беспокоит, – https://www.cbsnews.com/news/kasperksy-lab-software-suspected-ties-russian-intelligence-rob-joyce/
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-25 09:44:05
Президент айтып едi БiЗ СУДЯЛАРДЫ ТАРБИЕЛЕУМiЗ КЕРЕК деп ..... это не просто а очень просто, СУДЯЛАРДЫ, МЕНТЕРДi, ПРОКУРОРЛАРДЫ ДЕТЕКТОР ЛЖИ АРКЫЛЫ КАБЫЛДА БОЛДЫ. БОКТАН ОНАЙ ДУНИЕ .............. ендi сол дармоедтарды тарбиелеп Казах тагы 100 жыл кул болу керекпе?!...........https://www.nur.kz/kk/1598168-zhenhil-zhazamen-qutylyp-ketken-atyshuly.html
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-25 08:41:43
https://www.nur.kz/kk/1598168-zhenhil-zhazamen-qutylyp-ketken-atyshuly.html
Ертуған 2017-08-25 07:42:43
ұлы білал бұзық болса, оны қорғап, қолдап отырған әкесі Ердоған да оңған адам болмағаны ғой. ондай "жаман" адаммен елбасымыз жолықпаса жөн екен. р. әлиев бұзық болды, сондықтан ол жуысқан адамның бәрі бұзық деуге бола ма? мақаланың ойқисыны осыған келіп тұр.
Қарағандылық 2017-08-24 23:12:27
Талант болса өзінің кәсіби музыка өнерімен айналысып,қоғамда өзіне лайық ролін ойнауға тиіс.Тлеухан және иже с ним саудия шейхтарының ақшасына пісіп,тайрандап жүр.Айтпақшы,салафизмнің идеологиясы бойынша музыкамен айналасу үлкен ширк деп есептеледі
әзімбай ғали 2017-08-24 22:36:00
Талантты қудалаудан әлі қалмаппыз,әттең шіркін сіздерге 1937-1938 жылдар болса, өздерің де кетерсің онда
Қарағандылық 2017-08-24 21:48:49
Че-ге.Сопыларға,басқа да ҚР қоғамының азаматтарына мына салафизмнің өкілдерінен-Тлеухан,Тазабектен мемлекетке қарсы іс-әрекеттерінен төніп тұрған қауіпі шексіз
Че 2017-08-24 20:00:58
Сопылар арттан шам алып жүргенді қашан қоясыңдар ???
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-24 17:00:50
Великие умы обсуждают идеи; средние умы обсуждают события; мелкие умы обсуждают людей.......Элеонора Рузвельт
001 2017-08-24 16:23:36
Мына видео кімнің кім екенін нақтылап береді: https://www.youtube.com/watch?v=C9W8k5bQy2g
Анон 2017-08-24 15:39:53
Ойлагарлык нарсе екен, Бекболат мырзанын артынан ерген ангменин бекер болмаганын далелдейтндей, кайта кайта катын алып семирген шонжардын баласы
ХАЛЫҚ 2017-08-24 13:49:40
Бұл - БЕКБОЛАТ пен МҰХАМЕТЖАННЫҢ - артынан ерген жайсыз әңгімелер қашан анықталады және қашан әділетті шешімін табады ? Үкімет мұны естімей отырған жоқ қой... ендеше неге үндемейді ?.. Жауап керек...
гюленист 2017-08-24 13:43:10
Ердоган оз халкымен согысып жатыр 17 мын катын 500 бала турмеде отыр 1 жылда отыргызды ердоган Гюленнен коркып ол ен главный террор Эрдоган он диктатор
ДАНА ҚАЗАҚ 2017-08-24 13:39:16
Ердоганнын партиясы Орыспен, Европамен, Еврейлермен, Иранмен, аржагында каншер Асадпен согысуда.

Үздік материалдар

Рухани жаңғыру

Қанат Әбілқайыр. Қарыз бен Парыз

Abai.kz 10108
Қауіп еткеннен айтамын

Қазақстанда жүрген қытайлар кімге сүйенеді? 

Н.Қошаманұлы 18247