Жұма, 22 Қараша 2024
Әттең... 9523 48 пікір 5 Қаңтар, 2018 сағат 13:00

Ресми ақпарат. Ерлан Біләл 1.5 миллион теңге парамен ұсталды

Сонымен бүгінгі күннің басты жаңалығы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл парамен ұсталды.

Ерлан Біләл мырза 1,5 миллион теңге көлемінде пара алған көрінеді. Әуелі әлеуметтік желіде актердің парамен ұсталған кейіптегі фотосы тарады.

Кейіннен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин мәлімдеме жасап, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Біләлдің парамен ұсталғанын растады.

"Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Алматыда жаңа жыл кезінде балалар қойылым қою мақсатында театрдан орын беру үшін заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Кінәсін толық мойындауына байланысты ол қамауға алынған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Біз мәселенің анық-қанығын білмек болып, театрдың баспасөз қызметіне хабарласқан едік, тұщымды жауап ала алмадық.

Театрдың вахтасына хабарласып, баспасөз қызметіне байланыстыруды сұрап едік: "Баспасөз бөлімінен ешкім жоқ қой қазір. Театр 9-на дейін демалыста. Оның үсті қазір түстің кезі. Қазір ешкім жоқ", - деген жауап алдық.

 

Abai.kz

48 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5273