Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2687 0 пікір 18 Тамыз, 2011 сағат 05:55

Жорж С.Клейсон. Байлық кілті. Бабылдық сазбітіктер (жалғасы)

БАЙЛЫҚ  КІЛТІ

ҚАБЫСҚАН  ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ

немесе

ЕЖЕЛГІ  БАБЫЛДАҒЫ  ЕҢ  БАЙ АДАМ

 

Аңыз-шыны аралас

Бабылдық сазбітіктер

Ноттингемдік университет

Ньюарк-на-Тренте

Ноттингем

21 қазан 1934ж.

Британдық ғылыми зерттеу

экспедиция жетекшісіне,

профессор Франклин Колдвеллге.

Хилла, Месопотамия.

 

 

 

 

Құрметті профессорым.

Сіздің Бабыл қирандысын соңғы қазу кезінде табылған бес сазбітік хатыңызбен бірге бір кемемен келіп жетті. Бұл жазбаларды бірнеше сағаттар бойы тәржімелей отырып, шексіз қуаныш ләззатын таттым. Хатыңызды алған бойда жауап жазуым керек еді, бірақ аударманы бітіріп, оны жауапқа қоса жіберуді шештім.

БАЙЛЫҚ  КІЛТІ

ҚАБЫСҚАН  ӘМИЯНДЫ ҚАМПАЙТУ ЖОЛЫ

немесе

ЕЖЕЛГІ  БАБЫЛДАҒЫ  ЕҢ  БАЙ АДАМ

 

Аңыз-шыны аралас

Бабылдық сазбітіктер

Ноттингемдік университет

Ньюарк-на-Тренте

Ноттингем

21 қазан 1934ж.

Британдық ғылыми зерттеу

экспедиция жетекшісіне,

профессор Франклин Колдвеллге.

Хилла, Месопотамия.

 

 

 

 

Құрметті профессорым.

Сіздің Бабыл қирандысын соңғы қазу кезінде табылған бес сазбітік хатыңызбен бірге бір кемемен келіп жетті. Бұл жазбаларды бірнеше сағаттар бойы тәржімелей отырып, шексіз қуаныш ләззатын таттым. Хатыңызды алған бойда жауап жазуым керек еді, бірақ аударманы бітіріп, оны жауапқа қоса жіберуді шештім.

Сазбітіктер Сіз жасаған шараның арқасында керемет қаптамамен бүлінбестен жетіпті. Онда жазылған хикаялары біздің зертхана қызметкерлері секілді Сізді де қайран қалдырары сөзсіз. Көпшілік жұрт сазға түскен тұманды өткен шағымызды «араптық түндер» секілді аңғал сезім мен қым-қуыт хикаядан тұрар деп күткені рас. Алайда, оның орнына, Табасар есімді кісінің қарызы турасындағы мәселесін алға жайып салғанда, біз күткеніміздей емес, бұдүниеде соңғы бес мың жыл бойғы жағдай соншалықты өзгеріске ұшырамағанына көзіміз жетті.

Таң қаларлығы сол, тәлімгерлер айтатындай, бұл ежелгі жазбалар мені мықтап «баурап кетті». Университет профессоры бола жүріп, мен өзімді көптеген салалар бойынша ілімді игерген, ойшыл дарагөй(индивид) ретінде көрсетуім керек еді. Алайда, Бабыл үйіндісінің шаңы басқан әлдекім, мен бұрын естіп көрмеген, қарызды қайтаруды әмиянға сыңғырлаған бақыр толтырумен қатар атқару тәсілін ұсынады.

Ежелгі Бабыл кезіндегідей, бүгіндері бұл тәсіл дәл солайша тиімді болар ма екен? Әйелім екеуміз, барынша мүдделі өз жағдайымызды біршама түзеп алуға тәсіл етуді жоспарлап отырмыз.

Сіздің бағалы бастамаңызға тілектеспін әрі көмектесуге де әзірмін.

