Сейсенбі, 24 Желтоқсан 2024
Осы ғой енді... 10655 17 пікір 19 Қазан, 2017 сағат 18:09

"Хан Тағындағы" тақтайшаға Қағбаның суретін ілген кім?

Көкшетаудағы Бурабайда Абылай хан отырды деп аңыздалатын "Хан тағы" деп аталатын ескерткішті бәріміз білеміз. Ондағы ақпараттық тақтайшада жазылған "Бұл жер құлшылық жасайтын, табынатын, тәуәп қылатын жер емес" деп үш тілде жазушылардың жымысқы ойы да түсінікті. Баяғы серік қосу деген сылтаумен қасиетті жерлерге қол салу ғой.

Кешегі Мағжан, Сәкендер жырға қосқан, құрметтеген тарихи орынға арабтанған ұрпағының қарым-қатынасы осы болып тұр. Қазақ ескерткішке табынбайды, құрмет көрсету арқылы тарихи жадын жаңғыртады, "рухани жаңғыру" дегеніміз сол.

Ал "Хан тағына" қызыл X белісін қойып, ешқандай қисыны болмаса да қағбаның суретін қойып, көкпен қолдау белгісін орнатуларын қалай түсінеміз? Қазақтың ескерткішіне түкіргеніміз бар, одан да Меккеге бар /табыну/ деген ойды мегзеп тұрғандай.

Әр мәдениеттің өз орыны бар. Бұл жерде қағба суреті берілетін еш реті жоқ. Шетелдіктерді қыдыртып жүрген ағамыз мағлұматтық тақтайшаның қасында қонақтардың алдында жерге кірердей қызарып ұялғанын жеткізді. Өзімізді қойшы, шетелдіктер өз тарихын табанға салған ел деп бізді мазақ етіп кететін шығар. Өз ескерткіштерімізді өзіміз қадірлемесек, өзгелер құрметтер деп қалай үміттенесіз?

Арман Әубәкір

Abai.kz

17 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1991