Жексенбі, 24 Қараша 2024
4844 2 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 09:11

Өзбекстан президенті шенеуніктерге тойға баруға тыйым салды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің 2 наурызда Навои облысына барған сапары кезінде «Озодлик» қызметіне президенттің аудиожазбасы келіп түсті. Онда мемлекет басшысы сенат мемлекеттік шенеуніктерге тойға баруға тыйым салатын қаулы шығарады деген.

Мирзияев бұл сөздерін Ташкентте 27 ақпанда импорт және экспортқа арналған үкіметтің видеоселекторлық жиналасында айтқан секілді.

Онда Мирзияев «мемлекеттік шенеуніктерге адал жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасағанын, енді олардың халыққа жұмыс істеу үшін қатаң талап ететінін» айтады.

«Ертең қаулы жарық көреді. Министрлерге, хоким және атқарушы билік өкілдеріне салтанатты шараларға баруға тыйым салынады. Егер шайханалардан мемлекеттік нөмірі бар көліктерді көретін болсам, оның иесін бірден жұмыстан шығарамын», – дейді Шавкат Мирзияев.

Өзбек президентінің сөздерінше, елдегі коррупцияны жою үшін даңғаза үйлену той өткізіп, мемлекеттік шенеуніктерді салтанатты шараларға қатысуға тыйым салуына тура келген.

«Бірде бір шенеунік, мені де қосқанда туған күнге, үйлену тойларына бармайды. Мұның бәрі халықтың ашуын туғызады. Салтанатты шаралар енді жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуынсыз өтеді. Премьер-министр орынбасарларымен тойға барады. Оған жиналған халық тік тұрып қызмет етеді. Тойға шашқан ақшаға кедейлерге көмек көрсетіңдер, телевизор сатып әперіңдер», – дейді Өзбекстан президенті.

Мирзияевтің сөздерінше, сенаттың жаңа қаулысына сәйкес, тойға кемінде 150 адам, таңғы палауға 200 адамнан артық шақыруға рұқсат етілмейді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5681