Шын жүректен,

Альфред Шрузбери.

Археология бөлімшесі.

№ 1  Сазбітік

 

Қазыр, толған ай кезі, мен жуырда ғана Бағдаттағы құлдықтан оралған, Табасар, аса көп қарызымды өтеу және ауқатты адам болу үшін туған Бабыл атты қаламда абыройлы ғұмыр кешу жолында, менің іс әрекетіме және мәнді мақсаттарымның орындалуына оңды әсері болу үшін, осы сазпараққа өз ісімнің жайын жазып отырмын.

Қайырымды досым, молайтушы Матонның даналық кеңесі бойынша, өзімді орасан көп қарыздан ауқатты тірлік деңгейіне шығаратын әрі абыройлы адамдардың құрметіне бөленуге жол ашатын нақты жоспарға сүйенуге бет бұрдым. Бұл жоспар өзім ұстанатын әрі нәтижесіне үміттенетін үш мақсаттан тұрады.

Біріншіден, жоспар менің болашақ игілігіме негіз қалайды. Ол үшін әр табысымның оннан бір бөлігін жинаймын әрі оны сақтаймын.Кемеңгер Матон маған былай деген: «Жұмсамастан, әмиянына алтын мен күмісті сақтайтын адам, әулетіне игілік жасақтайды және патшаға адал қызмет етеді.

Әмиянында санаулы ғана жез бақыры бар адам, өз әулетіне де, патшаға да енжар қарайды.

Әмияны бос адам, зұлым жүрегімен өз әулетіне зиян келтіреді, ал патшаны сатып кетеді.

Сондықтан да, бірдеңеге қол жеткізуге ниеті бар адам, әмиянында - сыңғырлаған бақыры, ал жүрегінде - әулетіне деген іңкәрлік пен патшаға деген адалдығы болуы керек».

Екіншіден, жоспар маған төркінінен оралған адал жарымды қолдауға және лайықты киіндіруге нұсқау етеді. Әйтпесе, Матонның айтқаны бар: адал әйелге лайық қамқорлық еркектің жүрегінде өзіне деген құрметін туғызып, оған қуат беріп, оның әрекетіне мақсат айқындатады.

Сондықтан да, өз табысымның оннан жеті бөлігін жанұямның қажетіне,киім-кешек пен азыққа, сондай-ақ, аз бөлігін өміріміздің ләззаты мен қуанышына жұмсаймын. Бірақ, бұл пайдалы шығындардың табыстың оннан жетіден артпайтынын мұқият қадағалаймын. Жоспардың сәттілігі де сонда болмақ. Мен бөлінген қаржыға ғана тірлік етіп, қаржы жетпейтін ешбір нәрсені сатып алмауым керек.

 

№ 2  Сазбітік

 

Үшіншіден, жоспар бойынша, табысымнан қарызды қайтарып отыруым қажет.

Сол себепті, ай толысқанда, табысымның оннан екі бөлігін маған сеніп қарыз бергендерге әділ түрде бөліп отыруым керек. Осылайша, белгілі бір уақыттан соң менің қарызымның бәрі қайтарылады.

Сол үшін, осы сазпараққа қарыз адамдарым мен оларға берешек сомаларымды жазып отырмын.

Фар тоқымашыға - 2 күміс және 6 жез бақыр,

Санжар ағаш жонушыға - 1 күміс,

Ақпар досыма - 3 күміс және 1 жез бақыр,

Заңқар досыма - 4 күміс және 7 жез бақыр,

Асқамыр досыма - 1 күміс және 3 жез бақыр,

Қарынсар зергерге - 6 күміс және 2 жез бақыр,

әкемнің досы Диарбекерге - 4 күміс және 1 жез бақыр,

үй жалдаушы Алқахатқа - 14 күміс,

Матон молайтушыға - 9 күміс,

Біретшік шаруаға - 1 күміс және 7 жез бақыр.

