Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 7721 74 пікір 7 Қараша, 2019 сағат 13:13

Имамдардың кісі өлгенде "лекция" оқуы жаппай тенденцияға айналып кетті

Ана жылы Шыңғыстауда, өзім қатты сыйлайтын жездем қайтыс болды. Әдеттегідей, жаназа алдында - молда "лекциясы". Ол "лекциясы" "Қатындар былай тұрыңдар!.." дегеннен басталды. Оған шыдадым. Жер басына барып қайттық. Сонсоң, ас алдында әлгі молда дәмхананың сахнасына шығып алып, тағы да "лекциясын" бастады. Тіпті ұзап барады. Жұрттың бәрі бас изесіп әлек.

Мен со жолы молданың мазағына шыдай алмадым. Өйткені бет-жүзінде уайым-қайғының еш нышаны жоқ. Семірген. Елдің бәрін ақымақ санайтын пиғыл көзінен жылт-жылт етеді. Бейне бір, о Дүниеге өзі барып келгендей, құдайдан сәлем алғандай, өз сөзіне өзі удай мас. Шыдай алмадым да:

-Айналайын, уағызыңды мешітіңде жүргіз. Біз қазір ардақты адамымыздан айырылып, қайғыдан қан жұтып отырмыз. Мында көптеген ағайын қоштасу сөзін айтқалы келіп отыр. Олардың жұбату сөзін де естігіміз келеді. Соңынан басқа да шаруалары бар тірілердің. Сенің бітпейтін "шариғатыңды" қайта-қайта тыңдап отыруға уақыт жоқ. Тоқтат! - деп ақырып жібердім. Сонда, қалың қазағымның арасынан тек бір шалдың ғана қарсылық дауысын естідім. Не болар екен деп, жұрт сілейіп қалған.

Ештеңе де болған жоқ. Молда абыржып, сахнадан түсіп кетті. Ас бітті. Шығуға бет алғанымызда, тар дәлізге кептелген жұрт ішіндегі көптеген "ақсақалдар" елге білдіртпей: - Сенікі жөн болды, жөн болды - десіп, сыбырласа қолымды қысып, өтіп жатты қасымнан....

Әрине, біздің со жолғы ренішіміз нақты со молдаға ғана емес, барша имам-молдаларға деген реніш болатын. Өйткені олардың сондай сүйкімсіз-жөнсіз қаракеттері талай жылдардан бері жаппай тенденцияға айналып кетті.

Тыныштықбек Әбдікәкімұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

74 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391