Жұма, 29 Наурыз 2024
Саясат 5222 8 пікір 16 Мамыр, 2019 сағат 11:11

ЕҚЫҰ/АҚДИБ Қазақстан президенттігінен үміткерлермен кездесуге ниетті

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Адам құқықтары және демократиялық институттар бюросы (АҚДИБ) миссиясының басшысы Қазақстан президенттігінен үміткерлермен кездесуге ниетті. Осылай деп Уршула Гацек сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловпен кездесу барысында айтты.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Уршула Гацек өзі басқаратын миссия (құрамында 22 ұзақмерзімді бақылаушы және 300 қысқамерзімді бақылаушы бар) сайлау процесін ауқымды қадағалауына мүмкіндік алатынына үміт білдірді.

Қазір елдің сыртқы істер министрлігі Қазақстанда 9 маусымда өтетін президент сайлауын бақылайтын халықаралық ұйымдармен белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын жеткізді. «ЕҚЫҰ-дан басқа Қазақстанда ТМД, ШЫҰ, ТүрікПА секілді т.б. ұйымдардың бақылау миссиясы келеді»,- деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

ЕҚЫҰ/АҚДИБ бақылаушылары Қазақстанда президент сайлауы аяқталғанға дейін болып, аралық және қорытынды есеп жасайды.

Қазақстанда мерзімінен бұрын президент сайлауы 9 маусымда өтеді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1569
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2264
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3553