Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Тарих 14773 1 пікір 12 Қараша, 2014 сағат 12:30

ҮЙСІН РУ АТЫ ЕМЕС, МЕМЛЕКЕТ АТЫ

Бисмилләһир Рахмәнир Рахим

Мемлекеттің жасын білегілеуде асығыстық жасамайық...

 

Үйсін ру аты емес, мемлекет аты. Біздің тарихта болған ол мемлекетіміз жәйлі жазба дерек мол. Сондықтан қазақ мемлекеттігін Үйсін мемлекеті дәуірінен бастаған жөн! Сонда қазіргі мемлекеттігіміздің тарихы жағынан да, жасы (уақыты) жағынан да ұтылмаймыз.

Негізінде мемлекеттілікті Сақ дәуірінен бастауға да болады. Дегенмен Сақ дәуірі сәл жалпыламаланып кетеді... Ол жеке бізден гөрі күллі түрік әулеттеріне тәнірек. Ал Үйсін мемлекеті болса, ол тура біздің халықтың төл мемлекеті. Сондықтан Үйсін мемлекетінің біз үшін негізі өте күшті. Сондай-ақ ол жәйлі деректер теңіз. Оның тарихтағы мемлекеттік ұстыны да тым айқын!

 

Жатпасын десең тағы «мұзың күйіп»,

Тартпасын десең ұл мен қызың күйік,

Беу, халқым, сақта елдік анығыңды,

Жатпасаң жүз-жүз болып жүзің күйіп!...

 

Тағы бір маңызды ескерту:

Осыдан сәл ғана жыл бұрын мына бүйіріміздегі Қырғыз ағайынның: "Үйсін мемлекеті біздің мемлекетіміз болатын" дегенін, содан біздің Нәбижан Мұқаметжан ағамыз бастаған тарихшылар барып, ол біздің тарихи мемлекетіміз екенін дәлілдеп жатып әрең алып қалғанын жадымызда ұстағанымыз жөн. Күні ертең ондай тарихта ешкімге керегі жоқ мемлекетке ие болғысы келетіндер табылады, ағайын! (Ол бізге керек болмағанмен, біз тектілердің кейінгіге сөзсіз керек болары даусыз...)

Қымыздан айырылуға болатын шығар, ал, бірақ, мемлекеттен айырылуға болмайды ғой, құрметті жақсылар...

Рулық емес, ұлттық биік көңілмен қарап, талқылап көріңіздер, қане!

 

Құл-Керім Елемес

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1519
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5897