(Одан әрі сазбітік бүлініп, айыра оқу мүмкіндігі қалмаған.)

 

№ 3  Сазбітік

 

Бұл кісілерге,бәрін қосқанда - жүз он тоғыз күміс, жүз қырық бір жез бақыр қарызбын. Бұларды қайтару мүмкіндігім болмағандықтан, өзімнің аңғырттығымның кесірінен, әйелімді төркініне жіберіп, ал өзім туған қаламнан безіп, өгей өлкеге жеңіл байлық іздеуге аттандым, бірақ ол сапардан масқараға ұшырап, абыройымды айрандай төккен құлдыққа сатылдым.

Матон маған табыстан бөлінген ұсақ үлестермен қарызымды өтеу жолын көрсеткесін ғана, мен өз ақымақтығымнан қашып құтылуға тыраштанған ақылсыздығыма көз жеткіздім.

Сондықтан да, мен өзімнің қарызгерлерімді аралап шығып, оларға өзімнің қорымның жоқтығын және қарызды бірден өтей алмайтынымды айтып, өз табысымның оннан екі бөлігін әділ түрде бөліп отыратынымды жеткіздім. Осы ғана қолымнан келді.Сондықтан олар да, мен өзімнің міндеттемемді толық орындағанша, шыдамдылықпен күтулеріне тура келеді.

Досым санайтын Ақпар мені ауызына келген былапыт сөздермен балағаттап,дымымды қалдырмады, ал мен кірерге тесік таппастан, ұнжырғам түсіп кеттім. Біретшік шаруа өзінің аса мүдделі жағдайын айтып, бірінші есептесуімді сұрады. Үй жалдаушы Алқахат менің жоспарыммен келіспейтінін айтып, тез арада қарызды өтемесем, маған қорлық көрсететінін білдіріп, қоқан-лоққы жасады.

Қалғандары жоспарыммен қуана келісті.Сондықтан да, мен бұрынғыдан бетер қарызымды қайтаруға мүдделімін, одан бұрынғыдай қашқаннан гөрі.Тіпті, қарызгерлерімнің барлық талабын атқармағанның өзінде, оларға мен әділ түрде берешекті төлеп отырамын.

 

№ 4  Сазбітік

 

Бүгін түнгі аспанда тағы да толған ай. Мен барымды салып еңбек еттім. Әйелім қарызымнан құтылу жоспарымды барынша қолдады. Сөйтіп, ниет біріккен шешіміміз арқасында, Небатыр үшін дені сау, мықты түйелер сатып әкеліп, соңғы айда он тоғыз күміс бақыр таптым.

Оларды жоспар бойынша жіктедім. Оннан бір бөлігін өзіме деп алып қойдым, оннан жеті бөлігін әйелім екеуміз ақылдаса келе тірлік қамына жұмсайтын болдық.Оннан екі бөлікті жез бақырдың жеткенінше қарызгерлеріме әділ бөлдім.

Ақмарды кездестіре алмадым, бірақ ақшаны әйеліне қалдырып кеттім. Біретшік шаруаның риза болғаны сондай, қолымды сүюге барды.Тек қана қарт Алқахат томсырайған күйі қалған қарызды тезірек қайтаруымды қадап айтты. Оған мен аш болмасам және шығын жұмсайтын басқа жайт кезікпесе, тезірек қарыздан құтылатынымды жеткіздім. Қалғандары алғыс білдіріп, ісімнен береке табуымды тілек етті.

Жаңа ай туғанша, менің қарызымнан қалғаны төрт күміс бақырға жуықтады, бұған қоса ешкім де сұрауға қақысы жоқ менде екі күміс бақыр бар еді. Менің кеудем көп уақыт бойы басқан салмақтан арылып, еңсем көтеріле бастады.

