Интернетте сатуға болмайтын тауарлар тізімі бекітілді
Қазақстанда электронды сауда алаңдарында сатуға тыйым салынған және шектеу қойылған тауарлардың тізімі бекітілді.
Тізімге қару-жарақтың жекелеген түрлері, темекі және темекі өнімдері, этил спирті мен алкоголь өнімдері, дәрілік заттар, медициналық бұйымдар және заңнамада айналымына шектеу қойылған өзге де тауарлар енгізілген.
Айта кету керек, тізбе ақпараттық-анықтамалық сипатта болады және Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы талаптарын жүйелеп, олардың қолжетімділігі мен қолдануға ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі электрондық сауда саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган. Ал құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес құзыретіне жатқызылған мемлекеттік орган арқылы жүзеге асырылады.
Ведомоство заңнамаға мүдделі мемлекеттік органдардан тиісті ақпараттың түсуіне қарай тізбені тұрақты негізде жаңартып отырады.
Abai.kz