Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Сүйінші! 9316 40 пікір 12 Наурыз, 2018 сағат 14:00

Ұлықбек Есдәулет Жазушылар Одағының төрағасы болып сайланды

Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті XV құрылтайында белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының жаңа Төрағасы болып тағайындалды , - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Құрылтайды ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ашып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Жиында негізгі баяндама жасаған Жазушылар одағының бұрынғы төрағасы Нұрлан Оразалин қаламгерлер одағы атқарған жұмыстарға кезең-кезеңімен шолу жасап өтті.

«Қазақстан жазушылар одағы Кеңес одағы кезіндегідей идеологиялық құрал емес. Олай болуы да мүмкін емес. Біз құқықтық қоғамда өмір сүріп жатқан еркін қаламгерлердің еркін бірлестігіміз. Ондаған, жүздеген қоғамдық ұйымдар сияқты біз де қоғамдық бірлестіктердің бірі ғанамыз. Заңда көрсетілген талаптарға сай жарғымызда көрсетілген баптарға байланысты өмір сүруге міндеттіміз. Бүгінде одақтың құрамында 780-нен астам қаламгер бар. Әдебиет дейтін киелі ұйымға 84 жыл ие болған Жазушылар одағының жұмысын түгел түгендеу мүмкін емес, біз соңғы 5 жылда атқарылған жұмыстарды айтып шықтық. Ұйым одақ негізін қалаған Алаш арыстары заманында да, одан кейін Мұхтар, Ғабиттер басшылық еткен кезеңде де жойылып кетпеген. Жазушылар одағында өткен 22 жыл мен үшін үлкен мектеп болды. Барлығыңызға алғысымды айтамын. Өзіме бата берген ағаларым аруағы алдында басымды иемін. Осы мінбеден барлығыңызға ризашылығымды айта отырып, төрағалыққа сайлауға түспейтінімді жеткізгім келеді. Енді жаңадан сайланатын бауырларымызға сәттілік тілеймін. Әдебиетіміз мәңгі болсын!», - деді Нұрлан Оразалин.

Ал, Жазушылыр одағының жаңа басшысы Ұлықбек Есдәулет болашақта "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жаңа серпінмен жұмыс жасайтынын мәлімдеді. Одақ төрағасының орынбасарлығына Мереке Құлкенов, Бауыржан Жақып, Бақыт Беделхан, Ақберен Елгезек  секілді елге белгілі қаламгерлерді ұсынды.

Біз Жазушылар одағының жаңа құрамын құттықтап, істеріне сәттілік тілейміз!

Abai.kz

 

40 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1972