Міне, тағы да ай толды. Мен барымды салып еңбектендім, бірақ табысым соншалықты емес. Мен аз ғана түйе сатып, бар болғаны он бір күміс бақыр таптым. Сонда да әйелім екеуміз өз уәдемізде тұрып, жаңа киім алудан бас тартып, көкөністі де азайттық.Табыстың оннан бір бөлігін бәрібір алып қойып, оннан жетіні күнделікті шығынға жеткіздік. Қарыздың аз бөлігін қайтарсам да, Ақпардың маған риза болған кейпін көріп, қайран қалдым. Біретшік те мәз болды. Алқахат болса, маған дүрсе қоя берді, бірақ мен оған алғысы келмесе, ақшаны кері қайтаруды ұсынғанда, ол тына қойды. Ал,қалғандары - әр кездегідей риза.

Бүгін де аспанда толған ай қалқып жүр. Ал мен қуаныштан ұшып жүргендеймін.Маған керемет түйелер келесін сатып алудың сәті түсіп, менің табысым қырық екі күміс бақыр болды.Бұл айда әйелім екеуміз зәру болған шапата мен киімге қол жеткіздік.Сонымен бірге бұл ай қорегімізге мал мен құс етін бұйыртты.

Сегізден аса күміс бақыр қарыз төлеуге кетті. Бұл жолы, тіпті, Алқахат та қабағын шытпады.

Жоспарымыз сондай берекелі болды, өйткені, ол біздің жанұяны қарыз зынданынан тартып шығаруда әрі қолымызға ақша қорландыруда.

Бұл сазпараққа соңғы рет жазғалы үш рет толы ай мерзімі өтті.Әрбір ай сайын мен өзіме табыстың оннан бірін қалдырып отырдым. Әр жолы әйеліміз екеумізге қандай қиын болса да,  табыстың оннан жеті бөлігі ғана жұмсалды.Және әрбір жолы мен оннан екі табысты қарызгерлерге тапсырып отырдым.

Кәзір әмиянымда жиырма бір күміс бақыр сыңғырлайды және мұның бәрі менің меншігімде.Енді мен еңсемді тіктеп жүріп, жолдастарыммен жарқын жүзбен, мақтан сезіммен кездесетін болдым.

Әйелім болса, үй тұрмысына пысық болып алды әрі сәнді киіне бастады.Онымен өзімді бақытты сезініп жүрмін.

Жоспарымыз сөз жетпестей құнды екен. Өйткені, бұрынғы құлды абыройлы жігітке айналдырған сол емес пе?

 

№ 5  Сазбітік

 

Тағы да түнгі аспанның сәнін толған ай келтірді. Соңғы жазбаны түсіргелі көп уақыт өткенін есіме алдым. Содан бері он екі ай өтіпті.Бірақ бұл жолы мен сазпараққа ештеңе жазбаймын, себебі, бүгін мен барлық қарыздан құтылдым. Бұл күні зайыбым екеуміз үлкен той жасадық, өйткені, көптен күткенімізге жеттік қой.

Қарызгерлерді соңғы рет аралап шыққалы талай жайттар болды ғой, бәрі жадыңда қалмайды.Ақпар досым өзінің дөрекі қылығы үшін менен кешірім сұрап, мені ең жақын әрі нағыз досы екенімді мойындады.

Алқахат қарт болса, сонша жаман кісі емес болып шықты, ол да маған: «Сен бір кезде әркім езгілеп, ойына келген бейне илейтін бір уыс саз болатынсың, енді сен найзаның ұшы да сызат қалдыра алмайтын кесек қолаға айналыпсың. Егер саған күміс не алтын бақыр керек болып қалса, менен кез келген уақытта келіп ала аласың» деді.

Мені құрметтейтін ол ғана емес екен. Менімен көптеген адамдар сыйласа әңгімелесетін болды. Әйелім маған қарағанда, жанары оттай жанып кетеді де, ал менің өзіме деген сенімім онан сайын арта түседі.

Бірақ мәселе менде емес, маған сәттілік әперген жоспарда ғой. Ол маған барлық қарыздан құтылуға жол ашты, ал әмияныма сыңғырлаған алтын мен күміс толтырды.Бұл жоспарды өмірден өзінің мол сыбағасын алғысы келетін әркімге де ұсынар едім. Ол бұрынғы құлға өз қарызын төлеуге мүмкіндік берсе және байлыққа қол жеткізсе, онда ол кез келгенге де басыбайлы болуға жәрдемдеседі. Алайда, мен бұл жоспарды бітірген жоқпын,өйткені, оның мені бай адамдар санатына қосарына сенем.

 

Ноттингемдік университет

Ньюарк-на-Тренте

Ноттингем

7 қараша 1936ж.

Британдық ғылыми зерттеу

экспедиция жетекшісіне,

профессор Франклин Колдвеллге.

Хилла, Месопотамия.

Құрметті профессорым.

Бабыл үйіндісін одан әрі қазу кезінде Сіз осы қаланың Табасар атты түйе саудагерінің рухымен кездессеңіз, маған бір жайға көмек етіңізші. Бірнеше мың жыл бұрын оның сазпарақтарға қалдырған хаты үшін оған біздің Англиядағы университеттің  бірнеше қызметкерлері атынан мәңгілік алғысымызды жеткізерсіз.

Менің Сізге бір жыл бұрын жазған хатым есіңізде болар, әйелім екеуміз оның сол жоспарын қолға алып, біршама қарыздан құтылып, еңсемізді түзеуді ойластырудамыз.Мен мұны достарымыздан жасырып келсем де, Сізден жасыра алмаймын әрі өзіңіз біздің қаржылық жағдайымызды білесіз ғой.

Жылдар бойы жиналған қарызымыз берекемізді кетіріп, еңсемізді көтертпей келеді.Тіпті, өзіме деген сенімім азайды, сатушылардың бірі дау шығарып, университеттен қуыламын ба деген үрей бойды билей бастады.Біз үнемдеген әр шиллиңді (шиллинг) төлесек те, жағдай жақсарар емес.Оған қоса күнделікті тірлікке де қаржы жеткізе алмай, қарызға белшемізден батудамыз.

Жағдайымызды құлдыратқан қайдағы бір қарғыс шеңберінен шыға алмай отырмыз. Онымен күрестің мәні болмауда. Арзан үй жалдауға да шамамыз жоқ, өйткені, кәзіргі қожайынға берешегімізден шыға алмаудамыз. Жағдайымызды жақсартатындай үміт отын көре алмай отырғанымыз қынжылтады.

Осы арада Сіздің танысыңыз - Бабылдағы ежелгі түйе саудагерінің өз жоспарымен жолыға кеткені. Ол біздің жанымызды қозғап, тыныш таптыратын емес, оның жүйесін қолданып көргелі тәуекел еттік. Қарызымыздың тізімін жасап, барлық қарызгерлерді аралап шықтым.

Бұрынғыдай қарыз төлеудің мүмкін еместігін жеткіздім,олар барлық есеп-қисабымды қарап, амалсыз келісті.Оларға қарыз төлеудің барынша тиімді жолы табысымның жиырма пайызын ғана пропорциональ түрде бөліп беру екенін айттым.Бұл жоспар бәрімен де екі жылдан сәл аса уақытта есептесіп болатынымды қамтиды.Бұған қоса, олардан қай  сатықты да несиеге емес, тек қана қол ма қол ақшаға ғана сатып алатын болдық.

Сатушылардың бәрі де қайырымды жандар екен. Біздің азық сатушы қартымыз ақылды кісі екен, өз ойын былай білдіргенде, өзгесі бірден ұқты: «Егер сендер бар сатықты ақшаға алатын болсаңдар әрі қарызды қоса төлеп отырсаңдар, бұл бұрынғы жағдайдан әлдеқайда артық қой.Өйткені, қарыздарың соңғы үш жылда мүлдем кемімеген».

Ақырында барлық қарызгерлермен табысымның жиырма пайызын бөліп тұрақты төлеу кезінде, олардың мені мазаламауларына жазбаша келісудің сәті түсті.

Сосын табыстың жетпіс пайызына қалай күн көруді ойластырдық.Оның үстіне, он пайызды өзімізге жинауды да қолға алдық.

Бұл шынында да, тартымды әрекет екен. Бізге есеп-қисаппен айналысу да ұнады,тіпті, жетпіс пайызбен де күн көруге болады екен.

Біз тұрғынжай жалақысын төлеуден бастап едік, қожайын бізге біршама жеңілдік жасады. Сосын жоғарғы шай сұрпынан бас тарттық та, арзан ақшаға да керемет азық алуға болатынына көз жеткіздік.

Хатқа жазуға бұл хикая сонша ұзақ, дегенмен, аталмыш жоспарды жүзеге асыру соншалықты күрделі іс емес екен.Біз оны қолға алып, өзімізге өзіміз риза болудамыз. Ісіміздің оңға басып, бізді бұрынғы қарызымыздың қыр соңымыздан қалмай, өкшелеуі де сап басылғандықтан, қандай жеңілдік тапқанымызды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Жинаққа айналдырған табысымыздың он пайызы турасында ерекше тоқталған жөн.Иә, жинағымыз біршама уақыт бойы молайды. Бірақ, алдын ала күлмей тұра тұрыңыз. Ақшаны жұмсағаннан гөрі оны жинау ләззаты керемет екен.Оны қайта-қайта санаудың өзі жан семіртер қылық!

Сыңғырлаған ақша дыбысымен жанымызды рахатқа бөлеген соң, біз оған барынша тиімді қолданым таптық.Іздеп-іздеп, бізге ай сайын сол он пайызды тауып беретін салым түріне кезіктік. Бұл жайт біздің жайма шуақ өмірге оралуымыздың сәтті мезеті болып шықты.

Салымымыз тұрақты түрде өсетінін білгендіктен, кәзір біз айтып жеткізбес қорғаныс сезімін бастан кешудеміз.Дәріс беру маусымын аяқтағанымда, біздің қолымызда ғұмырға жетерлік дөңгеленген сома құралмақ.

Мұның бәрі бұрынғы табыс мөлшерінен құралып отырған қаржы.Бұған сенуге болмас, бірақ шындығымыз - осы.Біздің қарызымыз тұрақты түрде төленуде, ал жинағымыз сонымен бірге жарыса молаюда.Оның үстіне біздің қаржылық ахуалымыз айтарлықтай өзгерді. Ақыры біз тірліктің ағынымен малтығаннан, қаражат жоспарымен өмір сүрудің арасында орасан айырма барын ұқтық.

Келесі жылы, бар қарызымыздан құтылған кезде, біздің салымымыз еселене түсіп, тіпті, саяхатқа да артылады.Біз енді бұдан былай күнделікті шығынымызды табыстың жетпіс пайызынан арттырмауды шегелеп тұрып шештік.

Бізді «жербетілік тозақтан» жоспары құтқарған ежелгі бабылдық кісіге ерекше алғысымызды білдіру ниетімізді енді түсінген боларсыз.

Ол мұның бәрін біліпті. Ол осы жайтты өзі де кешкен болды.Және де өзінің осы бір ащы тәжірибесін өзгелердің де тұтынуын қалаған екен. Сол себепті де ол ұзақ уақытын иленген сазды жазбалы параққа айналдыру машақатына жұмсапты.

Оның тағдырлас бауырларына айтары шынында да бар болып шықты,және де ол қалдырған мәліметтің маңызы сол, тіпті, бес мың жыл өткесін де, сазпараққа жазба түскен күндегідей өзекті болып қалуда.

Шын жүректен,

Сіздің - Альфред Шрузбериңіз.

Археология бөлімшесі.

Жалғасы бар

Аударған Серік Әбдірешұлы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560